- •Әлеуметтік медицинаның пәні. Қазіргі заман әлеуметтік медицинаның негізгі бөлімдері.
- •Әлеуметтік медицинаның шығу тарихы. Хх жүзжылдықтағы медицина және қоғам.
- •Клиникалық әлеуметтік медицина: әртүрліліктегі ортақтық.
- •Әлеуметтік медицинадағы эпидемиология.
- •Мәдениет пен өркениеттің денсаулық эпидемиологиясымен байланысы.
- •Денсаулық эпидемиологиясы.
- •Вируленттілік, иммунодефицит, эпидемиология және витальділік.
- •Көпшілік медицина. Әдістер.
- •Әлеуметтік медицина және миграциялық үрдістер.
- •Әлеуметтік медицина және төтенше жағдайлар.
- •Көпшілік дәрігер мен оның клиенттерінің қарым-қатынасы.
Көпшілік дәрігер мен оның клиенттерінің қарым-қатынасы.
Көпшілік дәрігер заңды және жеке тұлға ретінде
Әлемдік статистика мәліметтеріне қарағанда, еңбек өндірістігінің өсімі ең біріншіден жалақы көлеміне жұмыс перспективасы емес, еңбекшілер жұмыс істейтін жердің медициналық жағдайларына байланысты.
Қандай жұмыс кені маңызды емес, ол банктегі немесе шахтадағы болса да, бәрібір ең бастысы адам қызмет ететін жердің жағдайы. Өндірістік іс-әрекеттер аналитиктері медициналық жағдайлардың маңыздысы – сау еңбек атмосферасының факторы деп есептейді. Ол үшін жұмысшының денсаулығын сақтаумен айналысатын өндіріс дәрігерлері емес, жұмыс орнының тазалығына көңіл бөлетін гигиенисттер емес, жұмыс ұжымының қоғамдық денсаулығын және оның атмосферасын анықтайтын көпшілік дәрігерлері жауап береді.
Көпшілік дәрігердің (әлеуметтік дәрігердің де) негізгі міндеті – оның аймағында орналасқан өндіріс орындары мен ұйымдарындағы қоғамдық денсаулықтың жағдайы.
Қазіргі таңда көптеген психикалық эпидемиялар және ауру түрлері (жүрек-қан тамыр аурулары, туберкулез, СПИД және т.б.) маскаланған түрде тез таралады. Олар көп уақытқа дейін еш белгі білдірмей жүреді, білдірген уақытта емдеуге кеш болып қалатын жағдайлар да кездесіп жатады. Әсіресе, психикалық аурулар: шизефрения, эпилепсия, маниакалды-депрессивті психоз және т.б.
Психикалық эпидемиялардың құрылу механизмдері
Психикалық эпидемиялар болуы мүмкін:
спонтанды (көп адамдар үшін жайсыз әлеуметтік жағдайларда);
нақты және жеңіл мақсаттарды көздейтін жасанды шығарылған (тауарларды жарнамалау, сайлау, көпшіліктің елде қалыптасқан шынайы әлеуметтік мәселелер мен жағдайларға қайта бейімделуі, және т.б.);
маскаланған (қоғамның кейбір адамдар тобымен саяси, әлеуметтік, экономикалық, діни, идеологиялық, партиялық конфликтілері).
Осы барлық жағдайларда психикалық эпидемиялар көпшілік медицинаның пәні болып табылады.
Психикалық эпидемиялардың «механизмдері» спонтанды болуы мүмкін немесе арнайы көпшілік адамдар тобын саналы түрде басқару мақсатында жүргізілуі мүмкін. Көпшілік санасын манипуляторлары арнайы мақсатты көздейді: экономикалық, саяси, діни, идеологиялық.
Лекция 11-12 Әлеуметтік медицина. Әдістері.
Социоматрица
«Социоматрица» түсінігін әлеуметтік психология мен психотерапияға ХХ ғ. бірінші жартысында психиатр, психотерапевт және әлеуметтік психолог Якоб Леви Морено енгізді.«Ауру капиталистік қоғамды» медициналық әдістермен емдеу үшін, ол ең алғаш социология мен психотерапияны біріктіруге әрекет жасады. Қоғамдағы тұлғаның орнын білдіретін «социоматрицамен» бірге, ол «социометрия» түсінігін енгізді, ол қоғамдағы адамның орнын әлеуметтік және математикалық әдістермен зерттеуді білдіреді. Адамның қоғамдағы орнында ең басты деп (ал олардан оның денсаулығы мен бақыты, сонымен қатар қоғамның саулығы мен игілігі жатады) Морено адамдардың бір-біріне эмоционалды-еріктік өзара байланыс пен әсер етуін айтады, кіші топтардағы симпатия мен антипатиялық көзқарастар: отбасында, еңбек ұжымында, достар арасында. Осы кіші топтан, Морено бойынша, мемлекеттің немесе қоғамның үлкен жағдайы (саулығы) құрылады. Топтағы адамдардың қарым-қатынастарын өлшей отырып, алынған социограммаларды бейнелей отырып, ол психотерапиялық топтарды құрды, осы топтарға емдеу жүргізді (пациенттерге өздері таңдаған немесе ойдан шығарған спектакльдерден роль таңдау арқылы) нәтижесінде барлық емделуші катарсиске жетуі керек. Өзінің әдісің Морено «кіршіксіз және керемет, капиталистік қоғамның ауруларын емдеуші» деп санаған. «Социоматрица» түсінігінің пайда болуына дейін, дәрігерлер, әсіресе психиатрлар мен психотерапевтер, пациентпен жұмыс кезінде, оның әлеуметтік статусы(объективті анамнез делінеді) туралы ақпаратты көп жинаған, жұмыс орнынан мінездеме сұраған, туыстары мен таныстарынан да сұраған. Әлеуметтік дәрігерлер «социоматрица» түсінігін, пациенттің әлеуметтік жағдайын анықтау үшін енгізген.
Социоматрица- жеке адамға немесе кіші топтарға сараптама жасау, мінездемесін білу үшін біріктірілетін әлеуметтік, психологиялық және математикалық заңдылықтар.Бұл түсінікте басты ұғым математикалық матрица болып табылады. Матрица алгебрасының ережесі бойынша матрицамен жұмыс істеуге болады.Матрица математика мен физикада қолданылады. Психопатологиялық құбылыстардың математикалық тиімділігі болмағанын Мореноның ізбасарлары да көрсетті. Сондықтан математикалық матрица әлеуметтік психопатология үшін кеңінен қолданылған жоқ.
Статистикалық әдіс
«Статистика» термині латын сөзінен шыққан. Ол мемлекет деген ұғымды білдірген. Ең басында статистика мемлекеттік қажеттіліктер үшін керек болды. Кейіннен статистика ғылымға айналды, ол қазіргі кезде жедел дамып келе жатыр.Қазіргі кезде статистиканы адам өмірінің барлық саласына қолданады.Медицина және әлеуметтік медицина үшін маңызды әдісі- статистикалық модельдеу, ол пациеннттің жағдайын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
Статистиканы демографияда да қолданады. Мысалы «Ресейдің демографиялық тарихы» деген еңбекті алып қарасақ. Зерттеу 1927-1959жж аралығында жүргізілген. Осы жылдар арасында 4 халық санағы болған. Осы жылдар аралығында Ресей халқы 24 миллионға өсіп, 117,6 миллионды құрады. Халық санының өсуі кезеңдер бойынша әр түрлі болған. Осы уақыт аралығында демографиялық көзқарас бойынша даму болмаған. Ең басты даму тек Ресейдегі ана мен бала өлімінің азаюын айтуға болады, ал аборт табиғи тууды реттеудің басты құралы болды. Осы жылдардағы жиналған проблемалық мәселелердің үлкендігі соншалық, сол себепті Ресей халқының табиғи өсуіне әсер ететін болады.
Статистикалық ансамбль- бұқаралық дәрігер қолданатын түсінік. Мысалы бір- бірімен байланысты емес еңбек ұжымдары (іскерлік, қаржылық, жарнамалық, көліктік және т.б.,мемлекеттік және жекеменшік, отандық және шетелдік) статистикалық ансамбль болып табылады.
Статистикалық бағалау- бұл да бұқаралық дәрігерлер қолданатын түсінік. Еңбек ұжымы әлеуметтік құрылым ретінде қарастырылып, бір- біріне таныс элементтен құрылады. Еңбек ұжымының барлық параметрлері белгілі. Ол параметрлердің барлығының өзіндік қасиеттері бар. Статистикалық бағалау еңбек ұжымына бақылау жүргізілгеннен кейін беріледі.
Статистикалық жобалау және статистикалық болжам – бұл ұғымдарды да бұқаралық дәрігерлер қолданады.Бұл ұғымдар еңбек ұжымын әлеуметтік басқарудың бір түрі.
Лингвистикалық статистика- бұл түсінікті қоғамдық дәрігер кеңінен қолданады. Бұл әдіс тіл заңдылықтарын зерттейді ( сонымен қатар мимика, қозғалыс, түстер, адам қиялы, иллюзия және галлюцинация ).
АНКЕТАЛЫҚ ӘДІС
Анкета француз тілінен шыққан, ол «коллекцияның ішінде» деген мағынаны білдіреді. Бұл жаңа заманның жасаған өнімі, бұл тек қана ақпарат жинауға арналған әдіс, соның ішінде құпия ақпаратты да жинайды. Қазіргі кездегі барлық анкеталардың бағдарламасы болады.
Дәрігер өзінің пациентіне анкетаның 3 негізгі түрін толтырады:
Ауру тарихы (стационарлық емдеу үшін )
Амбулаториялық карта (клиникалық емдеу үшін)
Еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама.
Әлеуметтік дәрігер өзінің пациентіне анкета жүргізеді. Ол заңды немесе физикалық тұлға болса да. Сонымен қатар әлеуметтік дәрігерлер құпиялықты сақтайды, оларға жеке құжатсыз немесе сақтандыру куәлігінсіз қаралуға болады. Айта кетерлігі, жеке құжат та, сақтандыру куәлігі де анкета болып табылады.
Анкетаның қанша түрі және қанша типі бар екенін санап білу мүмкін емес. Анкета бұл таза түрінде ақпарат беруші.
Биографиялық әдіс
Егер клиникалық дәрігер пациенттан қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі болса, әлеуметтік дәрігердің ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі, егер әлеуметтік дәрігер пациентпен контактқа түспей жатып, өмірбаянын сұрай бастаса, онда пациент беймаза жағдайға түседі.
Биографиялық әдіс адам өмірінің кейбір параметрлеріне биологиялық параметрлердің қалай әсер ететінін зерттейді және керісінше.
Биографиялық әдіс әлеуметтік медицинада және психогенетикада оны толықтыратын екі қосымша әдіспен көршілес: популяциялық және генеалогиялық. Әлеуметтік дәрігер үшін бұл әдістер әлеуметтік зерттеудің дербес әдісі болып табылмайды.
Лекция 13-14 Психосоматиканың әлеуметтік негіздері
Қазіргі замандағы психосоматиканың кезеңі бастауын 18-19 ғғ. алады. Негізін салушы Гете болып табылады, ол морфология терминін енгізді. Адам морфологиясы – бұл ағзаның формасы және құрылымы туралы ғылым. Ол ағзадағы өзгерістерді зерттейді ( жас ерекшелік, жыныстық, территориялық, кәсіби және т.б. ).
Мінез- құлық- адамның психикалық ерекшеліктерімен байланысты. Ол жеке жүріс- тұрысты анықтайды, өмір сүру заңдылығын зерттейді. Медициналық және әлеуметтік психология тәжірибесінде «мінез- құлыққа» адамның психологиялық сапасын кіргізеді.
Психосоматикалық белсенділіктің концепциясы (Н.А.Бернштейн) физиология және психология кибернетикалық принциптер мен түсініктерді енгізумен байланысты. Бернштейн кимоциклография және циклограмметрия (адам қозғалысының графиктері мен циклдарын жасау) әдістерін қолданды.
Адам морфологиясы.
Адамның психосоматикасы әлеуметтік факторлармен анықталады және дәл солар адамның психосоматикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Адам ағзасының бірнеше психосоматикалық зоналары болады( бас, мойын, дене, аяғы мен қолы). Адам денесінің өсуі ауысу заңдылығына бағынады(балалық шақ, жастық шақ, ересектік).Соңғысында адамның психосоматикалық эволюциясы аяқталады.
Тері морфологиясы. Адам эндокринологиясы (жынысы мен мінезі).
Морфологиялық типтер: астеникалық тип, психастеникалық тип, истерикалық тип, циклотимикалық тип, эпитиптік тип, паранойялық тип, аффектті- тұрақсыз тип, мазасыз тип, шизоидты тип, диспластикалық тип.
Адам биотипологиясының психосоматикалық түрлері: интроверсия, экстроверсия, конверсия, трансверсия, перверсия.
Психосоматикалық мәселелердің қазіргі замандағы интерпретациялар: психоаналитикалық моделі; гуманистикалық моделі; адамды зерттеудің клиникалық моделі; психофармакологиялық моделі.
Лекция 15. Психотерапияның әлеуметтік негіздері.
Психотерапияның әдістері:
Гипноз және оның деңгейлері: ұйқы, гипотаксия және сомнабулизм.
Гипноздағы суггестия, психотератиялық сендіру, музыкатерапиялық сендіру, топтық немесе ұжымдық психотерапия кезіндегі сендіру(ойын барысында, отбасылық), бұқаралық психотерапиялық сендіру(БАҚ арқылы).
Эмоционалды- стрестік психотерапия
Психоортопедия- бұл пациентке барлық психотерапевтикалық әдістерді қолдану. Мақсаты тұлға құрылымын өзгерту, дамыту.
Психоанализ(пансексуализм приципі, конфликт принципі)
Экзистенциалды анализ
Э.Блейердің «еркін ассоциациялар» әдістемесі. Жак Лаканның «Мебиус Лентасы».
Жеке, топтық, ұжымдық және бұқаралық психотерапия.
