Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
leks 1-6 техн мет.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.1.2 Қожтүзгіш материал

 Темір мен марганец кендерінің бос жынысымен және отын күлімен балқу температурасы төмен қож түзу үшін шиқіқұрамдық материалға флюс қосылады.

Кен бос жынысының негізгі құраушысы SiO2 болғандықтан, флюс ретінде негізді материал - әк тас CaCO3 (сирегірек CaCO3  MgCO3) қолданылады. Флюс құрамында зиянды элементтер (S, P) және SiO2 мөлшері төмен болғаны жөн.

1.1.3 Отын

 Домна пешінде шойын қорыту жоғары температуралық үрдіс болғандықтан, жылу көзі ретінде отын пайдаланылады.

Отын табиғи және жасанды болып бөлінсе, агрегатты күйі бойынша қатты, сұйық және газ күйінде болады. Домна үрдісінде отынның үш түрі де қолданыс тапқанымен, негізгісі қатты отын.

Қатты отынға қойылатын талаптар мыналар:

1) жылу шығарғыштығы жоғары;

2) механикалық беріктігі жоғары;

3) кеуектілігі;

4) зиянды элементтердің төмендігі;

5) күлі аз;

6) экономикалық арзандығы және т.б.

Қатты отынға қойылатын талаптардың жоғарылығынан, қазіргі кезде жасанды қатты отын кокс қолданыс тапты.

Кокстелетін тас көмірді кокс пешінде 1000-1200 0С-да ауасыз қыздыруда алынатын өнім кокс деп аталады. Кокстеу уақыты 14,5-16 сағат. Кокс құрамында 80-88  С; 8-12  күл;  2-5  ылғал; 0,7-1,2  ұшпалы зат; 0,5-1,8  S және 0,02-0,2  Р болады.

1 т шикіқұрамдық материалдан 750-800 кг кокс және 320-330 м3 кокс газы алынады. Кокс газының құрамы: 57  Н2, 20-23  СН4,  8  N2. Сонымен қатар бензол, фенол, нафталин, көмір шайыры, сульфат аммониі және т.б. алынады.

Кокстың жылу шығарғыштығы 27,2-31,4 МДж/кг, кокс газының – 17,5-18,5 МДж/м3. Кокс қымбат болғандықтан, оны басқа отын түрлерімен алмастыру шаралары қарастырылады.

Қазіргі кезде кокстің бір бөлігін табиғи газ, мазут немесе тозаң көмір суспензиясымен алмастырады.

1.1.4 Оттөзімді материал

 Минерал шикізаты негізінде жасалып, өзінің қасиетін сондайлық өзгеріссіз жоғары температурада сақтай алатын материалды оттөзімді деп атайды.

Металлургияда қолданылатын оттөзімді материалдардың негізгі міндеті: жоғары температуралы балқыма мен қож және газды ортада өзінің қасиетін сақтай отырып, ұзақ уақытқа жарамды әрі арзан болуы.

Металлургиялық зауыттарда қолданылатын техникалық жіктелім бойынша барлық оттөзімді бұйымдар үш топқа бөлінеді:

1) қышқылды;

2) негізді;

3) бейтарап.

Оттөзімділігі бойынша үш топқа бөлінеді:

1) оттөзімді (1580-1770 0С);

2) жоғары оттөзімді (1770-2000 0С);

3) өте жоғары оттөзімді (2000 0С-дан жоғары).

Оттөзімді бұйымдар пішіні мен өлшемі бойынша бөлінеді:

1) қарапайым (түзу, сыналы);

2) фасонды (қарапайым, күрделі, өте күрделі, ірі блокты);

3) арнайы.

Оттөзімді бұйымның қасиеті, оның химиялық құрамына, жасау тәсіліне және эксплуатациялық жағдайына байланысты.

Бұйымның негізгі қасиеттері:

1) оттөзімділік;

2) жүктеме әсерінен жоғары температурада деформациялану;

3) термиялық төзімділік;

4) химиялық төзімділік;

5) кеуектілік;

6) газөтімділік;

7) жылуөтімділік;

8) жылусыйымдылық;

9) механикалық беріктік және т.б.

Оттөзімді материалдар мен бұйымдар табиғи және жасанды болып бөлінеді. Металлургия өндірісінде қолданылатын оттөзімді материалдардың көпшілігі жасанды. Оларды жасаудың жалпы технологиялық сұлбасы мынадай:

1) шикізаттық материалдарды дайындау (қыздыру, ұсақтау, сұрыптау);

2) шикіқұрамды дайындау (араластыру, су қосу);

3) бұйымды қалыптау;

4) бұйымды кептіру;

5) бұйымды күйдіру.

Домна пешінің шегенін қалау үшін шамот, жоғары глиноземді кірпіш және көміртекті блоктар пайдаланылады.

Шамоттың құрамында 28-45  Al2O3, қалғаны кремнезем. Шамоттың оттөзімділігі 1580-1750 0С. Жоғары глиноземді кірпіште 45 -дан жоғары Al2O3 бар, оттөзімділігі жоғары.

Домна пешінің жоғарғы жағының қаламасы ретінде шамот қолданылса, төменгі жағын жоғары глиноземді кірпіштен қалаған жөн. Пештің түбін көміртекті блоктар мен жоғары глиноземді кірпіштен қалайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]