Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
leks 1-6 техн мет.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Диффузиялық металдау

Диффузиялық металдау процесінде болаттың беті алюминий, хром, кремний, бор, берилий т.б. элементтерімен қанықтырылады. Мұндай өңдеуден өткен болаттың отқа, қышқылға төзімділігі, коррозияға, үйкеліске беріктігі артады.

Өндірісте кеп таралған процестерге алитирлеу А1, хромдау - Сr, силицирлеу - Sі, борлау - В жатады.

Алитирлеу көбінесе ұнтақты қоспалармен жүргізіледі. Мұнда бет қабатының қалыңдығы 0,3-0,8мм тең. Өткізу уақыты 6 сағатқа дейін созылады. Алитирленген бөлшектер жоғары температурада жұмыс істейді – 11500 С дейін, өйткені оның бетінде өте берік А12О3 алюминий тотығының қабығы пайда болады.

Хромдау деп, бұйым бетін хроммен диффузиялық қанықтыруды айтамыз. Хромдаудан кейін болаттың бет қабатының қаттылығы өте жоғары (НV=1600-800), тозуға, ыстыққа төзімділігі (8000 С дейін), тот баспайтындығы артады. Хромдау 9500-1100°С температурада өткізіледі, процесс өту уақыты 8 сағатқа дейін, қалыңдығы 0,2-0,25мм тең болады.

Силицирлеу деп, бұйым бет қабатын кремниймен қанықтыруды айтады. Детальдың тозуға, ыстыққа төзімділігі, тот баспайтындығы артады. Мұнда бөлшектерді пешке салып, үстіне ферросилиций ұнтағымен жабады да 9500-10500С қыздырады, 2 сағат ұстағаннан кейін 1 мм дейін қабат жабылады.

Борлау деп, бет қабатын бормен қанықтыруды айтады. Бор бұйым бет қабатының қаттылығын НV=1800-2000 дейін, тозуға төзімділігін, тот баспайтындығын және жылуға төзімділігін қамтамасыз етеді. Бұл процесті 8500- 9500 С температурады ұнтақ қоспасында немесе сұйық ортада 2-6 сағат арасында ұстайды, бет қабатының қалыңдығы 0,15-0,35мм.

6 дәріс

Пісірудің жалпы сұрақтары. Пісіру түрлерін жіктеу

Пісіру - металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі болып табылады.

Пісіру жоғары пайдаланушылық сипатымен қоса, ңұрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын ңосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі қүрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану қүрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге әр түрлі ңалыңдьщтағы материалдар бөлшектерінің, ал осыған байланысты пісірудің қолданылатын түрлері мен әдістері де көбейді. Қазіргі кезде қалыңдығы бірнеше микрометрден (микроэлектроникада) ондаған сантиметрге дейін, тіпті метрге дейінгі (ауыр машина жасауда) бөлшектер пісіріледі. Қүрылмалық көміртекті және төменгі қоспалы болаттармен қатар, арнаулы болаттар, жеңіл қорытпалар және титан, молибден, цирконий т.б. металдар негізіндегі қорытпалар, сондай-ақ әртекті ма­териалдар пісіруге жиі қолданылады. Машина жасау, сондай-аң құрылыс жұмыстарындағы белгілі табыстар үшін біз пісіру ғылымы мен техникасына қарыздар екенімізді айтуға тиістіміз. Пісірудің дамуы тойтармалы күрылымдарды пісіруге алмастыра отырып, олардың жүмыс сыйымдылығын төмендетіп, сапасын арттыруга мүмкіндік туғызды.

Пісіру технологиясын қолдану қазандар, қүбырлар, теңіз және өзен кемелерін, мүнай аппараттарын, прокаттау стандарын, қуатты престер мен сорғылар, сонымен қатар баска да машиналар мен механизмдер жасау технологиясында түпкілікті өзгерістерге әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]