- •5B070300 – Ақпараттық жүйелер
- •Бағдарламасы
- •5B070300 – Ақпараттық жүйелер
- •Бағдарламасы
- •Мазмұны
- •Тәжірибенің мақсаты мен міндеті:
- •Өндірістік тәжірибеден өтуші студенттің міндеті:
- •Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •Күнделік жүргізу және тәжірибе нәтижесін безендіру
- •Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі беретін мінездеме
- •Тәжірибе есебін құру
- •Тәжірибе есебін қорғау және оның нәтижесінің бағасы
- •Тәжірибе қорытындысы бойынша сұрақтар
- •Тәжірибе есебі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Тәжірибенің мақсаты мен міндеті:
Тәжірибенің мақсаты жоғары оқу орнының процесінде студенттің алған теориялық білімін бекіту және тереңдету, сонымен қатар қазіргі ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру облыстарында қажетті практикалық дағдыны қалыптастыру.
Тәжірибе процесі кезінде студент игеруге міндетті:
Кәсіпорын ұйымдасуымен, оның құрылымымен, сала спецификасы мен кәсіпорынның өндірістік және басқарушылық бөлімдерінің негізгі функциясымен танысу;
Кәсіпорынның технологиялық процесімен танысу;
Ақпараттық жүйелерді жобалау бойынша методикалық материалдарды оқу;
Ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау бойынша дағдыны қалыптастыру;
Ақпараттық жүйелер жобаларын жасауға қатысу;
Ақпараттық жүйелерге жаңа технологиялар ену барысында практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру (қолданылу саласы мен облысы бойынша).
Тәжірибенің міндеттері болып табылады:
Кәсіпорынның және өндірістің ақпараттық-техникалық қызметтеріне қатысты алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан игеруге;
Ойлау мәдениетін білу, оның жалпы заңдарын білу;
Жазбаша және ауызша тілде дұрыс және логикалық түрде оның нәтижесін безендіруге қабілеттілігі;
Өндірістік қатынастар негіздері мен техникалық, қаржылық, адамдық факторлар есебінен басқару принциптерін білу;
Экономикалық ақпараттық жүйелер соңғы қолданушыларының спецификациялау дағдыларын қалыптастыру, экономикалық ақпараттық жүйелердің ақпараттық, математикалық, программалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуін жасау;
Эксперттік жүйелерді құру әдісі және эксплуатациясы;
Өндірістік тәжірибеге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Кафедрадан тағайындалған өндірістік тәжірибе жетекшілерінің міндеттері:
Тәжірибе басталмастан бұрын тәжірибенің міндеттерімен және мақсатымен таныстыру;
Күнделіктің уақытылы және дұрыс толтырылуы туралы қеңес беруді жүргізу;
Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтетін жерлерін анықтау;
Өндірістік тәжірибеден өту барысын бақылау;
Өндірістік тәжірибе бойынша есептерін қорғауға рұқсат беру;
Өндірістік тәжірибенің қорытындысы және студенттердің есеп берулерін қорғаудың қорытындысы туралы кафедраға жазбаша түрде есеп беру;
Кафедра бойынша өндірістік тәжірибе жетекшілерінің міндеттері
Өндірістік тәжірибенің жүргізілуі барысында жетекшілер:
Өндірістік тәжірибенің жүргізілуі барысында жетекшілер:
Өндірістік тәжірибенің бағдарламасына сай студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуді ұйымдастыру;
Студенттермен бірігіп, бөлімдерден және ұйымдық құрылымдардан тәжірибеден өту кестесін құру;
Өндірістік тәжірибеден өтудің тиімді уақытын қарастырып, белгілеу;
Студенттердің есеп берулеріне қажетті материалдар жинақтауына жағдай жасау;
Күнделіктің дұрыс толтырылуына және тиісті жазбалардың дұрыс көрсетілуіне кеңес беріп, көмек көрсету;
Өндірістік есепке пікірдің және шынайы мінездеменің берілуін қадағалау;
Өндірістік тәжірибеден өтуші студенттердің, кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттер үшін кәсіпорын тағайындаған жетекшілері ескерту жасап, оқу орнына хабарлауға міндетті;
