- •5B070300 – Ақпараттық жүйелер
- •Бағдарламасы
- •5B070300 – Ақпараттық жүйелер
- •Бағдарламасы
- •Мазмұны
- •Тәжірибенің мақсаты мен міндеті:
- •Өндірістік тәжірибеден өтуші студенттің міндеті:
- •Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •Күнделік жүргізу және тәжірибе нәтижесін безендіру
- •Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі беретін мінездеме
- •Тәжірибе есебін құру
- •Тәжірибе есебін қорғау және оның нәтижесінің бағасы
- •Тәжірибе қорытындысы бойынша сұрақтар
- •Тәжірибе есебі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Тәжірибе қорытындысы бойынша сұрақтар
Күнделік жүргізу және тәжірибе нәтижесін безендіру
Әрбір студент бірінші күннен бастап күнделік жүргізеді,
күнделікті жасаған жұмысы туралы жазып тұрады. Күнделікте студенттің қандай күндерде, қай жерде жұмыс істегені көрсетілуі керек. Күнделіктен жұмыстың неден тұрғаны, өз бетінше жүргізілді ме, мүмкіндігінше қандай көлемде екені көрініп тұруы керек. Күнделік ұқыпты сиямен жазылады. Күнделікте жазылған жазбалар, яғни кәсіпорындағы жетекші қарауымен орындалған жұмыс жетекші қолымен бекітіледі. Жұмыс орнында жұмыс аяқталысымен тәжірибе жетекшісі студенттердің практикалық дағдыларды игеру деңгейін тексереді және күнделікке баға қояды, студент жұмысы туралы ескертулерін жазады.
Тәжірибе аяқталысымен күнделік жетекші қолымен және кәсіпорын мөрімен бекітіледі.
Тәжірибеден өту күнделігі тәжірибе туралы есепке қосылады. Күнделіксіз есеп кафедраға қабылданбайды.
Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі беретін мінездеме
Студент-практикантқа мінездемені кәсіпорыннан бекітілген жетекші береді.
Мінездеменің негізгі пункттері келесідегідей:
Студенттің теориялық білімін қолдана білуі;
Студенттің тәжірибеден өту кезіндегі практикалық дағдысының бағасы;
Студент-практиканттың кәсіпорындағы басқа құрылымдық бөлімдердегі жұмысқа қатысу деңгейі;
Студент-практиканттың тәжірибеден өту процесінде іскерлік сапарларын көрсетуі.
Тәжірибе есебін құру
Студент-практикант тәжірибе нәтижесі туралы есеп құрастырады. Бұл есеп тәжірибеден өту процесінде әрбір бөлім бойынша дайындалады, тәжірибе аяқталу мерзімінде есеп құру бітуі тиіс.
Тәжірибеден өту туралы есеп қысқаша кәсіпорын мінездемесінен тұруы тиіс.
Есеп кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және қосымшадан тұруы керек. Негізгі бөлімде өзіндік жұмыстар ерекшеленуі қажет.
Кіріспеде студент тәжірибеден өткен кәсіпорыны туралы мәліметтер береді. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы, негізгі бөлімдердің функциялары мен штаттық құрамы қарастырылады. Сонымен қатар, есептің негізгі бөлімдеріне қысқаша үлгісі келтіріледі.
Есептің негізгі бөлімі тематикалық жоспарда мазмұндалған қатармен құрылады. Есептің бұл бөлімі кәсіпорынның технологиялық процесінің сұрақтар мазмұнынан тұруы тиіс.
Есепте барлық қажетті есептеулер, кәсіпорын бойынша сандық мәліметтер, кестелер, схемалар, суреттер және т.б. құралуы тиіс.
Есептің қорытындысында кәсіпорын мәліметтерін өңдеуді ұйымдастыру процесі бойынша критикалық ескертулер көрсетілуі керек. Мекеменің ақпараттық ресурстарын басқаруды ұйымдастыруына талдау, кәсіпорын ақпараттық жүйелерін функциялау тиімділігіне талдау.
Тәжірибе есебін қорғау және оның нәтижесінің бағасы
Тәжірибе аяқталысымен студент кафедраға рецензиялау
және қорғау үшін есеп тапсырады. Шамамен есеп кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісімен тексеріліп, қолымен бекітілуі тиіс, есепке келесі құжаттар қосылады: өндірістік тәжірибесінің күнделігі, практикантқа мінездеме және мекеме немесе фирма жетекшісінің пікірі.
Барлық қажетті құжаттармен бірге есеп кафедраға тапсырылады. Кафедрадағы тәжірибе жетекшісі есепті рецензиялап, қорғауға немесе егер бағдарлама сұрақтары мен тақырыптары толығымен ашылмаған болса толықтыруға рұқсат береді. Есепті қорғау кафедрада құрылған комиссия алдында қорғалады. Есеп берудің және қорғаудың бағасы 5-тік баға жүйесінде бағаланады.
№ |
Тәжірибе компоненттері |
Ең жоғары балл |
1. |
Мекеме жетекшісінің (кәсіпорын) бағалауы |
30% |
а |
Тәжірибе барысындағы жауапкершілігі |
10 |
б |
Тәжірибе барысындағы біліктілігі |
10 |
в |
Мекеме берген мінездемесі |
10 |
2. |
ЖОО-дағы жетекшінің бағалауы |
30% |
а |
Тәжірибе есебінің мазмұны мен сапасы |
10 |
б |
Тиісті құжаттармен қамтамасыз етілуі |
10 |
в |
Талапқа сай рәсімделуі |
10 |
3. |
Есепті қорғау кезіндегі комиссияның бағалауы |
40% |
а |
Тәжірибе есебі бойынша материалды игеруі |
20 |
б |
Тәжірибе бойынша ұсыныстары |
10 |
в |
Қойылған сұрақтарға жауабы |
10 |
Қанағаттанарлықсыз баға алу немесе есепті көрсетпеу тәжірибеден өз есебінен қайтадан өтуіне тура келеді. Тәжірибеден қайтадан өту мерзімін студенттер демалысы кезінде деканат анықтайды.
Студенттің тәжірибеге дұрыс қарамау жағдайында, тәртіпті бұзуы немесе қорғауға мүлдем дайын болмауы қайтадан оқу жылына қалдырылады немесе бұзу мінезіне байланысты студент қатарынан шығарылады.
Баға |
Мәні |
Балл |
Пайыздар, % |
А |
Өте жақсы |
4,0 |
95-100 |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
Жақсы |
3,33 |
85-89 |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
Қанағаттанарлық |
2,33 |
70-74 |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
Қанағаттанарлықсыз |
0 |
0-49 |
