Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып к т поурочный дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

Округтік приказды басқару құрылымы:

Округтік приказдың құрамы

Әкімшілік бөлініс және басқарушыларды сайлау тәртібі

Сот билігі және міндеткерліктер

  1. Әскери бастық

  2. Аға сұлтан

  3. Үш орыс және бір қазақ заседатель

  1. Округ-болыс-ауыл.

  2. Басқару таза әскери сипатта болды.

  1. Дәстүрлі билер соты.Ресей заңдары негізінде ( билер қызметі округтік приказда бекітілді).

  2. Жасақ төлеу,15 сом күміс ақшамен үстеме және жол салу, келген шенеуніктерді киіз үй, отынмен қамтамасыз ету міндеттері.

1868жылы Семей ішкі округіы жойылып, оның аумағы Семей облысы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылды. Тематикалық кестелер оқушылардың тарихи үрдістердің логикасын түсінуге көмектеседі. Осы кезеңде болған оқиғалар жөнінде айтқанда оқушылардың білімін бақылау үшін картаны пайлану керек.

Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланғанда олардың сипатына мән беру керек( проблемалық, дамытушылық, логикалық). Сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларға жүйелі дайындықтың қажеттілігін арттыруға көмектеседі.

  1. Семей ішкі округын құру үшін қажет болды?

  2. Бұл басқару құрылымының сыртқы округтерден қандай айырмашылығы бар?

  3. Жаңа округте сот билігі қалай жүргізілді?

Үйге тапсырма:

  1. 192-беттегі 1,3,5,7,8 сұрақтарға жауап беріңдер.

  2. Оқулықтағы материалдарды пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.

Округтер

Округтің құрылған уақыты

Басқару жүйесі

Болыстар мен ауыл старшиндары неше жылға сайланды?

Заседательдердің ара салмағы қандай болды? (Орыстар мен қазақтар) алынған алым мөлшері

Сыртқылыра

Семей ішкі округі

Тексерілді 03.03.15

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 28. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар.

§ 29. Хіх ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саясижүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;

  • Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Шынберілген» қазақтардың тұрған жерлерін картадан көрсетіңдер.

  2. Кестенің толтырылуын тексеру.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

І. ХІХ ғ. 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар.

  • Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.

  • Қазақстанның 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

  • Басқару құрылымының ерекшеліктері

  • Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.

  • Реформалардың отаршылдық сипаты.

ІІ. ХІХ ғ. 80-90 жылдардағы әкімшілік реформалар.

  • Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.

  • Маңғыстаудағы көтеріліс.

  • Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары

  • ХІХ ғ. 80-90-жылдардағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың бірінші бөлігі- Қазақстандағы саяси және әлеуметтік –экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.

Алғышарттар:

Қазсқстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.

Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазқстанда болған процестерге тікелей әсерн тигізді.

Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.

Қазақстанда әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудің себептері:

  • Хан билігінің сақталуы пата үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.

  • Реформаға дейін Қазақстан екі генерал-губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60- жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктіді.

  • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.

  • Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.

  • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға оранластыру ұйымдастарылды.

Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.

Жылдар

Жоба авторлары

Құжаттың аты

Реформаны жүргізу шаралары

1865 ж.

1867 ж.

1868 ж.

1869 ж.

Сонан соң кестенің көмегімен жаңа реформа бойынша Қазақстанның әкімшілік-аумақтық басқарылуындағы ерекшеліктерді ашамыз.