Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып к т поурочный дайын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

1867-1868 Ж. Реформалар

Тараулар

мәні

Маңызы мен салдары

  • Реформаның мақсаты

  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • Басқару ерекшеліктері

  • Сайлау жүйесі

  • Фискальді жүйе және міндеткерліктер

  • Денсаулық сақтау

  • Жер пайдалану

Кесте құру немесе оқиғалардың логикалық тізбегін жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі.

Тақырыпты бекіту: (дамытушылық сипаттағы тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі.)

  1. Патша әкімшілігінің Қазақстанда 1867-68 ж. жүргізген реформаларының отаршылдық сипаты болды. Осыны дәлелдейтін деректерді келтіріңдер.

  2. Бұл реформалар барлық қайшылықтарды шеше алмағынамен, Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті. Осыған мысал келтіріңдер.

Тараулар

1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Ереже»

1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Ереже»

1867-1868 ж. реформалар

Жалпы сипаттама

  • Мақсаты

  • Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • Басқару ерекшеліктері

  • Сайлау жүйесі

  • Сот жүйесі

  • Фискальды жүйе мен міндеткер-ліктер

  • Денсаулық сақтау

  • Жер пайдалану

  • Нәтижелері мен маңызы

Үйге тапсырма:

  1. Қазақстанда 1822,1824 ж. және 1867-68 ж. патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы сипатын анықтаңдар.

Сабақтың екінші бөлігі.

Үй тапсырамсын сұрау:

  1. Қазсқатнда 1867-1868 ж. реформаны жүргізгенде патша әкімшілігі қандай мақсат көздеді?

  2. Реформаның отаршылдық сипаты неде?

  3. Кестенің толтырылуын тексеру (оқушылар тақырыптық кестелер толтырғанда мұғалім олардың білімі мен іскерлігін бақылай алады).

Оқушылардың «ХІХ ғ. 80-90 ж. әкімшілік реформалар» мтақырыбы бойынша практикалық жұмысы

Алдымен сынып алдана төмендегідей міндет жүктеу керек:

  • ХІХ ғ. 60- жылдары жүргізілген әкімшілік реформаларжартылай ғана болды. Біріншіден, олар өмірге бірден енгізілген жоқ, ол ең алдымен оған қарсы шыққан қазақ шаруаларына байланысты болды.

  • Екіншіден, қазақ ауылына жан-жақтан әсер еткен капиталистік қатынастар барлық салада тиісті өзгерістер әкелді.

Сондықтан 1880-90 ж. патша үкіметі жоғарыда көрсетілген және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, аяғына дейін жеткізуге мәжбүр болды. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

1-топқа тапсырма:

Оқулықтан Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер туралы мәтінді оқыңдар және оларға 1867-1868 ж. реформалардың әсері болды ма, соны анықтаңдар, пікірлеріңді деретермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша қарастырады:

  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

2-топқа тапсырма:

Оқулықтан Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс туралы мәтінді оқыңдар және оған 1867-68 ж. реформаның әсері болды ма, соны анықтаңдар. Пікірлеріңді деректермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша ашады:

  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

Оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талқылағаннан кейін, Қазақстандағы 80-90 ж. реформалардың жылдамдатылу себептерін көрсету:

  1. Қазақстанды үш генерал-губернаторлыққа бөлу Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды көшіру мәселелерін жүйелі әрі тез шешуге бөгет жасады;

  2. Орта Азия әскери жолмен Ресей империясына қосылды, бұл аса үлкен аймақта басқаруда біртұтас жүйе жасауды және қаражатты үнемдеуді талап етті.

  3. 1867-68 ж. Ереже ең басынан уақытша сипатта болды.

Тапсырма: Оқушылардың оқулық мәтінемен жұмысы

  1. 1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік басқаруды 1867-68 ж. реформалармен салыстырыңдар.

  2. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Бұл өзгерістердің мәні неде?

  4. Қазсқатандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністерді картадан көрсетіңдер.

Үйге тапсырма: Қазақстанның 1867-68 ж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісін картаға түсіріңдер

  1. Қазсқатанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісінің сызбасын картаға түсріңдер.

Тексерілді 06.03.15