- •Мазмұны
- •1 "Қтж" ұк ақ туралы қысқаша мәлімет
- •2 "Астанатранстелеком" ақ туралы қысқаша мәлімет
- •3 Талшықты-оптикалық байланыс желісі
- •4 Мультиплексирлеу технологиялары
- •4.1 Pdh технологиясы
- •4.2 Атм технологиясы
- •4.3 Sdh технологиясы
- •4.3.2 Sdh жүйесін талдау
- •4.3.1 Sdh желісінің құрамы
- •4.3.3 Sdh құрылу алғышарттары
- •4.3.7 Sdh мультиплексирлеудің рdh жүйесінен негізгі ерекшеліктері
- •Қорытынды
1 "Қтж" ұк ақ туралы қысқаша мәлімет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы №129 «Қазақстан Республикасы темір жол кәсіпорындарын қайта құру туралы» қаулысымен Алматы теміржол бөлімшесі, Тың теміржолы және Батыс Қазақстан теміржолдарының қосылуы нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Теміржолдарды біріктіру арқылы тасымалдау үдерісі, артық құрылымдарды қысқарту, теміржол саласын қаржылық-экономикалық сауықтыру көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы наурыздың 15-індегі №310 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес кәсіпорындарының бірігуі есебінен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.
2004 жылғы сәуірдің 2-сінде Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы мамырдың 13-інде жарық көрген Заңына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркеуден өткізілді.
Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол саласының тасымалдау үдерісі мен қызметтік міндетін қамтамасыз ететін холдингілік құрылымы бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының бірден бір акционері болып «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы табылады. Ол Ұлттық компанияның оперативтік жұмыстарына араласпай, корпоративтік басқаруды жетілдіру, бюджет ашықтығын қамтамасыз ету, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін Директорлар Кеңесі арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.
Оған қоса Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2001 жылғы желтоқсанның 8-індегі №266-11 «Теміржол көлігі туралы» Заңға сәйкес, өкілетті орган ретінде теміржол көлігіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы көлік кешенінің жұмысын үйлестіреді, реттейді, бақылайды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады. Аталған қызметтер Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін рынок туралы» Заңдарымен бекітілген.
Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері жүретін өзендер болмауы) территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы, автокөлік саласының инфрақұрылымының төмендігі темір жол көлігінің маңыздылығын арттыра түседі.
2 "Астанатранстелеком" ақ туралы қысқаша мәлімет
«Транстелеком» АҚ – Қазақстан Республикасындағы телекоммуника-циялық қызмет көрсетулердің, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулердің кең спектрін ұсынуға мамандандырылған ірі байланыс операторларының бірі.
«Транстелеком» АҚ 1999 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның профильді емес активтері иеліктен шығарылғаннан кейін, ең бастысы, қолданыстағы теміржолдың байланыс жүйесін техникалық қолдау және жетілдіру үшін құрылды.
«Транстелеком» АҚ желілерді кеңейту бойынша алғашқы қадамды 2005 жылы жасады. Ол кезде Республиканың екі ірі қаржылық-экономикалық және саяси орталығын байланыстыратын Алматы-Астана талшықты-оптикалық магистралі пайдалануға берілді. Оның ұзындығы 1,3 мың километрден асты. Достық-Алматы және Астана-Петропавл талшықты-оптикалық магистралі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткен соң, жалпы ұзындығы 2 722 километрді құрайтын, Достық-Алматы-Астана-Петропавл бірыңғай магистральды ТОБЖ құрылды. «Транстелеком» АҚ теміржолға жататын жергілікті жерді телефондандырумен айналысты және компанияның табысын арттыру қажеттілігіне орай, оның қызмет көрсету спектрі де кеңейтілді. 2007 жылдан бастап 2012 жыл аралығында «Транстелеком» АҚ операторлармен Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша нарықта көш бастаушы болды.
Магистральды байланыс желісін одан әрі дамыту мақсатында, 2009 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан компаниясының ірі магистральды көлік желісін жеткізу және құрастыру үшін Alcatel-Lucent-пен шарт жасалды. Жобаны іске асыру үшін қаражат Еуропа қайта құру және даму банкісінен алынды. Жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу 2010 жылғы наурызда басталды және бір мезгілде үш учаскеде жүргізілді. Магистральды төсеу үшін 22 төсеу колонналары іске қосылды. Магистральды кәбілдің трассасы станса аумағы және жеке пункттер бойынша теміржол бойындағы арнайы бөлінген жердің жолағынан өткізілді. Топырақ құрамының әртүрлілігін және кейбір учаскелерде жұмыс жүргізудің күрделілігін ескерсек, трассаны төсеу оңай болмады.
Сонымен қатар, байланыс арналарын ұйымдастыру және «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің және басқа кәсіпорындардың магистральды желілерін қосу үшін магистральды кәбілден талшықтардың тармақталуы жүзеге асырылды. Жалпы ұзындығы - 3,9 мың километрден асатын байланыстың талшықты-оптикалық желісі 2011 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілді. Сондықтан қазір ҚР теміржол желісіндегі ТОБЖ-ның жалпы ұзындығы - 6,6 мың километрден асады.
«Транстелеком» АҚ-ның Астана қаласындағы – «Астанатранстелеком» филиалы – компанияның бір филиалы. Қатысты аймақтары – Астана және Ақмола облысы.
«Астанатранстелеком» филиалы - Астана және Ақмола облыстарында ең қуатты талшықты-оптикалық байланыс желісіне ие және телекоммуникацияның астаналық нарығында байланыс қызметінің жетекші операторының бірі болып табылады.
«Астанатранстелеком» филиалының қызметін, желі мүмкіндігін тасымалдауды басқарудың нәтижелілігін жоғарылату үшін қолданатын бас пайдаланушы темір жол саласы болып табылады.
Бүгінгі күнде «Астанатранстелеком» филиалы байланыс операторларына, мемлекеттік құрылымдарға, бизнес құрылымдарына, жеке тұлғаларға жоғары сапалы телекоммуникация қызметін ұсынады.
Біз өзіміздің клиенттерімізге кез келген күрделіліктегі аймақты-бөлінген корпоративті байланыс желісін құру бойынша, дәл осындай клиенттің қажетсіну анализінен бастап және келесі қызмет көрсетуге дейінгі жеке нысандар мен мекемелерді байланысқа қосу бойынша аяқталған техникалық шешімдерді ұсынамыз.
Мәліметтерді беру арналарының құрылысы және жалдау аясындағы қызмет кең спектрлі. Біз сандық көлік желілер құрылысының озық технологиясын пайдаланамыз және ұсынылатын жұмыстардың аса жоғары сенімділігіне кепілдік береміз.
«Транстелеком» АҚ - қалааралық және халықаралық байланыс арналарын ұсынатын мүмкіндігі бар, өзінің жоғары жылдамдықты және сенімді магистральды талшықты-оптикалық желілеріне ие. ТОБЖ – бұл талшықты-оптикалық байланыс желісі, ақпараттарды тарату жүйесінің бір түрі. Байланыстың стандартты әдістері алдында ТОБЖ-ның басты артықшылығы (мысалы: мыс кәбілімен): бірінші және ең басты – өткізудің кең жолағы. Бұл мыс немесе қандай да бір байланыс желілерінің ұқсас жүйелерінен бірнеше рет көп, жылдамдығы секундына бірнеше терабайт тарату мүмкіндігін береді.
