- •Мазмұны
- •1 "Қтж" ұк ақ туралы қысқаша мәлімет
- •2 "Астанатранстелеком" ақ туралы қысқаша мәлімет
- •3 Талшықты-оптикалық байланыс желісі
- •4 Мультиплексирлеу технологиялары
- •4.1 Pdh технологиясы
- •4.2 Атм технологиясы
- •4.3 Sdh технологиясы
- •4.3.2 Sdh жүйесін талдау
- •4.3.1 Sdh желісінің құрамы
- •4.3.3 Sdh құрылу алғышарттары
- •4.3.7 Sdh мультиплексирлеудің рdh жүйесінен негізгі ерекшеліктері
- •Қорытынды
4.3.7 Sdh мультиплексирлеудің рdh жүйесінен негізгі ерекшеліктері
SDH жүйесінің РDH жүйесінен негізгі ерекшелігі – мультиплексирлеудің жаңа принципіне өту болып табылады. PDH ағындарында түзетуші биттердің бар болуы – оны құрайтын компоненттерін ағыннан тікелей бөліп алуды мүмкін қылмады. РDH жүйесі плезиохронды (немесе жартылай синхронды) мультиплекстеу принципін қолданады, оған сәйкес, мысалы төрт Е1 (2048 кбит/с) ағынын бір Е2 (8448кбит/с) ағынына мультиплекстеу үшін стаффинг әдісімен келетін сигналдардың тактілік жиіліктерін тегістеу процедурасы іске асады. Нәтижесінде демультиплекстеу кезінде берілген арналарды қалыпқа келтірудің қадамдық үрдісін іске асыру қажет. Мысалы, цифрлық телефонияның екіншілік желілерінде Е1 ағынын пайдалану анағұрлым кең тараған. Осы ағынды Е3 трактісінде РDH желісі бойынша тарату кезінде ең алдымен Е1-Е2-Е3 қадамдық мультиплекстеу, ал содан кейін Е1 арнасын бөліп шығаратын әрбір пунктте Е3-Е2-Е1 қадамдық демултиплекстеуді жүргізу қажет. Ал кіріс/шығысты ұйымдастыру үшін де үш деңгейлі демультиплекстеу, сосын үш деңгейлі мультиплекстеу қажет болды (1.2 сурет). PDH жүйелерін мәліметтерді тарату желілерінде пайдалану - көптеген мультиплексорларды қажет етеді, ол өз кезегінде желіні қымбаттатып, оны пайдалануды күрделендіретіні айқын.
PDH-ң кіріс/шығыс ағындарының операциясы
SDH жүйесінде мультиплекстеу/демультиплекстеу синхронды іске асады, бұл SDH желісінде таралатын РDH арналарына тікелей қол жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
SDH иерархиясының ішінде мультиплекстеудің процедуралары. SDH иерархия ағындарының ең маңыздысы STM-1, STM-4 және STM-16 ағындары болып табылады.
SDH иерархиясының ішінде синхронды түрде жүзеге асатын мультиплекстеу
Қорытынды
