Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654 Кб
Скачать
☆

Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:

  1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.

  2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.

  3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.

  4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады.

  5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Жалпы өзара байланыстың салдары:

1) сұранысты бағалау қиындығы;

2) шекті түсімді анықтауға болмайды;

3) тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау мүмкіндігі жоқ.

Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-әрекет модельдеріне бөлінеді.

 Кооперативтік емес іс-әрекет – бұл әрбір жеке олигополист-фирмалардың бәсекелестерінің ықтимал шешімдері мен реакцияларын ескере отырып, баға мен өнім көлемі туралы мәселелерді өз бетінше дербес шешуін сипаттайтын бірікпеген қимылдары.

Кооперативтік іс-әрекет – бұл саладағы олигополист-фирмалардың біртұ-тас монополия құру мақсатымен баға, өнім көлемі және ықтимал пайда туралы мәселелерді өзара бірігіп шешуін сипаттайтын қимылдары.

 

Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс көлемін таңдау

Нарықтық құрылымның және бәсекелестіктің әртүрлі жағдайларында жұмыс істейтін кез-келген фирманың іс-әрекеті пайда табуға және оны арттыруға негізделеді. Ол мақсатқа жету үшін фирмалар оңтайлы баға мен өндірістің тиімді көлемін таңдау қажет. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында өндірілетін тауарлардың әртүрлі болуына байланысты фирмалар бағаны тағайындағанда оның өніміне деген сұраныс қисығымен әрдайым санасып отырады. Содан соң фирма пайдасын көтеретін өндірістің ең тиімді көлемін таңдауға ұмтылады.

ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы шекті табыс қисығымен сәйкес келеді, бұл өз кезегінде фирманың нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым көлемі туралы шешім қабылдауға итермелейді. Фирма өз пайдасын шекті шығындар нарықтық бағаға тең болғандағы шығарылым көлемі кезінде максималдайды.

Қысқа мерзімде жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы өндірістің қысқа мерзімді шекті шығындарының орташа өзгермелі шығындармен қиылысуындағы жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді:

- өндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма экономикалық пайда алады;

- бағаның өндірістің орташа шығындарына тең болуы кезінде фирма нөлдік пайда ала отырып, өзін-өзі өтеу жағдайында болады;

- фирма шығындарды ең аз деңгейге жеткізе отырып бағаның минималды орташа өзгермелі шығындарымен тең болғандағы шығарылым көлемін жүзеге асыруы қажет.

Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды. Жетілген бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауылдарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық ұсыныстың ұлғаюы есебінен экономикалық пайданың жоғалуына себепші болып табылады. Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайы нарықтық баға өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болған уақытта орындалады, яғни фирмалар нөлдік экономикалық пайданы ғана ала алады. Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін көлденеңінен қосу арқылы анықталады.

Салалық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне байланысты қалыптасады және оның көлбеулігі мынадай болуы мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлардың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін болса. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін таңдайды. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.

МОНОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДА фирманың билік жүргізуінің көзі болып нарыққа бақылау жасай алуы табылады, ол нарықты бақылау арқылы өзінің өндіріс көлемін реттей отырып нарықтық бағаға әсер ете алады. Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан, монополист өндірістің кез-келген көлемін таңдай алады. Пайданы максимизациялау ережесіне жүгіне отырып, монополист шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болғандағы өндіріс көлемін таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының көлбеулігін ескере отырып монополист бағаны бір өнімге кететін шекті шығындардан жоғары етіп тағайындайды, яғни осы баға оның өніміне деген сұраныс икемділігіне кері пропорционалды олып табылады. Монополисттің өндіріс көлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының сипатын анықтайтын сұраныс икемділігінің өзгеруіне байланысты болса, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында арақатынас орын алмайды, сондықтанда монополия жағдайында ұсыныс қисығы болмайды. Әр түрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс көлемі жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда төмен, ал бір өнімге деген монополиялық баға жетілген бәсекелес фирманың бағасына қарағанда жоғары болып табылады, осының салдарынан қоғамдың әл-ауқаты төмендейді.

МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА фирма пайданы максималдауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде оңтайландыруы қажет.

Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге асыра береді.

Монополистік бәсеке жағдайында фирманың және саланың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігі тауарды өндірістің ұзақ мерзімді орташа шығындарға тең болғандағы бағамен сатқанда орындалады, бұл салалық тосқауылдардың төмен болуына орай бәсекенің орын алуына себепші болып табылады. Сондықтанда, фирма ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында бола отырып экономикалық пайда алу мүмкіндігінен айрылады. Монополистік бәсеке жағдайындағы фирмалар өз өніміне деген сұраныс қисықтарының көлбеулігімен санасады десек, онда олардың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікке жетуі нарықтық бағалардың шекті шығындардан және өндірістің ұзақ мерзімді минималды орташа шығындарынан жоғары болуы кезінде қамтамасыз етіледі, ал бұл өз кезегінде артық өндіріс қуатының болуын сипаттайды.

ОЛИГОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДА фирмалар салалық пайда максималды болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына мақсат етіп  қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге келуі арқылы қол жеткізіледі, және де әрекет ету кооперативтік емес стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады. Кооперативтік іс-әрекеттер кезінде фирмалар біртұтас монополия ретінде мінез-құлық танытып, бағаны жоғары белгілейді және өнім көлемін де тым шектейді. Ал кооперативтік емес іс-әрекет кезінде фирмалардың мінез-құлқы жетілген бәсекеге ұқсас болып келеді және олардың пайдасы да кооперативтікке қарағанда төмен болады.