Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
654 Кб
Скачать
☆

Бәсекені қорғау және монополияны шектеу. Антимонополиялық саясат

Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғнимонополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:

1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелетікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.

2. Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тікелей және жанама).

3. Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.

Сонымен, монополиялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу салалық ұсынысты ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады және ол монополиялық әрекеттерді жоюға бағытталған құқықтық нормалар, монополияның нарықтық билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейтін экономикалық іс-шаралар сияқты әдістер арқылы жүргізіледі.