Оооооооооооооооооооооооо
Ойын бизнесіне салынатын салық Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құмар ойын бизнесі салығы 2007 жылғы каңтардын 12-сінде енгізілген. Казино, ойын автоматтарының залы, тотализатор,букмекерлік кеңсе қыметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңи тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады. Құмар ойын бизнесі сферасындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ойын ycтелi, ойын автоматы, тотализатор кассасыдотализатордың электрондық кассасы, букмекер кеңсесінің кассасы, букмекер кеңсесінің электрондық кассасы құмар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып есептеледі. Салық салу объектінің бірлігінен құмар ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі айына айлық есептік көрсеткіштің 30-дан 830 еселенген мөлшерін құрайды. Салық мөлшерлемесі Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Құмар ойын бизнесі үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Құмар ойын бизнесі салығын есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі. Салық салу объектілері айдың 15-ін коса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде, құмар ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменін S мөлшеріне есептеледі, ал олар айдың 15-іне дейін шығып калған кезде, құмар ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің S мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі. Құмар ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері объектбірлігінен айлықесептік көрсеткіштің 2000-нан 135000 еселенген мөлшерін құрайды. Құмар ойын бизнесі салығын төлеуші құмар ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем осы саладағы әрбір қызмет түрінен алған табыстан бөлек есептеледі.Құмар ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде құмар ойын бизнесі салық төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін ШБС-рі өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлкеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлға - өтінішті Мемл-к тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына береді. Жаңадан құрылған жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша тіркеуге қойылған күні өтініш береді. Салық кезеңі болып –тоқсан табылады. Мынадай талаптарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері: 1. Жеке кәсіпкерлер үшін:- жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 15 адам болса;- Салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500,0 мың теңге болса; 2.Заңды тұлғалар үшін:- қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса;- Салық кезеңі ішінде шекті табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.Көрсетілген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шағын бизнес субъектісі есепті тоқсаннан кейінге тоқсаннан бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшеді. Жеке кәсіпкер көрсетілген талаптар өзгерген жағдайда ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы. Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді
