Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

Пппппппппппппппппппп

Пайдалы қазбаларды өндiру салығы1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.2. Өндiрiлетiн минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндiру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, ставкалар бойынша және 45 тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.3. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимі. патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн: 1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын; 2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына әрекеттегі ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады. Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимiне қолдану шарттары мыналар, атап айтқанда, дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi. Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады. Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті жоғарыда аталған мерзімдерде табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі. Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі. Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді. Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі. 

Сссссссссссссссссссссс

Салық механизмі және оның құрылымы. Салық механизмі- қаржы механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады және ол салық саясатын ұтымды жүзеге асыру үшін қолданылады. Ол өзінің мағанасына байланысты салықтық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін білдіреді, осылардың көмегімен ауқымды жүйеде бөлу жәңе қайта бөлу қатынастарын қамтиды, оның функцияларын орындау үшін мемлекеттің орталықтандырылған қорын құру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын, шаруашылық субъектілерін қорландыру мен тұтынуын жандандыру болып табылады. Орыс тіліндегі түсіндірме сөздігінде "механизм" машина, құрылғы, апаратты іске қосып тұрған ішкі құрылым деп түсіндіріледі. Осы анықтаманы өзгерте отырып салық механизмінің буындар жүйесінің салықтық қатынастарын мемлекеттің салық саясатын іске қосуын айтуға болады. Салық саясатының құрамына мемлекетте жинақталатын, қалыптасқан салықтардың түрлері, заңнамалық және нормативтік актілерді қабылдауды жүзеге асыру, салық төлеушілер, салық ставкалары, салық жеңілдіктері кіреді. Салықтарды қабылдау ретімен төлеу мерзімдері, салықтық құқық бұзушылыққа жауаптылық, бюджет жүйесі буындары арасындағы салықтардың бөлінуінің салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. 

Салық салу жүйесінің элементтері мен қағидаттары.Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін  олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салықтар функцияларын қаржының қайта бөлу функциясының бөлігі ретінде қарастыруға болады. Қазіргі кездегі әдебиеттерде салықтардың төмендегідей функцияларын қарастырады: Салықтардың бірінші функциясы – фискалдық функция. Бұл барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар  мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тауар-ақщалай қатынастардың, өндірістің дамуына қарай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды. Салықтардың екінші маңызды функциясы – қайта бөлу. Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекеттерінің ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.

Салықтан басқа бюджетке төленетін міндетті төлемдер.ҚР-да 13 түрлі салық, атап айтқанда корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралы салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы қолданылады. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады. Корпоративтік табыс салығын салу объектілеріне салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.

Салықтардың қызметтері мен сыныптамасы. Салықтардың сыныптамасы салықтарды сыныптау – салықтарды түрлері бойынша топтастыру. Салықтар белгілеу әдісі немесе өндіріп алу тәсілі бойынша тікелей (төте) салық және жанама салық болып бөлінеді. Тікелей салық материалдық игіліктердің қорлануы барысында салық төлеушінің табысынан немесе мүлкінен тікелей алынады. Атап айтқанда болжалды орташа табысқа салынатын нақты тікелей салық (көлік құралдары иелерінің салығы, жер салығы, т.б.) және нақты төлем төлеу қабілетін көрсететін өзіндік тікелей салық (табыс салығы, пайда салығы, ресурстық төлем, мүлік салығы). Жанама салық (адвалорлық салық) тауардың бағасы арқылы алынады және шаруашылық тұрмыс пен айналымнан, қаржы операцияларынан туындайды (акциз, ІІС, кеден бажы, сату салығы, айналым салығы, т.б.). Салық төлеуші-субъектіге қарай: жеке тұлғалардың салығы (жеке тұлғаның табыс салығы, мүлік салығы, т.б.), кәсіпорындар мен ұйымдардың – заңды тұлғалардың салығы (кәсіпорындар мен ұйымдардың пайда салығы, қосылған құн салығы, мүлік салығы), жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да төлейтін аралас салық (мемлекеттік баж, кейбір кеден бажы, көлік құралдары иелерінің салығы). Салық төлемі аударылатын бюджет деңгейіне қарай: бекітілген салық (тікелей және түгелдей нақты бюджетке немесе бюджеттен тыс қорға түседі) және реттеуші немесе түрлі деңгейдегі салық (бюджет заңдарына сәйкес үйлесімде бір мезгілде түрлі деңгейдегі бюджеттерге түседі). Салық төлеу дүркінділігіне қарай: тұрақты (ұдайы, ағымдағы) салық – заңда белгіленген тәртіппен ұдайы алынып тұрады; бір жолғы салық – жүйені құрамайтын қайсыбір оқиғаларға байланысты салық (мысалы, кеден бажы, мұралану немесе сыйға тарту тәртібімен ауысатын мүлік салығы) болып бөлінеді. Салық – салық салу көзіне қарай: өндіріс шығыны (өзіндік құн), пайда (табыс) болып сараланады. Салықтарды салық салу нысандары бойынша сыныптау кезінде бес топ пайда болады. Олар: мүлік салығы, ресурстық салық (жер салығын қоса), табыс немесе пайда салығы, іс-қимыл (шаруашылық операциялар, қаржы операциялары, өткізу бойынша айналым) салығы және кейбір бір жолғы алымдар.

Салықтардың экономикалық мазмұны мен табиғаты. Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады. Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер. Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі салық белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.