- •Фациялдық талдауға теңіз организмдердің мағынасы.
- •Нормалды емес – Түшшы және түзды теңіздердің түзілмдері
- •Теңіз организмдердің өміріне тұздылықтың байланысы.
- •Жағалау фация арасындағы жағажай түзілімдері.
- •Карбонатты шөгінді жиналу.
- •Абиссалды фация
- •Эстуарий және лиман фациялары.
- •Литофациалды карталарды құру принциптері, олардың мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Палеогеографиялық картаның мұнай-газ іздеудегі маңызы.
- •Гранулометриялық талдау мәліметтерінің мағынасын ашу және кумулятивты қисықтардың графикалық көрінісін құрау.
- •Мұнайгазды формациялар.
- •Оңтүстік-Торғай ойпатының мұнай-газ формациялары.
Жағалау фация арасындағы жағажай түзілімдері.
Жағада жағажай түзілімдері қалыптасады.
Жағажай толқын шарпыны әсерінен пайда болған, сынық өнімдердің шоғыры. Теңіздің толқынымен шығарылған шөгінді өнімдер жағаға жиналып жағажайды құрайды.
Жағажай теңізден қайтарып алған құрлық (ниша – қуыс) (скала –жартыс).
Жағажай шөгіндері не теңіздің толқынынан шығарылған өнімдерден пайда болған жазық жаға, не құрлықтың толқынымен бұзылған өнімдерінен құралған құзды жаға. Мысалы: Кавказда, Қара теңіздің бойы малтатастан – таудың бұзылған өнімдерінен құралған. Каспий теңізінің жағасы, теңіздің өнімі –сынық қабыршақтан құралған. Қызыл теңіз жағасы оолитты ізбестастан құралған. Қара –Боғаз –гол гипс мирабилиттен құралған.
Толқын өнімдерді сораттайды. Ірі өнімдерді толқын шығарып қайта тартпайды. Сондықтан жағажай түзілімдерінің текстурасы көлбеу қиғаш қабаттастық. Қазынды жағажай түзілімдері сортталған, текстурасы қиғаш қабатты құмтастардан құралған. Желмен ұшырылған жағажай құмдарынан дюи пайда болады (құм төбе –дөн).
Сонымен жағалау фацияда (литораль шөгінді) ірі терригенді коллекторлар кездесуі мүмкін. Оларға су асты дуал, бар, жағажай жағадағы дөн (дюны) жатады. Солардан карбонатты, карбонатты-терригенді коллекторлар пайда болады. Оларға органогенді –кесекті, органогенді және оолитты ізбестастар және құмтастар жатады.
Құмды түзілімдер сұрыпталмаған, қосымша түрде сазды заттар кездеседі. Алевритты-сазды түзілімдер сұрыпталмаған, қосымша түрде құмды заттар кездеседі. Карбонатты түзілімдер оолитты, органогенді, органогенді-кесекті ізбестастардан құралған.
Осы айтып кеткен тау жыныстарға жоғары седиментациялық кеуектік тән. Дәл осы зонада кавернді –түйір аралық коллекторлар қалыптасады.
Бірақ жағалау фацияда өтімділіксіз (непроницаемые) тау жыныстар кездеспейді. Сазды жапқыш тау жыныстар сирек кездескеннен тек қана локальды жатындылар қалыптасады. Ірі жапқыш тау жыныстар теңіздің шельф жағында қалыптасады, яғни неритті зонада.
Литоральды фацияның терригенді шөгінділері құзды жағада пайда боллады. (мысалы Қара теңізде) Жазық жағада органогенды тау жыныстардың үсақталған қабыршақтарынан құралады.
Аридті климатта теңіз қайтқан жерде литораль зонаның үстінде (надлитораль) тұзды түзілімдер пайда болады, оны себха деп атайды. Ал литоральдың өзінде страмотолитті түзілімдер пласт тәрізді орналасады, оларды маты деп атайды. Перс шығасында страмотолитты маттардың ені 2км. Литораль жүйелігі – теңіз, теңізден соң страмотолитты маттар, одан соң себха орналасады. Егер гидродинамикалық энергия жоғары болса страмотолитты рифтер пайда болады. Ондай рифтердің қалыңдығы теңізге қарай өседі. Жағаға қарай страмотолитты рифтен кейін себхада эвапоритты түзілімдер, олардың құрамында гипс және ангидрит, текструрасы тор тәтізді болып келеді.
Гумидтті климатта тұз жоқ, оның орнына литораль үстінде карбонатты саздар шөгінеді. Ол саздарды маршты саздар деп атайды. Гумидты литораль жүйелігі: теңіз, теңізден соң страмотолитты маттар, одан соң маршты саздар орналасады. Бұндай түзілімдер Флорида түбегінің жағасында кездеседі. Жаңбыры мол болған жерде себха (эвапориттер) болмайды. Марштың шөгінділері карбонатты саздардын құралған, қосымша түрде құрамында 10 пайыз азалардың қаңқалары. Теңіз жағалау белдеуі сазды карбонатты құмдардан құрылады. Жағажай белдеуінде террасалы жағалы дуалдар құрылады. Марштар теңіз деңгейінен 20см жоғары орналасыды. Балдырлы маттар жоғары магнезиалды кальцитпен цементтелгенде балдырлы туфтар пайда болады.
Коне қайту-қүйылу түзілімдер және марштар Австрияда триас түзілімдерде, девон түзілімдерінде Аппалачида, кембрийға дейінгі түзілімдерде Оңтүстік Африкада мәлім.
Литораль аймақтың зоналарға бөлінуі
Литораль жағасында ватты деген тип кездеседі. Бұл тегіс ірі аймақты алатын теңіз қайту кезінде ашылатын теңіз түбінің кеңістігі. Ваттаның дамуына жұмсақ тау жыныстардан құрылған түбті жаға болу қажет.
Литораль ағзалары өте бай болады, олар :моллюска, әр түрлі құрттар, страматолиттер, мшанкалар т.б. Су қайтқан кезде ағзалардың көбі құмға қазылып сақталады.
Негізгі әдебиет: 4 –[118–128], 5 –[259–266]
Бақалау сұрақтары:
Литораль фация қандай физико-географиялық жағдайдға жатады?
Жағажай фация қандай белгілермен сипатталады?
Теңіз бассейіннің жағалау бөлігінде қандай аккумулятивты денелер пайда болады?
Дәріс 6. Шельф фациясы.
Осыдан 11 мың жыл бұрын теңіз деңгейі шельфтің шетінде болған. Мұздықтар ерігенсоң фландр трансгрессия әсерінен кәзіргі шельф пайда болды. Сонымен шельф сумен басылған континент. Құрылықтан әкелінген өнімдер осы шельфте шөгінеді. Шельф таяз сулы зонадан континентті беткеге дейін созылады. Шельфтің шеткі тереңдігі 200 –500м.- ге дейін, ені 2 –1500км. –ге дейін созылады. Атлантика типті шельфтер (пассивтылары) енді болып келеді, ал тынықмұхитті тип енсіз болып келеді. Гипсометриалық шельф екі зонаға бөлінеді: таяз сулы және терең сулыға. Таяз сулы жағы 30м. ден 100м. ге дейін, терең сулы жағы 100м. ден 200-400м ге дейін. Қимада шельф мұхитқа қарай еңкіш призма тәрізді.
Шельфтың таяз-сулы фация бөлігі
Бұл бөлікте судың қозғалысы дерлік түбінедейін барады, сондықтан шөгінділер қозғалып отырады. Ондай қозғалыс шөгінділерді тасмалдану және сүрыпталуына апарады. Бұл бөлікте терригенді және карбонатты шөгінді жиналу процесстері өтіп жатады.
Терригенді шөгінді жиналу.
Терригенді шөгінділер гумидті климатта континенттен қайнары теңізге жақын жерде түзіледі. Кәзіргі уақытта мысалы Қара теңізде. Континенттен әкелінген терригенді материалдың едәур бөлігі өткінші фациада және литораль фациасында қалады.
Шельф зонада терригенді шөгінділер келесі схемамен таралады деген пікір геологтардың арасында бұрыннан келе жатыр. Жағаға сұрыпталған құмдар, жағаға жақын жерде ірі түйірлері, ал жағадан алыстай бере түйір мөлшері азая береді, одан кейін алевролиттер, алевролиттен кейін саздар түзіледі. Жағадан алыстай бері сүрыпталу дәрежесі азая береді. Бірақ табиғатта бұндай схема дерлік болмайды, себебі теңіз түбіндегі әр түрлі ағындар сұрыпталу процессті бұзып отырады, сондықтан кейде терең аймақтарда ірі кесектерде кездеседі. Шельфтің шеткі бөлігінде кейде ірі түйірлі шөгінділердің қалың түзілімдері кездеседі, себебі плейстоценде және бастапқы голоценде теңіздер төмен түрған, яғни кәзіргі шельфтің шеті ол кезде таяз сулы шельф болған . Таяз шельфтің негізгі терригенді шөгінділері үсақ түйірлі құмтастар және алевролиттер. Ірі түйірлі кесектер сирек кездеседі. Құмтастардың сүрыпталу дәрежесі эолды және жағажай құмтастарының ортасында орын алады. Терригенді тау жыныстар көбінесе кварцты құмтастардан және алевролиттерден құралған. Олар литоральды құмдармен араласып түзіледі. Басқа бір құмды алевролитті топ глауконит құрамды құмды алевролиттер. Глауконит құрамы 10-20%, органикалық қалдықтар пелецеподамен құралған. Саздардың құрамында алевролит және құмтастар міндетті түрде қосылып табылады. Оларды сазды алевролиттер және алевролитты саздар деп атауға болады. Сазды алевролиттерде органикалық қалдықтар жиі кездеседі – пелецепода, гастропода кейде фораминифердер. Теңіз саздарының континетті саздарынан айырмашылығы құрамында гидрослюда менмонтмориллонит болады, ал континентті саздардың құрамында каолинит болады. Саздардың құрамында органикалық қалдықтар өте сирек кездеседі. Терригенді жыныстардың текстурасы горизонтальды және горизонтальды-баяу толқынды қабатты болып келеді.
Таяз сулы шельфтің терригенді тұзілімдері жоғары классты коллектор болып табылады. Мұнай-газ провинциялардың негізгі шоғырлары осы тау жыныстармен байланысты. Региональды мұнай-газ комплекстардың коллектор қабаттары далашпат-кварцты, глауконит құрамды, орта түйірлі құмтастармен байланысты. Мысалы Батыс-Сібір мұнай-газ провинцияда, Кавказ алды-Крым мұнай-газ провинцияда, Каспиймаңы ойпатының түзілімдерінде кең таралған.
