Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15 Дарис.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Эстуарий және лиман фациялары.

Эстуарий деп өзен құйылысының құрлыққа қарай ұзақ созылған жерін айтады. Эстуарий тектоникалық төмен түсу режимі интенсивті болған жағдайда пайда болады. Бұл жерде аллювиалды, қайта құйылу, жаға абразивті шөгінділері жиналады. Егер эстуарий теңізбен жабылса лимандар пайда болады. Лимандар ашық немесе құмды дуалмен бөлінген жабық болады. Мысалы Тиман тұбегі. Эстуариймен салыстырғанда лимандарда құйылу қайту қозғалыстар болмайды. Эстуарий мен лимандар тектоникалық төмен түсу жылдамдығы шөгіндер жиналу жылдамдығынан жоғары болған жағдайда пайда болады. Одан басқа эстуарий мен лимандардың пайда болуына, қайту құйылу қозғалыстар және әкелінген шөгінді заттардың мөлшері байланыысты.

Лагуна фациясы

Лагуна құмды дуалмен бөлінген теңіздің бөлігі, лиманнан айырмашылығы: лагуна түзілімдердің астында теңіз түзілімдері орналасады. Ал лиман түзілімдердің астында континентальді түзілімдер орналасады. Лагуна тұзды және тұзшы болады. Гумидті климатта тұзшыланып, торфқа айналады. Ал аридті климатта тұздалып эвапориттер пайда болады. Артынан көмірлі құмды, сазды қабаттар пайда болады. Лагунаның гидродинамикалық жағдайы тынық баяу. Сондықтан ұсақ түйірлі құм, жұқа түйірлі сұрыпталмаған алевролит, жұқа түйірлі саздар шөгінеді. Қабаттылық горизонтальді, ірі түйірлі шөгінділер болмайды. Карбонатты жыныстар – пелитаморфты ізбестастар, бақалшақтар, доломит; эвапориттер: тұз, гипс, ангидрит, мирабиллит. Лагуна шөгінділерінде жұқа горизонтальды қабаттастық байқалады. Жалпы лагуна шөгінділері өте күрделі болып келеді, себебі оның құрамында тек қана лагуна емес басқада шөгінді комплекстерде байқалады.

Лагунаның терригенді коллекторлары орта немесе төмен сапалы. Теңіз жағалау жағына құм коллекторлық қасиеті ұлғаяды. Лагунада регионалды жапқыш эвапориттер аридті климатта дамиды. Қазынды түрде лагуна мысалы перьмдегі Печор көмір бассейіні. Бұл жерде негізгі қайнар палеоурал боған деп саналады.

Қара-боғаз-гол аридты зонада пайда болған лагуна. Жоғарғы рапа құрамында: NaCl, MgSO4, MgCl, KCl. Лагунаның орталық бөлігінде галит қосымша түрде астраханит және мирабиллит шөгінеді. Каспий теңізі суымен байланысты батыс және оң түстік бөлігінде карбонат және гипс шөгінеді. Жалпы тұзды түзілімдердің қалыңдығы - 50 м. Тұзды түзілімдердің астынғы қабаты олигоценді саздармен құралған. Қара-боғаз-гол Каспий теңізін тұшшы болуына әсер етеді. Теңіз жыл сайын тұзын алғанынан екі есе жоғалтады.

Лагунды фацияның ерекшеліктері. Лагуна ағзалары брахиоподалар, балдырдар, остракодалар. Лагуна түзілімдерінде ірі кесекті заттар дерлік болмайды. Сұрыпталмаған құмды-алевролитты және сазды шөгінділермен сипатталады. Тұзды түзілімдер тек қана лагунада пайда болады. Лагунды түзілімдердің мөлшері ірі болмайды, шөгіну жағдайы тез өзгеріп отырады, сондықтан қималары тұрақсыз болып келеді. Қимада лагунды фация баяу теңіз фациясына ауысып отырады. Құмды-сазды түзілімдер таяз сулы теңіз түзілімдеріне ұқсас, бірақ сұрыпталу сапасы төмен болып келеді. Лагунды фациялар, жер қыртысының ірі бөліктері көтерілу периодтарда кең тарайды.

Негізгі әдебиет: 2 – [62–66], 4 –[214–240], 6 – [184–205]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қай жерде дельталы түзілімдер пайда болады?

  2. Лагуна мен лиманның айырмашылығы қандай?

  3. Эстуарий деген қандай фация?

Дәріс 12. Литолды-палеогеографиялық құрылыстардың мұнай-газ іздеудегі маңызы.

Геологтардың негізгі мақсаттарының бірі палеогеографиялық жағдайды тану. Ондай тану қималарды зерттеу жолымен және сол қималардың алаңда өзгеруін қарастыру жолмен, яғни бір жасты тау жыныстардың вертикальды және горизонтальды бағытта өзгеруін білу. Бір жасты түзілімдердің алаңда өзара ауысы фациалды талдау деп саналады. Геологтардың қолында көбінесе түзілімдердің вертикалды ауысу сипаттама материалдары болады. Горизонтальды бағыттағы материал аз болады. Литологиялық колонкаларды горизонтальды бағытта құрастырып зерттеуді және оның генезисын анықтауды фациалды талдау деп атауға болады. және оның генезисын анықтауды фациалды талдау деп атауға болады. Фациалды тиістілікті білу үшін тау жыныстардың құрамын, физикалық қасиетін, гранулометриалық талдауын, органикалық қалдықтардын зертеу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]