- •1 Жобаны ғылыми-техникалық негіздеу. Әдеби шолу, қолданымдағы құрылымы белгілі машиналар мен жабдықтарды талдау. Патенттік ізденіс.
- •1.1 Сурет овп-20а таңбалы ауалық торлы машинаның функциялық нобайы
- •1.2 Сурет а1–зсш машинасы
- •1.3Сурет а1–зшс сұрыптағышы
- •1.5 Сурет:
- •1.6 Сурет. А1–бис–12 сұрыптағышы
- •1.7 Сурет а1–бис–12 сұрыптағышының циклоны
- •1.8 Сурет теңестіруге арналған жүкті диск
- •1.9 Сурет Аспирациялық каналдың жүктемесімен қимасының өлшемдерін есептеуге арналған номограмма
- •2. Дән массасын жеңіл қоспалар мен тозаңнан тазалау процесін жетілдіру және машинаның тиімді құрылымын іріктеу. Техникалық ұсыныс.
- •2.1 Жеңіл қоспаларды бөліп алу тәсілдерін ғылыми талдау жолымен машинаның тиімді құрылымын іріктеу
- •2.2 Сурет Камерадағы ағынның нобайы
- •Шаңсыздандырғыш камераның параметрлері
- •2.3. Техникалық ұсыныс
- •2.2. Пневмоқұрылғының құрылымы,
- •Пневмоқұрылғының нобайы
- •2.4 Сурет: а1–зшс сұрыптағышы
- •3.2.Процессті жетілдіру үшін пневмокамералы құрылымның негізгі жұмысшы элементтерін қабылдау және кедергілерін анықтау
- •3.2.1.Машинадағы жалюздік қиықтүтіктердің кедергісін анықтау
- •3.3. Пневмоқұрылғыны есептеу
- •3.3.1. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау
- •3.3.2. Аспирациялық жүйені есептеу
- •4.Технико-экономикалық көрсеткіштер
- •Техникалық сипаттамасы
- •3. Пайдаланымдық шығындары бойынша меншікті шығындар, немесе дәнді алғашқы өңдеуден өткізу торабында жеңіл қоспалардан тазалау процесінің өзіндік құны:
- •4. Экологиялық бөлім
- •5.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
1.3Сурет а1–зшс сұрыптағышы
9,1 – бірінші, екінші аспирациялық каналдар; 2 – сырғыма тақтай; 3 – серіппелі клапан; 4 – қоректендіргіш білем; 5 – сырғытпалы парақ; 6 – тиелетін дәнді реттеу иіндері; 7 – иін; 8 – бөлгіш; 10 – тиеу тесігі; 11 – құйындату қалқандары
1.5 Сурет:
1- тиегіш тесік; 2 – бұдырлы білеу; 3 – клапанды реттегіш механизм; 4 – серіппелі клапан; 5, 6 – заслонкалар
ЗВС-20 таңбалы ауалық торлы дән тазалау машинасының құрылымы дәнді дақылдардың барлық түрін жуықтап тазарта алады, алдымен дән, бұршақ, жармалық дақылдар, майлы дақылдарды тазалауға лайықтау /1.3 сурет/. Негізгі жұмысшы органдары: қабылдау камерасы, ауамен тазалау бөлігі, қатар жұмыс істейтін трлы екі тұрқы. Құрылымы мен принципі ОВП типтес машиналарға келеді. ЗВС – 20 машинасының өнімділігі – 20 т/сағ.
ЗВ-10 000 таңбалы ауалық торлы дән тазалау машинасы ауалық жүйесі орталықтандырылған агрегаттың құрамына енгізілген, жеке желдеткіші жоқ /1.4 сурет/. Қабылдау камерасының жоғарғы жағында тиегіш люк 1 орналасқан. Машинаның төменгі жағында серіппелі клапаны бар бұдырлы білеу 2 (пв = 54 айн/мин ) орналасқан. Қоректендіргіш білеуге 2 дән ағынын бағыттау үшін арнайы қалқан қарастырылған. Ауалық бөлігі өткел /переходник/ мен тік қайырма /колено/ арқылы орталықтандырылған ауа жүйесімен жалғасады. Тік қайырманың төменгі жағында жеңіл қоспаларды сыртқа шығаруға арналған ағызу астауы орналасқан. Астаудың шығар тұсына жиналып қалған жеңіл қоспалардың салмағы әсерінен ауық-ауық ашылып, жабылатын ауалық үш клапан орналасқан. Торлы тұрқы (А=7,5 мм, көлбеулік бұрышы 8о) төрт тордан тұрады, машинаның жақтауына ілінген және ағаш шатундар арқылы эксцентриктік білік көмегімен тербеліске түседі. Инерциялық күштер екі қарсысалмақтың көмегімен теңестіріледі.
Дән ағыны тиегіш люк 1 арқылы қабылдау камерасына түседі де, әрі қарай айналмалы білеудің 2 көмегімен аспирациялық каналдарға келеді. Каналдарда жеңіл қоспалар сорылады /1.5 сурет/. Жеңіл қоспалардың бір бөлігі ағызуға арналған астаумен сырттағы тік қайырмаға бағытталады, сосын ірі қоспалармен бірге сыртқа шығарылады, екінші бөлігі ауаға ілесіп центрден тепкіш бөлгішке түседі. Ірі қоспалар Б2 торынан астау арқылы сырғанап, қоспаларға арналған шанаққа бағытталады. Майда қоспалар В торының тесіккөздерінен өтіп, қоспалық секцияға шығарылады, Г торынан өтіп кеткен жемге жарайтын майда дән арнайы шанаққа жиналады. Б2 торынан өтіп кеткен, Г торынан сырғанаған тазартылған дән, арт жақтағы қабылдағышқа тиеліп, клапандардың көмегімен арнайы конвейерге тиеледі.
ЗАВ-10. 30 000 таңбалы дәнді ауамен және тор көмегімен тазалауға арналған машиналарды дәнді қайтадан тазарту үшін қолдану тиімді. /1.6 сурет, а және б/.
ЗАВ машинасының негізгі жұмысшы органдары: қабылдау камерасы, ауалық бөлік және қатар жұмыс істейтін екі торлы тұрқы /1.6 сурет, А/. Қабылдау камерасының жоғарғы жағында тиегіш люк 9 қарастырылған. Камераның ұзына бойына дән массасын бірқалыпты тарату үшін тақтай түрінде таратқыш 7, ал ауаны бірқалыпты тарату үшін – құйындатқыш қалқан 1 қарастырылған. Камераның жоғарғы жағында дән мөлшерін реттеуге арналған серіппелі клапанды қоректендіргіш 5, бұдырлы білеулер 4 ( пв = 80 айн/мин ) орналасқан. Машинаның /ЗАВ/ ауалық бөлігі орталықтандырылған жүйемен байланысқан. Машинаның торлы екі тұрқысы бар, тербеліс амплитудасы А – 7,5 мм. Әрбір тұрқыда төр-төрттен торлар жиынтығы, және 3 қалқан қарастырылған.
