Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жулдыз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.8 Сурет теңестіруге арналған жүкті диск

К-521 таңбалы “Вибрант” машинасының торлы тұрқысы екі тордан тұрады: жоғарғысы - өтпелі тор 6 /1.8 сурет/, төменгісі елегіш тор 8. Жоғарғы тор 6 қатпарлы конвейердің 7 шынжырға бекітілген түрпілі қатпарларының көмегімен тазартылады, ал төменгі тор – түрпілермен тазаланады. Торлы тұрқы ағашқа бекітілген төрт серіппенің көмегімен ілінеді және екі шатун арқылы эксцентриктік білік көмегімен тербеліске түсе алады. Тұрқы біліктері, қалқан және конвейер редуктор, сынатаспалы үш беріліс арқылы электроқозғалтқыштан (0,8 кВт) қозғалысқа түседі. Тұрқы жабық, ішкі кеңістігінде вакуум жасалынады.

Жұмысшы органдарды ауыстырғанда немесе жөндегенде тұрқыдағы электромагниттік блокировкалы қайырма қалқанды пайдаланады.

Машинаның жұмыс істеу принципі: Сырғыма ашық тұрған жағдайда шанақтың қабылдау шанағынан дән тербелмелі астауға тиеліп, әрі қарай жоғарғы торға түседі.

Астаудан торға тиелу кезінде дән құрамындағы жеңіл қоспалар аспирациялық канал арқылы ауамен сорылып алынады да, машинадан сыртқа шығарылып, құбыр арқылы жинақтық циклонға тиеледі. Жоғарғы тордың бетімен сырғанаған ірі қоспалар (11) қырнағыш конвейермен науаға лақтырылып машинадан сыртқа шығарылады. Жоғарғы тордың тесіккөздерінен өтіп кеткен дән мен майда қоспалар төменгі торға түседі. Төменгі тордың тесіккөздерінен өтіп кеткен майда қоспалар торлы тұрқының түбімен сырғанап науаға түседі де, әрі қарай сыртқа беттейді.

Тазаланған дән массасы төменгі тор бетімен сырғанап, арнайы шанаққа тиеледі. Бұл шанақта қарсысалмаққа орнатылған теңселмелі сырғыма орнатылған. Ірі тұқымды дақылдарды тазалау кезінде қарсысалмақты сақинаға бекітілген иіннің теңселткіш осінен алысырақ орнатады, ал майда тұқымды дақылдар үшін жақындау орнату жолымен дәнді екінші аспирациялық каналға реттеп жіберіп тұруға болады. Каналға түскен дән дефлекторлық өзекшелерге құлайды, мұнда ауамен қопсытылып барып, жеңіл қоспалардан тазаланады.

Ауаның сору жылдамдығы дроссельдік сырғыманың көмегімен реттеледі, жеңіл қоспалар машинадан сыртқа шығарылады, ал тазаланған дән массасы төменге бағытталады.

«Петкус-Селектра» К-218/1 (ФРГ) машинасы майда тұқымды дәнді дақылдарды «Вибрант» К-521/1 машинасынан өткен соң барып түпкілікті тазалауға арналған /1.10 сурет/.

Негізгі жұмысшы органдары: қабылдау шанағы, ауамен тазалауға арналған бөлік, торлы тұрқы. Қабылдау шанағының түбі тербелмелі және жентеліп қалған жағдайда оны бұзуға арналған араластырғышпен (п = 22 айн/мин) қамтамасыз етілген.

К-522 және К-523 («Петкус», ФРГ) машиналары

1.9 Сурет Аспирациялық каналдың жүктемесімен қимасының өлшемдерін есептеуге арналған номограмма

Дәннің мөлшері сырғыманың көмегімен реттеледі. Ауалық тазалау бөлігі центрден тепкіш желдеткіштен, аспирациялық екі каналдан, және тұндырғыш камерадан тұрады. Каналдардағы ауаның жылдамдығы сырғымамен реттеледі.

Екінші аспирациялық каналдың төменгі жағында тор орналасқан. Машинада ауыспалы үш тор қарастырылған: сым торлы және парақтық болаттан тесіккөз диаметрлері 1,0 және 1,25 мм өлшеммен ойылып дайындалған тор.

Майда тұқымды дақылдарды тазалағанда парақтық торды орнатады. Машинаның жұмысшы органдары электроқозғалтқыщтың көмегімен ЭД (2,2 кВт, п = 1440 айн/мин) сынатаспалы бес беріліс арқылы қозғалысқа түседі. Машина тұғырының биіктігі - 400 мм.

Машинаның жұмыс істеу принципі /1.10 суретті қараңыз/: дән массасы қабылдау камерасының тербелмелі түбімен сырғанап жо,арғы тордың бетіне келіп тиеледі. Осы кезде бірінші аспирациялық канал арқылы ауамен жеңіл қоспалар сорылады, әрі қарай тұндырғыш камерада жеңіл қоспалар ауадан бөлініп тұна бастайды.

Тұндырғыш камераның конустық бөлігіне шөккен тұнба ауық-ауық клапан арқылы камерадан сыртқа шығарылып, әкетіледі.

Дән мен майда қоспалар жоғарғы және ортаңғы торлардың тесіккөздерінен өтіп, төменгі торға тиеледі. Ірі қоспалар жоғарғы, ортаңғы торлардың бетімен сырғанай отырып сыртқа беттейді. Төменгі тордың бетімен сырғанаған дән екінші аспирациялық каналдың торына түседі де, сыртқа шығарылады.

Жеңіл қоспалар мен дәннің пісіп-жетілмеген бөлігі – дәнектер камерада тұндырылып, ауық-ауық сыртқа шығарылады. Майда қоспалар төменгі тордың тесіккөздерінен өтіп, сыртқа бағытталады.

Әдебиеттік шолу және машиналарды құрылымдық, принциптік талдау нәтижелері көрсеткендей, жоғарыда келтірілген құрылымы белгілі, өндірістік қолданымдағы машиналардың көмегімен кездейсоқ ірі және жеңіл қоспаларды тазалауға болады.

Дегенмен, бұл машиналардың /1.1-1.9 суреттер/ құрывлымдары күрделі: бірнеше тордан тұрады және аспирациялық жүйелердің саны екеу болып келеді. Електік, өткізгіш торлардың қатар қолданылуы технологиялық тиімділікті қамтамасыз ете алмайды: қоспалар тек өлшемдерімен ажыратылады, ал жеңіл қоспаларды бөліп алу процесі күрделі, энергия шығыны жоғары. Дәннің өзіндік физико-механикалық қасиеттерін пайдаланылмаған.

Жобаның мақсаты - дән массасын жеңіл қоспалар, шаң-тозаңнан тазалау процесін жетілдіру үшін жаңа технологиялық жабдық құрылымын жобалау.

Қойылған мақсатқа байланысты егістіктен жинап, қоймаларға жеткізілген астықтың құрамында өте көп мөлшерде органикалық және техникалық /зауыт-фабрикадан бөлінген шаң-тозаң, автомобиль түтіні т.б./ түрлерге бөлінетін шаң-тозаң кездеседі. Дән массасын шаң-тозаң құрайтын жеңіл қоспалардан қоймаға орналастыруға дейін тазалауға арналған машина мына талаптарға жауап беруі тиіс:

а/ дәнді жеңіл қоспалардан жоғары тиімділікпен өнім бірлігіне шаққанда төмен меншікті шығынмен тазалау;

б/ құрылымдық ықшамдылық және қолданымдық ыңғайлылық;

в/ құрылымдық қарапайымдылық, айналмалы бөліктері барынша аз болуы немесе болмауы, бола қалған жағдайда оларға қатысты қауіпсіздік техникасының қамтамасыз етілуі;

г/ машинан өнімділігі жоғары болуы, яғни элеваторлық тасымалдағыштардың көмегімен ағынды түрде тасымалдану өнімділігіне тазалау өнімділігінің сәйкес келуі;

д/ қолданым ауқымының кеңдігі: үздіксіз принциппен жұмыс істейтін өнімділігі 100, 175 т/сағ таспалы конвейер сияқты қоймалық, элеваторлық тасымалдағыштардың тиеу, түсіру тораптарына орнату мүмкіндігі. Бұл тасымалдағыштардың тиеу-түсіру тораптарында ұрылу, шашылу әсерінен, және дәннің таспа бетінде үймелік пішінделуі кезінде тербеліс әсерінен құрамынан өте көп мөлшерде жеңіл қоспалар бөлініп, қоршаған ортаға тарайды да, ластайды. Бұл қызметкерлердің денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Машинаның қабылданған құрылымын өндіріске енгізу нәтижесінде дәнді конвейерлерге тиеу-түсіту тораптарында қоршаған ортаға көп мөлшерде шаң бөліну процесі шектелуге тиіс;

  • пневмосұрыптағыш ретінде диірмендердің дайындау бөлімінде орнату мүмкіндігі:

  • Пневмоқұрылғылы сұрыптағышты механикаландырылған астық сақтау қоймалары мен элеваторлардың тиеу-түсіру тораптарына мүмкіндіктері құрылымдық жобалау және параметрлерін анықтау бойынша басшылыққа алынады.

Осы көрсетілген ұсыныстар мен тапсырмаларға байланысты келесі бөлімдерде талапқа сай келуге тиіс машинаның тиімді құрылымы іріктелді. Пневмосұрыптағышты машина жобасын құрастыру мақсатында аэродинамикалық кедергілерді анықтау бойынша ғылыми-зерттеулер, параметрлерін анықтау үшін сәйкес есептеулер жасалынды.

Сонымен қатар машнаны өндіріске енгізудің технико-экономикалық жуық көрсеткіштері есептеу жолымен анықталды.

Соңғы бөлімде қазіргі уақыттағы механимкаландырылған қоймалар мен элеваторлардың кемшіліктеріне байланысты санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу деңгейі суреттелінді. Техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларына шолу жасалынды.

Ұсынылып отырған машина жоғарыдағы талаптарға сай келеді.