- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
- •5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •3. Оқыту тапсырмалары:
3. Оқыту тапсырмалары:
Ата – ана мен баланын құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Ата – анамен баланың құқықтық қарым – қатынасының негізгі заңдық құқық негізін білу
Ата – аналық құқықтан айыру себептерімен таныстыру.
4. Сабақты өткізу түрі:Ситуациялық есептерді шешу
5. Тақырыпқа байланысты тапсырма:
Некелік – отбасылық құқықты қорғау және жүзеге асыру
Некеге тұру тәртібі және талаптары
Некені тоқтату
Ерлі – зайыптылардың міндеттері мен жеке құқықтары
Алимент төлеу туралы келісім
6. Үлестірме материал: ситуациялық сұрақтар
1 есеп. Некеге отыру барысында ерлі – зайыптылар келісім шарт бойынша жиналған мүліктері теңге бөлінуі тиіс. Жеке кәсібінің басымдылығына байланысты ері үйге бағалы заттарды үй, автокөлік, қабырға суреттері, антиквариат, видео құралғы және т.б. алған. Ал әйелі бала күтімі мен үй шаруашылығымен айналысты. Біраз жылдар өткеннен кейін некелері бұзылды.
Неке бұзылғаннан кейін екі баласы анасымен қалды. Неке шарты бұзылғаннан кейін екі баласына алимент төлемейтіндігіне әйелі қорқып тек керекті заттарын киім - кешектерін, азық – түліктерін алып кетті. 3 жыл өткеннен кейін күйеуінің қалған мүліктерін қалай алу керектігіне байланысты қорғаушыдан кеңес алды. Келісім шарт бойынша барлық мүліктер екі жаққа бөлініп кетуіне байланысты күйеуі қарсылық білдірді, себебі әйелінің ұсынысы бойынша оның уақыты өтіп кеткен. Ал қазіргі жағдайда күйеуінің жаңа отбасы бар, соны қамтамасыз ету керек екенің алға тартты . Бұл жағдайды қалай шешуге болады?
2 есеп. 20 жыл некеде тұрған ерлі – зайыпты Абировтар неке шартын жасауды ұйғарды. Келісім шарттын бір бөлігіне Мақсат Абиров бір жыл ішінде бірінші некесінен туылған ұлы 27 жасар Қанатты мұрасынан айырып,екінші некеден туған қызы Лаураның пайдасына өсиетнама қалдырды. 4 айдан кейін өсиетнама құрастырылып, тиісті түрде рәсімделді. Ал 8 айдан кейін Мақсат Абиров қайтыс болды. Канат Абиров сотқа барып өсиетнаманы жарамсыз деп тануын талап етті. Себебі бұлардың барлығы неке шарты бойынша жасалған. Кімнің іс-әрекеті заңды?
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Айтжан Б. Е. Отбасы құқығы. Оқу – анықтамалық жәрдемақы.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
Қосымша:
Нечаева М.А. Отбасы құқығы. Дәріс курстары. М.2002
Антокольская М.А.Отбасы құқығы. М,.2000
Бақылау ( сұрақ – жауап )
Ата – ана құқығынан қандай жағдайларда айырады және оның салдары қандай?
Ата – ана құқығын қалпына келтіру
Ата – ана құқығын шектеу және оның салдары
Патронат дегеніміз не?
Азаматтық актінің жағдайын тіркеу
Некені тіркеу
Некені бұзылуын тіркеу
1. Тақырып 7: ҚР Еңбек кодексінің жалпы сипаттамасы, Еңбек шарты.
2. Мақсаты: ҚР еңбек қатынасындағы болатын өзгерістер мен еңбек қатынасын тоқтату принцптерімен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Еңбек қатынасының маңызымен, тәсілдерімен таныстыру
Еңбек қатынасын құру, өзгерту және тоқтату
ҚР еңбек қатынастарының қайнар көздері
Еңбек шартымен және оның түрлерімен таныстыру
Еңбек шартын құруды және бұзуды қарастыру
Сабақты өткізу түрі:Ситуациялық есептерді шешу
Тақырып тапсырмалары:
Еңбек құқығы жүйесі мен принциптері.
Жеке еңбек шарты
ҚР еңбек құқығының қайнар көздері.
Еңбек қатынасы бұзылғандағы жауапкершілік түрлері.
5. Еңбек шарты
6. Еркін еңбек қағидаларын іске асыру мақсатында еңбек шарты
7. Еңбек шартының түсінігі және тараптары.
8. Еңбек шартының қазіргі жағдайдағы ролі және манызы
6. Үлестірілетін материал: ситуациялық есептер
1 есеп. Он бес жасар Олег Бутылин мектептін 8 сыныбын бітірген соң оқуын кешкі мектепте жалғастырып жұмысқа тұруға барады. Өзін жұмысқа алуға сұранып барған «Посылторг» директоры оны ала алмайтынын , өйткені оның кәмелеттік жасы 16-ға толмағанын айтты..Мектеп директорының іс- әрекеті заңды ма?
2 есеп Алматылық «Вариант» трикотаж комбинатына жұмысқа орналасу ұсынысымен тігінші Сидорова, юрист консультант Петренко және жүргізуші Оспанов келеді. Олар кадр бөлімшесіне еңбек кітапшасын және паспорттарын ұсынды.Тағы қандай құжаттарды акционерлі қоғам әкімшілігі олардан талап етуі керек?
3 есеп. Еңбек шартында көрсетілгендей калыпты емес жұмыс күнімен еңбек етіп жүрген «Арай» ААҚ әкімшілік жұмысшысы Есжанов қаңтар айы бойы бірнеше рет демалыс күндері және жұмыс істемейтін мейрам күндері де жұмысқа тартылды. Қаңтар айының жалақысын алғанда жанағы күндердің есепке алынбағанын.Мекеме басшысы заң бойынша Есжановқа оның қалыпты емес жұмыс күніне қосымша жылына бір рет төленетін демалыс берілетінің алға тартты. Жұмысшы Директор келтірген уәздермен келіспей сотқа шағымданатын болды.
Сот қандай шешім шығару керек? Директорды іс-әрекеті Заңды ма?
4 есеп. Ет өндегіш зауытта жұмысшылармен ұжымдық шартта еңбеккерлер жалақысының 20% ақшалай емес, зауыт өнімдерімен беру қарастырылған. Осы тектес жағдай кез келген жұмысшымен арадағы еңбек шартында көрсетілген.
Жұмыс беруші ай сайын жұмысшыларына жалақыны ұжымдық шартқа сүйене отырып: ақшалай 80% және 20% зауыт өнімімен төлейді. Инспекциялық тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторы бұндай жалақы төлеудің жұмысшылардың жеке өтінішінсіз мүлдем болмайтындығын көрсетті. Мемлекеттік инспектордың іс-әрекеті заңды ма?
7. Әдебиет:
Негізгі:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
2. Еңбек құқығы. Абузяров Н.А.А.,2002ж
3. Еңбек құқығы:Айман Т.О.М.2002ж
Қосымша:
1. Еңбек құқығы В.Ф.Гапоненко ,Ф.Н.Асанова М.,2001ж
2. Еңбек құқығы М.,2001.
3. Шайбеков К.А.ҚР Еңбек құқығы 1996ж
8. Бақылау: сұрақтар, тест сұрақтары
Еңбек шарты пәні
Еңбек шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Еңбек шартының мазмұны
Еңбек шартының мерзімі
Еңбек шартын тоқтату негіздері
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату
Жұмыс берушінің бастауы бойынша еңбек шартын тоқтату негізі
Жұмыс берушінің бастауы бойынша еңбек шартын тоқтату тәртібі
Жұмысшының бастауы бойынша еңбек шартын тоқтату
! Еңбек шарты жасалады:
жазбаша түрде;
ауызша түрде;
екі жақтың келісімімен;
жұмыс берушінің келісімімен;
ерікті түрде.
! Азаматтардың демалыс уақыты туралы ҚР- сы Конституцияның мына бабында бекітілген:
№ 37 бап;
№ 47 бап;
№ 33 бап;
№ 24 бап;
№ 22 бап.
! Жыл сайынғы еңбек демалысының минималды мерзімі:
36 күн;
28 күн;
24 күн;
44 күн;
38 күн.
! Еңбек келісім шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші жұмысшығатиесілі ақшаны қанша мерзімде түсіруге міндетті:
апта;
3 күн;
2 күн;
ай;
2 ай.
! Адамның еңбек қызметін реттейтін құқық саласы:
азаматтық іс- жүргізу құқығы
қылмыстық іс- жүргізу құқығы
азаматтық құқық
еңбек құқығы
қаржы құқығы
! Еңбек құқығының реттейтін әрекеттері:
жалақының төленуі;
демалыс үйіне жолдаманың сатып алынуы;
дүние-мүлікті басқару;
тауар сату;
мүлік сатып алу.
! «Жұмыс беруші жұмысшының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырып, оның өміріне және денсаулығына зиян келтірмеуге, еңбек құқығын сақтауға міндеті туралы» заңы қай жылы қабылданды:
2005ж.
2000ж.
2000ж.
2004ж.
2002ж.
! «ҚР-ң мемлекеттік қызмет туралы» заңықай жылы қабылданды?
1995ж.
1999ж.
1998ж.
1997ж.
1993ж.
! «Еңбекті қорғау туралы» заң қашан қабылданды?
1993ж.
1994ж.
1995ж.
1996ж.
1997ж.
! «ҚР-ң ұжымдық шарттар туралы» Заңы қабылданды:
1990ж.
1999ж.
1992ж.
1993ж.
1994ж.
1. Тақырып 8: ҚР қаржы жүйесінің заңнамалар негізінде дамыту, ҚР экологиялық кодексі және жер құқығының ерекшеліктері
2. Мақсаты: Экологиялық құқықтың жүйесі және қағидаларымен,қоршаған ортаны пайдалану және қорғаудың негізгі қағидаларымен танысу.
