Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SO_1256_Zh_2014.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

3. Оқыту тапсырмалары:

1.ҚР-ң қаржылық құқығының көздерімен таныстыру

2. Қызметтер және қаржылық құқық жүйесі

3. ҚР-ғы қаржы-құқықтық қатынасты сипаттау

4. Экологиялық құқық жүйесі және әдістерімен таныстыру

5.Табиғатты пайдаланудың негізгі принциптері

6.Табиғатты пайдалану түсінігі және түрлері

7.Экологиялық реттеу

8.Қазақстан Республикасының жер заңнамасы

4. Сабақты өткізу түрі:Тест сұрақтарын шешу

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1.Жер заңнамасының қағидалары

2.Қоршаған ортаны қорғау нысандары

3.Арнайы табиғатты пайдалану құқығының орындалу шарттары мен пайда болу негіздері

4. Қаржылық құқықтық қатынас түрлері

  1. Қаржылық құқықтың субьектісі

  2. Мемлекеттің ақшалық жүйесі

  3. Мемелекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі

6. Үлестірмелі материал: (тест сұрақтары)

! Қаржылық бақылаудың түрлеріне жатады:

  • бюджеттік және банктік;

  • жүйелі және банктік;

  • бюджеттік және білімдік;

  • білімдік және жүйелі;

  • реттеуші және тезистік.

! Қаржылық құқық қатынастарының субъектісі бола алады:

  • ақшалар;

  • мемлекет;

  • үй;

  • дүние-мүлік;

  • ақшалы міндеттемелер.

! Тараптардың келісімі негізінде сипатталатын қаржылық құқықтық қатынастар:

  • ұйымдық;

  • билеуші;

  • материалдық;

  • келісімдер;

  • қайта құру.

! Қаржылық құқықтың жүйесіне кіреді:

  • бюджет және салық құқығы;

  • мемлекеттік және салық құқығы;

  • техникалық және бюджет құқығы;

  • салық және білім құқығы;

  • диспозиционды және қайта құру құқығы.

! Ревальвация - бұл:

  • дағдарыс;

  • ақша бірлігінің өсуі;

  • ұлттық валюта курсының жоғарылауы;

  • ақша бірлігі курсының төмендеуі;

  • ақша түрінің әр-түрлілігі.

! Жер заңнамасының қағидаларына жатпайды:

  • жерді қорғау және рационалды қолдану;

  • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • жерді мақсатты пайдалану;

  • ауыл шаруашылығына арналаған жерлердің қолданылуы;

  • жеке құрылысқа арналған жерлердің қолданылуы.

! Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасының мақсаты:

  • жер теліміне меншік құқығының өзгеруі және тоқтатылу шарттары мен пайда болу шегі;

  • жердің құнарлығын жақсарту, табиғи ортаны сақтау және жақсарту;

  • жер телімі иелерінің міндеттері мен құқығының орындалуы;

  • жеке меншік жер телімілерінің пайдалану тәртібі;

  • жердің қауіпсіздігін және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.

!Жер теліміне және жерді пайдалану құқығына мемлекеттік грант беріледі:

  • ҚР заңды тұлғасына;

  • ҚР жеке тұлғасына;

  • бипатридке;

  • азаматтығы жоқ азаматтарға;

  • тек ҚР-ң азаматтарына.

! Жеке меншіктегі жер телімін уақытша пайдалану құқығы – бұл:

  • жер телімінің иесімен уақытша пайдаланушы арасында келісім шарт негізінде шығатын жер теліміне субъектінің уақытша ие болу құқығы және жер телімін пайдалану құқығы;

  • жер телімін мұрагер ретінде пайдалану құқығы;

  • келісім шарт негізінде пайда болған субъектінің жер теліміне ие болу және пайдалану құқығы;

  • мемлекеттік сатып алу негізінде пайда болған субъектінің жер теліміне ие болу және пайдалану құқығы;

  • табиғи ресурстарды йеленуге және пайдалануға субъектінің құқығы.

! Жерге ие болу құқығы – бұл:

  • Заңмен қамтамасыз етілген;

  • Заңмен қамтамасыз етілу нәтижесінде жерге түпкілікті ие болу;

  • шаруашылық және басқа да іскерлік процесіне пайдаланатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер;

  • шекараның тұйықталған бөлігіндегі жер;

  • ҚР-ң табиғи байлықтарымен йемденуге құқығы.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. ҚР-ның заңымен 1998 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.

  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz

  2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz

  3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz

Қосымша:

1.Алексеев С.С. Жалпы құқық теориясы.-1994.

2.Ашитов З.О. Егеменді Қазақстан құқығы.-Алматы,1995.

3.Қазақтан Республикасы Конституциясының маңызды сөздігі.-Алматы,1996

8. Бақылау: (сұрақ-жауап)

1.Жер заңнамасының қағидалары

2.Қоршаған ортаны қорғау нысандары

3.Арнайы табиғатты пайдалану құқығының орындалу шарттары мен пайда болу негіздері

4.Экологиялық нормативтеу мақсаты

5.Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау міндеті

6. Қаржылық жүйенің құрылу прцесінде қандай қатынас пайда болады

7. Қазақстанның ақшалық реформасы

  1. Қаржы банктік құқық

  2. Қаржы құқықтық қатынастың құқықтық реттеу әдістері

10.Мемелекеттің қаржылық қызметі және муниципалдық білім.

1. Тақырып 9: ҚР Қылмыстық кодексіне жалпы сипаттама

2. Мақсаты:ҚРқылмыстық кодексінің негізгі бөлімімен таныстыру(қылмыстың белгілері,қылмыс санаттары,қылмыстық жауапкершілік,қылмыстың құрамы,жазалаудың мақсаты).

3. Оқыту тапсырмасы:

1.Қылмыстық құқықтың жүйесі және ұстанымдарымен таныстыру.

2.Қылмыстың белгілері,қылмыстық жауапкершіліктің негізі,қылмыс құрам

3.Жазаның түрі және мақсаты,түсінік

4.Қылмыстың құрамы және қылмыс санаттары

4. Сабақты өткізу түрі:Ситуациялық есептерді шешу және тест сұрақтары.

5. Тақырып туралы тапсырма:

1.ҚРҚҚ жүйесі және тапсырмасы туралы түсінік

2.Қылмыстың белгілері және қылмыс туралы түсінік.Қылмыстың классификациясы

3.Қылмыстық жауапкершілік.

4.Қылмыс құрамы

5. Жаза туралы түсінік және жаза мақсаты

6. Үлестірілетін материал: (cитуациялық есептер):

1-есеп. Смирнов бұзақылық және ұрлық жасады. Қылмыс жасалған уақытта, Смирнов -15 жаста еді. Смирнов көрсетілген қылмыстардың қайсысына қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

2-есеп. Иванов,Петров және Сидоров автокөліктің аккумляторын және әйнегін ұрлады.Бұл жағдайда Иванов Петров пен Сидоровқа автокөлікті көрсетіп,ал өзі үйінің ауласында күтті.Ұрлық жасалғаннан кейін ұрланған заттар автокөлік базарына шығарылды.Бұл жағдайда әрқайсысының рөлі қандай? Иванов,Петров,Сидоров орындаушылар болып табылады ма?

3-есеп. ҚР ҚК 293 бабы бойынша Инкин бұзақылық жасады. Қылмыс жасалған кезден бастап 3 жыл өтті. ҚР ҚҚ 192 бабы бойынша ол қарақшылық жасады. Қарақшылық жасалған кезден бастап 2 жыл өтті. Мерзімі өтіп кеткендіктен оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болады ма?

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

1.ҚР «Жеқорлықпен күрес» туралы Заңы 2.07.1998ж. (өзгертулер мен қосымша енгізілген)

2.Қылмыстық құқық.Негізгі бөлім.Оқулық редакциясымен:

з.ғ.к. А.Н.Агыбаев,профессорлар Г.И.Баймурзин,И.И.Рогов .А.,2004.

3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ

Қосымша:

1.Қылмыстық құқық.ЖОО арналған оқулық.И.Я.Ко 1заченко,З.А.Незнамова редакциясымен.-М.,1997.

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Құқығы Е.И.Қаиржанов.-Алматы,1999.

8. Бақылау:(тест сұрақтары)

! Қылмыстық Кодексте қылмысты категорияға бөлу неге байланысты жүргiзiледi:

  • қылмыстың түріне, сипатына, қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне қарай;

  • субъекттік және объекттік жақтарына;

  • қылмыстың объектісі мен субъектісінің факультативті белгілеріне;

  • тек субъективті жағына;

  • себеп мен мақсаттарына.

! ҚР-ның қылмыстық заңын қабылдауға қандай орган құзырлы:

  • ҚР- ң Президентi;

  • ҚР-ның Парламентi;

  • ҚР-ның конституциялық кеңесі;

  • ҚР-ның Үкiметi;

  • Мәжiлiс.

! Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайды:

  • мемлекеттiк ұйымдардың лауазымды тұлғалары;

  • жергiлiктi өзi- өзi басқару органдарында үнемi немесе уақытша жұмыс iстейтiн қызметшiлер;

  • Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаты ретінде заңмен белгіленген ретте тіркелген азаматтар;

  • жергiлiктi өзiн- өзi басқару органдарына сайланған тұлғалар;

  • жануарлар.

! Қылмыстық заң заңдық күшiн жоғалтпайды:

  • жаңа заң қабылданғанда;

  • қылмыстық заңды тоқтатқанда;

  • ескі заңды жаңасымен ауыстырғанда;

  • заңда тiкелей көрcетiлгендей осы заңнын заңдық күшінің мерзiмі өткенде;

  • қылмыстық заңға өзгерiстер және толықтырулар енгiзгенде.

! ҚР- ң аумағында ҚК заңдық күшіне енгенге дейін қандай қылмыстық заң жұмыс істеді:

  • 1926 ж. РСФСР ҚК.

  • 1960 ж. РСФСР ҚК.

  • 22.07.1959 жыл. ҚазКСР ҚК

  • 1959 ж. КСРО- ңқылмыстық заңнамасының негiздерi;

  • 1999 ж. КСРО-ңқылмыстық заңнамасының негiздерi.

! Экстрадиция дегеніміз бұл:

  • қылмыс жасаған қылмыскерлердi беру ;

  • қылмыс жасаған тұлғаларды еліне қайтару;

  • шеқараны межелеу туралы мемлекеттердiң арасындағы келiсiм шарт;

  • мемлекеттердiң арасындағы даулы мәселенiң бейбiт шешiмi;

  • iстестiк туралы мемлекеттердiң арасындағы келiсiм шарты.

! Физикалықжапа шектірген қылмыс үшін жазалаудан бас тарту:

  • гуманизм;

  • кінәлілік;

  • әдiлдiк;

  • жеке жауапкершiлiк;

  • қылмыстық репрессияларды үнемдеу.

! Өлімнің тікелей обьектісі болып табылады:

  • адам өмірі;

  • адам;

  • өмір сүру құқығы;

  • жеке тұлға;

  • азамат.

! Төменде көрсетілген кісі өлтірудің қайсысы ҚР-ң ҚК- де қарастырылмаған:

  • аффект жағдайында адам өлтіруге баруы;

  • ананың жаңа туған сәбиін өлтіруі;

  • қорғанушылық жағдайын асыра пайдаланған жағдайдағы болған өлім;

  • қылмыскерді ұстау кезінде шара қолдану барысындағы асыра сілтеушілік;

  • өз-өзіне қол жұмсауы.

! Қылмыстың субъективті жағынан қарағанда қауіпті жағдайда қалдыру , бұл­­­­:

  • жанама ой;

  • жанама ой немесе абайсызда;

  • тікелей ой;

  • ұқыпсыздық;

  • жеңіл ойлылық.

1. Тақырып №10. Іс – жүргізу құқығының салалары: Қылмыстық іс жүргізу құқығы, азаматтық іс – жүргізу құқығы, әкімшілік іс – жүргізу.

2. Мақсаты: Іс жүргізу құқығының Конституциялық негізімен және жүйесімен, қызметімен және қағидаларымен таныстыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]