- •Мазмұны
- •1 XVIII ғасырдың бас кезіндегі кіші жүздегі саяси жағдай және әбілхайр хан.
- •1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі
- •1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-әрекеттері
- •2. Әбілқайыр ханның кіші жүзді ресейге қосу жолындағы ұстанған саясаты.
- •2.1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы
- •2.2 Әбілқайыр ханның орыс үкіметінің өкілдерімен қарым-қатынасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 XVIII ғасырдың бас кезіндегі кіші жүздегі саяси жағдай және әбілхайр хан.
1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі
Қазіргі тарихх ғылымында қазақ хандары жан-жақты зерттелуде. Тәуелсіздікке қол жеткізуімізге байланысты тарихи таным туралы талас-пікірлер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Әбілқайыр ханға обьективті бағаны XVIII ғасырдың 20-40-шы жылдар аралығындағы тарихи жағдайларжы қарастырып анықтауға болады. арнасына жаңадан игеріле бастаған отандық және шетелдік жазба деректер тартылуда. Әбілқайыр ханның Қазақстанның саяси тарихындағы орны туралы талас-пікірлер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Әбілқайыр ханға обьективті бағаны XVIII ғасырдың 20 – 40 - шы жылдар аралығындағы тарихи жағдайларды қарастыра отырып, анықтауға болады. Әбілқайыр ханның шежіресіне тоқталатын болсақ, оған қатысты көптеген ғылыми зерттеулерде әртүрлі шежіре кестелері кездеседі. Әрине, шежіре кестелерінде айырмашылықтар бар. Адам есімдерінің әртүрлі жазылуында орындарының ауысуында немесе жаңа бір есімнің кездесуінде. Кейбір шежірелерде Әбілқайыр хан Өсеке ұрпағынан емес, Қасым хан ұрапағынан шыққан деседі. Яғни, Шыңғыс хан – Жошы – Тоқайтемір – өз Темір – Қожа – Бадақұл – Арыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Абусағид хан – (Әз Жәнібек деп аталған). Әз Жәнібектің балалары Иранчы, Махмұт, Қасым хан, Айтек, Жаныс, Қамбар, Тәтіш, Үсек, Жәдік, Қасым ханнан – Шығай – Тәуекел хан – Есім хан –Салқам Жәңгір – әз Тәуке хан – Әбілқайыр хан – мен Болат хан. Ал Болат ханнан Сәмеке, әбілмәмбет тараған. Дәл осылар ақтабан - шұбырындыда Ұлы Жүзде Әбілмәмбет хан, Орта жүзде Сәмеке хан, Кіші Жүзде Әбілқайыр хан еді [25, 13 б]. Қазіргі кезде ғылыми айналымға енбей келе жатқан қазақ хандарының шығу тегі мәселесін Б.Кәрібаев өз еңбектерінде ғылыми қарстырып, қазақ хандарының генеолгиясын жлшының кенже ұлы Тұқай - темірден емес, орда Еженнен таратады. Сондай-ақ Берекет бақытжанұлы өзінің еңбегінде XIX ғасырдың I ширегіне дейін өмір сүрген қазақ хандарының бәрі. С. Толыбеков Әбілқайырдың ата-тегін былайша таратады: «Жәнібек сұлтанның балаларының ішінен Өсеке сұлтаннан – Ырыс сұлтан – Ходжа сұлтан – Абдулла сұлтан тарайды. Абдулла сұлтанның балалары Жолбарыс хан, нияз сұлтан, әбілқайыр хан (1693- 1748жж), Досалы сұлтан» [26,45 б].
Алайда, көңіл бөлетін бір жай, профессор Т.Қаратаевтың Әбілқайыр аттас тарихи тұлғалар негізінде жазылған мақаласында: « Кіші жүздегі Әбілқайыр ханның Абдолла деген әкесі болмаған, әкесінің аты бірде Әжі,Қажы, бірде Аджа болып жазылған. Абдолла деген адам – Ұлы жүздегі Әбілқайыр ханның әкесі екен. Кіші жүзде Әбілқайырмен бір мезгілде ұлы жүзде де бір Әбілқайырдың болғанаын тарихи деректерді пайдалана растай келе, көп жерде мәлімет араласып жүргендігін жазады». Қойшығара Салғараұлы: Әз Жәнібек ханның 9 ұлдарының бірі Ұснақтан - Бөлекей Қоян – Батырхан - Айшуақ - Ырыс-Қажысұлтан –Әбілқайыр хан,-деп шежірені өрбітеді.
Әбілқайырдың ата-тегі қара сүйектен шыққан деген ғылыми тұжырымдар кездеседі. Әбілқайырды жоғары ақ сүйек әулетінің өкілдері оны «қара сүйек» әулетіне жатқызған. 1748 жылы 24 қыркүйекте А.Тевкелевтің Сыртқы істер алқасына Кіші және Орта жүздің хан - сұлтандарының генеологиясы жайында жазған мәлімдемесінде Кіші жүз ханының шежіресі былайша көрсетіледі: Өсеке-Бөлекей Қоян – Айшуақ – Нарыш – Аджа – Әбілқайыр [8, 25 б]. А.Левшин де Әбілқайырдың шежіресін дәл осылай өрбітеді [3, с. 72]. Әбілқайырдың ата-тегі туралы мәліметтер тағы да мынандай ғылыми зерттеулерде кездеседі Ш.Ш.Уәлиханов [27, с. 23] 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан «Хандар шежіресі» атты көне қолжазба табылды.Бір өкініштісі осыншама құнды да асыл мұраны ұзақ жылдар бойы зерттеп,қағазға түсірген кісінің аты-жөні белгісіз күйде қалып отыр. Қорыта келгенде,Әбілқайыр ханның ата - бабалары қазақ хандығының негізін салушы Шыңғыс хан әулетінен шыққан Әз Жәнібектің кенже ұлдарының бірі Өсекеден тарайтынын тарихи деректер растап отыр. Бұған тағы бір ғылыми дәлел Мұхаммед Әбілқайыр II (Әбілқайыр I XV ғасырдың ортасында өмір сүрді) ата тегі қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Жәнібек ханнан,оның кенже баласы Өсек сұлтаннан басталады.Шыңғыс ханнан бастап Әбілқайыр ханға дейін, Әбілқайырдан қазақ хандық билігі жүзеге асырылғанға дейінгі ұрпақтарының шежіресі жақсы өрбітілген [28].
Әбілқайыр қазіргі кейбір тарихшылардың көрсетуінше,1693 жылы емес, 1684/ 85 жылдар аралығында туған сияқты. Себебі,ол Қарақұм кеңесінде хан сайланғанға дейін-ақ дарынды қолбасшы ретінде Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында танылып үлгерген еді. XIX ғасырдың аяғында жазылып алынған қазақ аңыздарының бірінде,Әбілқайырдың үйлену тойы Қарақұм кеңесінде оның хан сайлануымен ұласады. Әбілқайырдың 1710 жылы хан сайланғандығын орыс зерттеушісі В.Н.Витевский де растайды. Бопайдың 1709, не 1710 жылы тұрмысқа шыққандығы,тұңғышы Нұралының туған жылымен де (1710/11-1790) дәлелденеді. Бопай жүз жастан астам өмір сүріп, 1780 жылдың 31 мамырында қайтыс болған делініп жүр. Сонда ол 1680 жылдан кейін тумаған және Әбілқайырға тұрмысқа шыққанда 29 - 30 жас шамасында болады.Әрине,бұл ақылға да, сол кездегі қазақ салтына да сыймайды.Бопай әрі кеткенде жиырма жастан аспаған, яғни ол 1689/90 жылдар шамасында дүниеге келген. Әбілқайыр ханның қазақ қоғамының қайраткері ретінде қалдырған ізіне куә ретінде күрделі әскери-саяси жағдай,қазақ қоғамындағы түбегейлі өзгерістерге мұқтаждық,далалық менталитет.Осының бәрі Кіші жүздің ұлы және дара қайталанбас ханы - Әбілқайырдың пайда болуына жағдай жасады емес пе? Әбілқайыр хан нағыз саясаткер және әскербасы ретінде ғана емес,сонымен қатар династияның негізін қалаушы ретінде де қымбат. Ол династияның өкілдері: алғашқы генералдар Жәңгір хан Бөкеев, Баймұхаммед Айшуақов,Мұхамеджан Баймұхаммедов және армия генералы Ғұбайдұлла Жәңгіров,атақты сазгер Дәулеткерей Ордасындағы қазақ әйелдер мектептерінің негізін қалаушы Хосни Нұралыханова II Мемлекеттік Дума депутаты Бақытжан Қаратаев пен Ғабдолхәкім Бөкейханов,Құрманғазы атындағы оркестрінің негізін қалаушылар Пауша мен Махамбет Бөкейхановтар және т.б. Бүгін де Әбілқайырдың ұрпақтары (Бөкейхановтар, Сейдалиндер, Шығаевтар және т.б.) оның атын мақтанышпен алып жүр.Олардың ішінде ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, профессор Майя Хажетдинова Шығаева. Сонымен, Әбілқайыр хан – мемлекеттік және әскери іскер, жоңғарлармен шайқастағы қазақ әскерінің бас қолбасшысы, Бұланты және Аңырақай шайқасының батыры, мәмілегер, қазақ даласының бірінші маршалы, Ресей мен Қазақстан жақындасуының инициаторы [18, с. 15].
Оның есімі қазақ даласының басқа көрнекті қайраткерлерімен бір қатарда тұруы керек атап айтқанда жауынгер Қасым хан, айбарлы Жәңгір хан, дана Тәуке, данышпан Абылай және қаһарлы Кеңесары – деген ұсыныстарға қосыла келе, Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен» кең байтақ қазақ даласының ұлы ұлдарының бірі. Әбілқайыр орыс империясының боданы болу арқылы мемлекеттілікті сақтай алды. Ендігі кезекте мемлекет қайраткері – Әбілқайыр ханның жанұясына тоқталайық. Әбілқайырдың Бопайдан басқа тағы да екі қазақ ,бір қалмақ,бір башқұрт әйелі болған.Бірінші қазақ әйеліне Әбілқайыр хан жас кезінде үйленген дейді, - зерттеуші И.Ерофеева. Оның ойынша: Әбілқайыр бірінші әйеліне үлкен ағасы Тоқтамыс сұлтан өлгеннен кейін әмеңгерлік жолмен үйленген деп болжайды [29, с. 36]. Әбілқайырдың бірінші әйелі туралы ең алғашқы мәліметтер А.И.Тевкелевтің 5 қазан 1731 жылы жазылған журналында көрсетіледі.Онда Әбілқайырдың бірінші әйелі мен өгей шешесінің жоңғарлардың Түркістан Қаласына шабуыл жасаған кезінде тұтқынға алынғаны туралы айтылады. Шамамен 1731 - 1736 жылдар аралығында ол,осы жоңғарлардың қолында өледі. Бірінші әйелінен Әбілқайырдың бір қызы болды. Яғни, бірінші әйелі (Тоқтамыс сұлтанның әйелі) - адайдан; тек өмірлік серігі емес,саясатта да кеңесшісі болған төре тұқымынан шыққан – Бопай екінші әйелі; ал, қалған Әбілқайырдың үшінші әйелі-Еділ қалмағының тұтқынға түскен Цайроши деген қызынан Шыңғыс есімді ұл және қыз туды.Төртінші әйелі - башқұрт қызы, ол-кейін патша өкіметінің езгісіне қарсы көтерілген Қаратай сұлтанның анасы [30].
Ең соңғы аталған екі әйелімен Әбілқайыр хан ішкі және сыртқы саясатының дамуы үшін,хандық билігінің үстемдігі мен көрші елдердің беделді адамдарымен тығыз қарым-қатынаста болу үшін үйленген болатын. Әбілқайыр хан билігіне, 1748 жылға дейін әлімұлы, байұлы, жетіру ұрпақтарынан басқа арғындардың, уақтардың, керейлердің бір бөлігі кірді. Олар Батыс Қазақстан өңірлерінде, Сырдария өзенінің оңтүстік-батыс жағалауымен Ембі, Жайық өзендерінің бойында қоныс еткен. Бірақ-та негізінен Әбілқайыр ханның бабалары ертеден Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларымен соларға тиесілі ауылдары басқарған. Ғасырлар бойы ұлан - ғайыр қазақ даласында данышпан қайраткер тұлғалар қазақ халқының тарихына торасан зор үлесін қосты. Жоғарғы мемлекет билігіне байланысты әр хандардың өзіне тән әскери дарындылық,қырандық, саясаткерлік және дана мәмілегерлік қасиеттерін бойларына сіңірген олар,геосаяси стратег ретінде халқының және мемлекеттің тағдырын шеше алды. ХVIII ғасырдың 20 - шы жылдарының ортасына дейін хан тағына Жәнібек ханның баласы Жәдік сұлтанның ұрпақтары болды. 20-шы жылдардың ортасында бұл қалыптасқан дәстүрді Өсектің ұрпағы Әбілқайыр сұлтан бұзды. Сонымен, Мұхаммед Әбілқайыр Ғази Баһадүр хан – Шыңғыс ханның 15 - і ұрпағы еді [24, 5 б]. Әбілқайыр өмірінің тарихының кезеңінің біріне тоқталсақ, бір күні атақты Жәнібек батыр бір топ жауынгерлермен көрші ауылға аттаныпты. Сапарының бесінші күнінде олар жолда жалғыз тал ағаштың түбіне ұйықтап жатқан жас жігітті кездестіреді. Жігітті байқаған батыр аттың басын тоқтатады . Сонда жауынгерлерге қарап: «Қарап батыр әдемі жігіт.келбетті жігерге,намысқа толы.Қолымен бүкіл дүниені құшақтайтындай.Бұл жігітті үлкен болашақ күтіп тұрағанына сенімдімін. Осы айтқан сөзім келмесе, мен Жәнібек болмайын», депті. Бұны Торғай көшпенділерінен бір қазақ қоғамының әлеуметтік – тарихи дамуындағы Әбілқайырдың жетістіктерін айқын сипаттайды. Өзінің ақылдылығымен, стратегиялық айлакерлігімен, көптеген жетістіктерімен, ішкі жәнге сыртқы саясаттағы істері мен Әбілқайыр хан сөзсіз өткен ғасырлардағы қазақ басшыларының ішіндегі ең көрнектілер қатарына жатқызуға болады [29, с. 53].
1710 жылы Қарақұм құрылтайында, 1726 жылы Ордабасындағы ұлы жиынында батырлық пен биліктің үндестігін іске асыра алған Әбілқайырға билер бастаған топтың назары бекерден - бекер тоқталған жоқ [30].
Қазіргі таңда Әбілқайырдың хандық билікке келу мерзімі өзекті болып отыр. Әр түрлі ғылыми зерттеулердегі болжамдар мен деректердің шашыраңқылығынан болар, Кіші жүз ханының таққа отыру мерзімі өте даулы мәселе болып, ол туралы қарама - қайшы пікірлердің кездесуі сирек емес. Адам баласының өмірінде екі кезең ең маңызды рөл ойнайды,ол адамның дүниеге келуі мен кетуі. Осы тұжырымды хандық билік тұрғысынан қарастырсақ , хан лауазымына тағы екі кезең қосылады,ханның билікке келуі және оның биліктен кетуі. Әрине, Әбілқайырдың хандық билік дәуірінен бері аз уақыт өткен жоқ.Сондықтан да болар,қазіргі кезде Әбілқайырдың хандық билікке келуі жөнінде бір - біріне қарама - қайшы ғылыми еңбектер кездеседі. Жоңғарлармен соғыста Әбілқайырдың жасаған қайсар ерліктері мен шыға бастаған даңқы башқұрт тарқандарының назарын аудараы. 1709 жылы ойраттардың кезекті шабуылын тойтарғаннан кейін Әбілқайыр Алдар Исянгельдиннің шақыруымен Аралдың терістігінен Шығыс Башкирияға,орыс үстемдігіне қарсы башқұрттар көтерілісі жүріп жптқпн Ноғай даруғасының жеріне көшті. Белгілі башқұрт батырларымен ,қазақ игі жақсыларымен,Әбілқайрдың өзімен тығыс байланыста болған Ташкенттік сарт Нұрммұхаммед Әлімовтың хабарлауынша. «Сонғы башқұрт бүлігіне алдар жас Әбілқайыр сұлтанды шықрып оны хан деп атады, ол Кіші Орданың ханы болды».Дәл осыны 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барған Орынбор экспедициясының бұрынғы суретшісі Джон Кэстль де айтады: «Хан болмай тұрып ол сұлтан ғана болатын,оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін және артынан башқұрттардың Алдарына қарсы болған соңғы соғыста әбден көзге түскен соң, Кіші Орда оны хан сайлады». Сөйтіп,Әбілқайрдың хандық билікке өрлеуі, 1707-1711 жылдар аралығында басталған деген қорытынды жасалды. Ал, тарихшы - ғалым К.Есмаханбетұлы Джон Кэстль күнделігінде жазған ескертуінде Әбілқайыр хан болып 1710 жылы Қарақұмдағы бүкіл қазақ халқы елбасшыларының жиынында сайланған. Ал, Кэстль білетін Алдар Исянгельдин бастаған башқұрт көтерілісі 1735 - 1736 жылдары болды. 1708-1709 жылдардағы башқұрт көтерілісіне Әбілқайырдың қатысы болмаған сияқты,себебі Түркістан жағында болды. Сонымен, 1710 жылы Қарақұм кеңесіне дейін Әбілқайыр башқұрт ханы болып сайланды ма? Әлде жоқ па? Ол жағы бізге беймәлім. Нағыз хандық билік оның бүкіл қазақ халқының қоғам істерін шешудегі ақылдығына, амал тапқырлығына байланысты. Хандықты өз жағына аудара білген Өсеке әулетінің өкілі Әбілқайыр осы қасиеттерді иемдену арқылы билшігін жүзеге асырады. Әбілқайырда қазақ даласының көшбасшысына тән қасиеттің барлығы үйлесті және де ханның аты қазақ даласына ерте бастан - ақ белгілі болды. 1710 жылдың жазында Қарақұмдағы халық жиналысында жас Әбілқайыр Кіші жүздің ханы және бас қолбасшысы болып сайланды. Жастығына қарамастан Әбілқайыр ерлігімен, әскери шеберлігімен,басқару өнерімен танымал болды [31, с. 54].
Әбілқайырдың үйлену тойы мен хандыққа сайлануы бір уақытта болды деген халық аузында сақталған аңыз әнгіме дұрыс болса,онда Әбілқайырдың “хан« лауазымына ие болуының дәл уақыты - 1710 жылы екендігі анық.Нақ осы жылды тарихшы К.Л.Есмағанбетов, М.Ж.Әбдіров, көрнекті қаламгер Ә.Кекілбайұлы, академик М.Қ.Қозыбаев та Әбілқайырдың ақ киізге көтеріліп хан сайлауын Қарақұм құрылтайымен байланыстырады. Орыс елшісі А.И. Тевкелевпен болған әнгімесінде Әбілқайыр оның ата-бабалары Tашкентті, Түркістанды, Сайрамды басқарғаның айтты. Көп жылдар бойы ол жоңғарлармен теңсіз шайқас жүргізді,сол тшайқастардың бірінде әйелі мен өгей шешесі тұтқынға алынады.Жауларының қыспағына шыдай алмаған Әбілқайыр, осы қалаларды тастап, «көшпелі халық қырғыз-қайсаққа» кетуге мәжбүр болады.Бұл кезде қазақ хандығы үш жүзге бөлінген еді.Сонда Әбілқайыр Кіші жүзді басқарады.Бұл шамасы 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиналысында ақ киізде көтеріліп,Кіші жүздің ханы атанды,ал бас сардар қолбасшы болып табын Бөкенбай батыр сайланды. Тағы бір ғылыми еңбекте Әбілқайыр 1718 жылы Кіші жүз ханы болып сайланады деген мәлімет кездеседі. Ал, М.Жолдасбекұлы бастаған «Елтұтқа»-атты ғылыми кітабында Әбілқайырдың хан тағына отыруындағы басты кедергі деп саналатын себеп көрсетілген. Яғни, Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасынан хандық әуелден бұйырмаған.Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым,хан тағының заңды иесі менмін»-деуі де оның кіші буыннан екенін меңзейді. Әбілқайыр хан өзінің батырлық,ақылдылық,саясатшылық қабілеттері арқылы хандық билікке қол жеткізді. Көптеген баспасөз материалдарында Әбілқайыр 1718 жылдан бастап «хан» ретінде көрсетілген. 1718 жылы 10 желтоқсанда Бұлқайыр сұлтанның император I Петрге жазған хатында Әбілқайыр «хан» мәртебесімен емес «сұлтан» деп қана жазылады. Жарияланған хат жолдарына тоқталсақ «...белому царю .... Булгаира –хан брат Булгаир –султан ....покоряется».Бұл үзіндіден аңғарғанымыз,екі бірдей есімді адамның болуы, «хан» мәртебесімен «сұлтан» мәртебесінің қатар жүруі санаға кірмейді.Бұл Қажысұлтанның ұлдарының бірі. Әбілқайырдың інісі болса керек. Сонымен қорытындылай келгенде, Әбілқайырдың 1718 жылға дейін-ақ хан болғандығын аңғаруға болады [32, 33 б]. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында П.И.Рычков, А.Тевкелев: «Хан мұрагерлік тәртіппен сайланбайды, ру –ақсақалдары кімді қаласа, сол хан тағына отырады. Бұл жерде оның ьилігі мен абыройы мен хан тағына байланысты емес, ел ісін атқара алатын белсенділігі мен ақыл –ой парасатына байланысты. Әбілқайыр айтарлықтай белгілі хандар тұқымынан емес, тек жас шағынан ерлік жасап, ел тізгініне ие болып топ бастап хан лауазымына жеткен» [2, с. 25]. Хан тағына сайлау жөнінде мәлімет зерттеуші А.Левшиннің еңбегінде кездеседі. «Хан тағының мұрагері ақсүйек әулетінен шыққан сұлтан болғаны мен ол ақылымен,ел ісін атқара алатын қайсарлық,парасаттылық қасиеттерімен ерекшеленіп, сайлаушылардың ойынан шықпаса, онда ол халық сайлауында көп дауыс жинамайды» деген [3, с. 75]. Хан тәуелсіз емес, өйткені оның шешімі ру ақсақалдарының құптау – құптамауына байланысты болатын. Дегенмен. олардың өзі барлық жағынан ханның бұйрығына бағынатын. Қоғам өмірінде орын алып жатқан жариялы Істердің бәріне мәліметі болатын және үкімдерді хан бекітетін. Ақсақалдар кеңесі Әбілқайыр хан туында оның еркін тежеп отырды. Әбілқайырдың алдында үш жүздің ханы болу жоспары көзделді.Әбілмәмбет Сәмеке және Әбілқайырдың арасында үш жүздің Бас хан мәртебесіне күрделі бәсекелестік жүргізілді. Әбілқайыр Бас атағын ала алмады. Бұған қатты күйінген ол, өз әскерін алып ордасына қайтты.Осыдан кейін Әбілқайыр бас билікке жету үшін басқа әдіске көшті. Енді Әбілқайыр Реей империясының құрамына кіріп, орыс әскерінің көмегімен жоңғарлар 1723 - 1725 жылдарда тартып алған қазақ жерлерін –Ташкент, Түркістан, Сайрамды қайтарып алғысы келді. Ал бұл оның Қазақстандағы хандық билігін нығайтуға жол берер еді. Бұдан былай Кіші жүз жеріне Еділ қалмақтарының, башқұртардың, Орал казактарының шабуылдары тоқтайды деп сенді. Сондықтан да болар, 1726 жылы Ордабасы жерінде бүкіл халықтың алдына үш жүздің бас билері – Төле, Қазыбек, Әйтеке және басқа да тұлғалар сұлтандардың келісімімен Әбілқайырды жалпы қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп сайланды. Әбілқайыр дәуірінде әр жүздің басында отырған ханға қарағанда, жалпы қазақ жасағанының бас қолбасшысы мәртебесі жоғары тұрған болар. Себебі, қазақтардың басты мақсаты шапқылақтаған жаулардан мемлекеттікті қалай болсада сақтау, олай болса Әбілқайырды нақты болмаса да, бас қазақ ханы деп таныған шығар [33, 112 б]. Бірақ хан болу үшін тегінің салмағы аз болды, сонымен бірге өз бәсекелестеріне байлығындағы, соғыстағы, сот істеріндегі басымдылығын дәлелдеу керек болды. Әбілқайырдың Кіші жүз ханы болғанымен, ол Орта жүздің де кейбір руларына билігін жүргізді. Халқының жағдайын ойлай отырып, билігінің өктем болуына назар аударды. Қоршаған жауларын жеңіп өз билігін нығайту үшін қолынан келген бар мүмкіншілігін істеді [34, 41 б]. «Кіші жүз ханы Әбілқайыр өз заманындағы басқа қазақ хан –сұлтандарынан ақыл –ойы озық тұлға», - деп жазады П.И.Рычков [2, с. 24].
Жалпы алғанда А.И.Добросмыслов, И.И.Крафт, В.Н.Витевский, А.И.Макшеев, И.И.Завалишин, т.б. сияқты авторлар Әбілқайырдың жеке өзіндік қасиеттерін ат жарыса сипаттайды. «Әбілқайыр хан барлық қазақ-қайсақ хандарының ішіндегі атақтысы және ақылдысы» делінсе Кіші жүз хандығы дәуірінде орыс елшісі қызметін атқарған А.Тевкелев «Әбілқайыр өзінің бойына тән ақылы мен қулығы бар адам» деп мінездеме берген. Дипломатиялық қызметке қажет қасиеттердің бірі «саяси достары мен дұшпандарын айыра білу» бұл туралы өз кезегінде В.Н.Витевский сүйіспеншілікпен жазды [5, с. 28]. Тағыц да кіші жүз ханы туралы мақтау сипаттары мынадай ғылыми еңбектерде кездеседі. «Зор тұлғалы сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, зор денсаулық пен қайрат күш иесі, садақ тартуға тікелей жүздескен ағылшын суретшісі Джон Кэстель [32, с. 84]. Әділ бағалаудың бірі М.Тынышбаевтың еңбегінде де кездеседі: «Әбілқайыр барлық қазақ әскеріне қолбасшылық жасаған және тамаша жеңістерге жеткен хан» [35, с. 41].
Тарихшы – тәжірибелі ақыл иесі, жігерлі, батыл, намысшыл, саяси қулық білген адам. Оның ең басты касиеті алысқа көрегендік, жағдайды тура қатесіз түсіну, әр жағдайдың шешімін табу, саяси дос-жауды тану қабілеті болды. Қауіпті де қатерлі XVIII ғасырда бір –біріне тең келетін екі ғана саяси бас тұлғалар, олар: ғасырдың бірінші жартысындағы Әбілқайыр хан және екінші жартысындағы Абылай хан болды. Әбілқайырдың өліміне алып келген себептерді талқылауға зерттеушілер әртүрлі пікір айтады. Біреулері, Барақ Әбілқайырды орыстық саясаты үшін өлтіргендігі туралы айтады. Енді екіншілері,хан Барақ басынлда тұрған ақ сүйектердің құрбаны болғаны туралы айтады. Үшіншілері, хан тағына күрес барысында таққа дәмелі болған Батыр сұлтан Барақ арқылы өзінің жолынан Әбілқайырды алып тастады. Бірақ, ол өз мақсатына жете алмады, себебі хан тағына Әбілқайырдың ұлы Нұралы отырды. Осы бірнеше пікірлердің ішінде біріншісі шындыққа сәйкес келмейді. Ол қоғамның белгілі топтарының антиорыстық көзқарас идеясын айқындайды, сол арқылы Барақ сұлтанды ақтап алғысы келетіндігі көрінеді [21, с. 64]. Екінші пікір шындыққа жақынырақ, себебі ол сол кездегі нақты жағдайды анықтайды. Барақтың Әбілқайыр хандікіндей қоғамда беделді болмады.Үшінші пікір екінші пікірге сәйкес келеді. Барақ пен Батырдың мүдделері ортақ болды [18, с. 12]. Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханға көшіп келген қарақалпақтарға шабуылы қарулы күрестің басталуына себеп болды. Әбілқайыр қарақалпақтарды босатуға келгенде қасында аздаған адамы болды. Мұны Батыр сұлтаннан естігес Барақ кездесуге дайындалды. Осы қастандықты білген Әбілқайыр жолынан қайтпады. Барақтың адамдары мен ұсталған Әбілқайыр өз өлімін аса үлкен қайсарлықпен, батырлықпен қарсы алды. Осындай Әбілқайыр қаза тапты. Әбілқайыр жоңғарлармен соғыс кезінде жеңіспен әскерді қадағалаған әскербасшы Ресей қоластына кіре отырып, қазақ даласына өз билігін нығайтуға тырысқан саясаткер;жоңғар басшыларының айқын кыспағына төтеп бере алған мәмілегер; Хиуа тағын өз қолына алмақшы болған авантюрист. Әбілқайыр ханның тағдыры өзі өмір сүрген қайғылы уақыт сияқты драмалы болды. Соңғы жалдардағы ғылыми зерртеу жұмыстарында осы екі тұлғаоар арасындағы қарым-қатынастардың саяси жақтарына көп назар аударған. Әбілқайыр хан мен Барақ сұлтан арасындағы жанжалдың себептерін,сондай-ақ Барақтың ханды өлтіруінің жағдайлары жөніндегі мәліметтер Жәнібек батырдың И.И.Неплюевке жазған хатында көрсетілген. Барақтың Әбілқайыр хан жағына көшіп келген қарақалпақтарға шабуыл ұйымдастаруы жанжалдың себебіне айналады. Екі тараптың қақтығысы Торғай Ұлқұяқ өзендері арасындағы жерде өрбіді. Қазақ халқының екі ұлы дана билеушілерінің тағдырлары осылай аяқталды. Әрине, Барақ сұлтаннан Әбілқайыр ханның артықшылығы, оның қазақ мемлекетінің дербестігін сақтап қалуға ұмтылғандығы. Қазақ халқын біріктіретін мемлекеттік бірыңғай орталықсыз қуатты Ресей патшасына және басқа да жауларына қарсы күрес алмайтынын Әбілқайыр түсінді. Ру арасындағы араздық,төрелер араларындағы өзара кикілжің қазақтарды бытыраңқылық күйге жеткізетін айғақтардың бірі деп талай рет ескертті. Әбілқайырдың өлімі жөніндегі ауылдардан мәлімет жинаған Ф.Найденовтың айтуы бойынша,Барақ өз қолымен қылышпен оның басын шапты.Хан өліміне басқа талдау И.И.Неплюев Сыртқы істер Коллегиясына жазған хатынан көрінеді.Барақ бір қырғыз екеуі, қылышпен қатты ұрғаны соншалықты Әбілқайыр аттан да құлап қалды, ал Барақ сұлтан онысы аздай аттан түсіп,жатқан ханның ішіне 3 рет қылыш тығады [8, с. 52].
Әбілқайырдың батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саясатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол тарихи күрделі тұлға ретінде бағаланады [36, с. 33]. Қазақ халқының хандарына сай Әбілқайыр да жеке мөрі болған,онда «Мұхаммед Қазы Бахадүр Әбілқайыр хан» деп жазылған. «Бахадүр» деген лауазым тек жаужүрек сардарлығымен мәлім болған және өзінің әскери жетістіктерімен даңққа бөленген ардақты тұлғаларға ғана берілген. Олай болса Әбілқайыр мемлекеттік лауазымды істерде үлкен орын алған. Оның батырлығы туралы Е.Бекмаханов: «1730 жылы Кіші жүз қазақтары мен жоңғар басқыншылықтарының аса ірі шайқасында Бөкенбай,Есет және Әбілқайыр хан өздерінің батылдылығымен ерекше көзге түсіп,халық оларды батыр деп атап кетті», - деп жазды [15, с. 56]. Қалай десек те, өз заманында Әбілқайырды даңқы көкке көтерілді.Оның есімінің өзін «атағы», «мәртебесі» деп қарауға болады,өйткені көптеген орыс тіліндегі тарихнамаларда «Абул - Хапр» екі бөліп жазуын Әбіл «жақсы», ал, Қайыр «батыр» дегенді білдіреді деседі [29, с. 87 б]. «Хан 55 - 56 жас аралығында өмірінің нағыз шыңында өмірден өтті.Ханмен бірге дәуір кетті», - дей келе тарих ғылымының докторы Ж.Қасымбаев Әбілқайыр ханның өлімінен кейінгі Бопай ханымның іс-әрекеттеріне тоқталады. Автор Оренбург облысының Мемлекеттік мұражайында сақталған А.И.Тевкелев пен И.Неплюевке жазылған бірнеше хаттарын өз еңбегінде көрсетеді. Ханның өлімі алдындағы А.И.Тевкелевке жазған хаты біршама қызығушылық тудырады. Хат хан өлімінен бірнеше күн бұрын жазылған сияқты. А.Добросмысловтың хаттың авторы ақылдылығымен ерекшеленетін Бопай ханым болды деп есептейді. Хаттың басты мақсаты - Барақ және оның жақтастарының көзін құртуға Орынбордан келісім алу. Сонымен қатар А.И.Тевкелев арқылы губернаторды хан тағына қайтыс болған ханның ұрпағын отырғызуға көндіру болды. Сол дәуірдегі қазақ әйелдері мемлекет істерінен тыс болатын. Барақ, хан тағына кім отыратынын бекітуді үлгермей Әбілқайыр хан кенеттен қайтыс болғандықтан, енді Бопай ханымның алдында күрделі іс тұрды - хандыққа өз балаларының біреуін отырғызу. Қуаты жетіспегендіктен емес. Күйеуінің кегі қайтарылмаса, Әбілқайыр үйінің беделі түседі деп уайымдайды. Ел арасына жік салып, берекетін қашырмас үшін Бопай Барақты жазалауды орыс әкімшілігінің қолымен жүзеге асыруға ниеттенді, сұлтанға қарсы іс - әрекеттерін алдын – ала заңдастырып алуға тырысты. Бопайдың осылай ойлап – пішіп жасаған қадамдарының арқасында Барақтың не қазақ не жоңғар жерінен пана таппайды. Қараңғылық қаласында жергілікті қожаның үйінде өзінің екі ұлы және қызметшісімен бірге уланып, дүниеден кетеді [34, 117 б]. Әкесінің кегін қуған Ералы жекпе – жекте Сырымбеттің басын алғанда да барлық қазақ халқы қадір тұтатын атақты Төле , Қазыбек билер, Жәнібек тархан, Қабанбай батыр. Орта жүздің беделді билері Өтембай мен Шөрек Бопайға Барақты мал-жанымен ұстап беруге әзір екендіктерін білдіреді. Абылай Бопайға көңіл айтыа, балаларына әкесінің кегін барынша қайтаруға барынша көмегін аямайтындығын және Барақ сұлтанның Сырымбет батырды және Барақтың басқа да серіктерін өлтіруі жөніндегі істі қараған Төле би Әбілқайырдың баласын толық ақтап шықты және Сырымбеттің туыстары тарапынан құн төлеу ұйғарылды. Бопай орыс әкімшілігіне Әбілқайырдың бейітінің басына күмбез орнатуға, Елек өзенінің бойындағы Бестамақ деген жерде қала салдыруға тілек қояды. Осы істері үшін И.Неплюев Бопайды да күйеуі сияқты, «бүлікшіл» деп атап кетеді Қала салдыру Бопайдың және балаларының мүддесі үшін ғана емес, қазақтарды отаршылдық өмірге тыныштық тірлікке бастау үшін де керек еді. Бопай Әбілқайырдың адал жары А.И.Тевклев , И.И.Неплюев және П.И.Рычковтың пікірінше Бопай күйеуінің саяси көзқарастарын бөлісіп қана қойған жоқ, оның болашақ қазақ хандығын жаңа негізде құру туралы және әлеуметтік өзгерістер жобаларына толық қолдау жасады. Осы жолда Бопай Әбілқайырдың қазақ қоғамында жеке билігінің орнауы мен беделінің артуына бар күш- жігерін жұмсады. Осы жолда Бопай Әбілқайырдың қазақ қоғамында жеке билігінің орнауы мен беделінің орнауы мен беделінің артуына бар күш жігерін жұмсады Әбілқайыр да, Бопай да бар хан билігі нығаймый қазақтарды бағынышты ұстау мүмкін емес деген пікірде болды.Орыс шенеуліктеріне шабуыл жасауын тоқтату болсын, қазақтармен, Еділ бойы қалмақтарымен, башқұрттармен бейбіт қатынасты сақтау болсын, сауда керуендерін аман-есен өткізу немесе Елек өзені бойында қала салдыру болсын барлығын да олар хан өкілеттігі мен билігінің арта түсуімен байланыстырды [38, с. 89].
Сонымен Бопай ханым – күйеуі Әбілқайыр мен оның төңірегінде ықпал жасай білген адам ғана емес, бүкіл қазақ арасында танымал, аты аңызға айналған тарихи тұлға, қайраткер – ару. Бопай Әбілқайырмен бақытты да жарасымды өмір кешті, оның қайғы мұңын да қуанышты сәттерін де бірге бөлісті, екеуінің өмірлік мұраттары да астасып жатты. Олар бес ұл сүйді. Олар: Нұралы (1710\11-1790), Ералы (1721), Қожахмет (1722), Айшуақ (1723\24 - 1810\11). 1749 ж 1 шілдеде Бопайдың II Неоплде «қолымда кішкентай қызым қалды», - деп жауап жазуына қарағанда ол Әбілқайырдың қазынасынан 2 - 3 жыл бұрын туған деп жариялайды.
Сонымен, XVIII ғасырдың 30 - 40 жылдарында Әбілқайырдың іс жүзінде хан дәрежесіне көтерілуіне Бопай жарының да зор көмегі тигені көрінді.
