- •Мазмұны
- •1 XVIII ғасырдың бас кезіндегі кіші жүздегі саяси жағдай және әбілхайр хан.
- •1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі
- •1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-әрекеттері
- •2. Әбілқайыр ханның кіші жүзді ресейге қосу жолындағы ұстанған саясаты.
- •2.1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы
- •2.2 Әбілқайыр ханның орыс үкіметінің өкілдерімен қарым-қатынасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2. Әбілқайыр ханның кіші жүзді ресейге қосу жолындағы ұстанған саясаты.
2.1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы
XVIII ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негізгі күші Ресей империясының қолында еді. І Петр патша Үндістан мен Қытай, сондай-ақ өзге де ірі-кіші мемлекеттермен сауда жолдарын иемденуді жоспарлады. Осы жоспарын іске асыру жолында ол, барша Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы Қазақ елі,осы халықтың жері арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйіндеді. Ресей ерте ме, кеш пе көшпенді халықты өзіне бағындыратын еді. Себебі, көшпенді халықтың жерлері арқылы Орта Азияға саяси ықпал ету мүмкіндігі мен сауда жолы жатты [47, 112 б]. Қазақ жерін отарлау екі бағытта жүгізілді: Қазақстанның Батыс бөлігінде (Кіші жүзде) солтүстік пен шығыста (Орта жүзде). Бұл бөліктің барлығында Ресейдің әскери бекіністері тұрғызылды. Сөйтіп, қазақ елі ата-бабалар заманынан қолданып келе жатқан жерлерінен айырыла бастады. Оның салдарынан дәстүрлі көшіп - қону жолдары бұзылды. Кіші жүз ханыӘбілқайырдың түпкі мақсаты - Ресейге бодан болу емес, Ресейді пайдаланып, әуелі жалпықазақтық, кейін бүкіл ортаазиялық хандық құру еді. Оның алғашқы хаттарында - ақ Әбілқайырдың Бұқара, Хиуа хандығының өзіне бағынышты қазақтың өзге хандықтары бұған бағынышты екендігін қисындырып жазғанын алдыңғы тарауда айтқан едік. Осы тарихи тұрғыдан, қазіргі кезде қазақ халқының хандарының бірі Әбілқайыр ханды Ресейге қосылуға итермелеген қандай себептер деген сауалдың төңірегінде әлі күнге дейін бірыңғай жауап кездеспейді. Әр түрлі көзқарастар орын алады. Бір зерттеушілер, Әбілқайырдың Ресейге қосылу себебін, баққұмарлыққа негіздейді. Ең дұрысы, біздің пікіріміз бойынша, Тәукенің жолын қуған, халық мұрасын шашыратпауға тырысқан Әбілқайыр саясатының мәні – қазақ халқының ұзақ соғыстан қалжырауы, жоңғар, Еділ қалмақтары, башқұрт халықтарының қысым көрсету саясаты, дағдарысқа ұшыраған шаруашылық, жүз - ру арасындағы таққа таласқан төре тұқымдары. Осы айтылғанның бәрінің таразыға салынуы [14, с. 25].
Міне, Кіші жүз ханы Әбілқайыр кезіндегі ішкі және сыртқы саяси-әліеуметтік жағдай өрісі осындай еді. Осындай күрделі мәселелерді шешуде солтүстіктегі қуатты көрші елі Ресеймен тату - тәтті қарым - қатынас орнату қазақ халқы үшін, яғни оның ішінде көрші елдердің тынымсыз шабуылынан мазасы кеткен Кіші жүз ханы Әбілқайыр үшін кең-байтақ қазақ даласында тыныштық орнатудың кепілі ретінде көрінді. Мысалы, 1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан орыс өкіметіне бодан болу шартының талабы негізінде қолындағы тұтқындарды босат, сауда керуендерінің қауіпсіздігін қорғау және Ресей елімен достықты бұзбауға, яғни адал қызмет етуге уәде берді [39, 89 б].
Тарих арнасының ақиқат шындығына кеңірек тоқталсақ, ХVІІ ғасырдыңаяғы – ХVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамының саясы жағдайы аса ауыр халде болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтік - саясы жағдайының әлсіреуі ықпал еткен мән-жайлар көршілес елдердің қазақ халқының жеріне көз алартуы еді. 1726 жылы Ордабасында халық съезіне жиналған хандар, сұлтандар, билер мен батырлардың тегіс бір пікірмен Әбілқайыр ханды халық жасағының бас қосбасшысы етіп сайлауы жайдан-жай емес. Бұл да Әбілқайырдың жоғары деңгейге жеке қасиеттерін халықтың мойындауының көрінісі еді. Әбілқайыр хан қазақ әскерінің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде қазақ әскерінің қарулы күштерін құруда және халықты жауға қарсы тойтарысты жұмылдыруда көптеген іс-әрекеттер жұргізді. Қазақ әскерінің сарбаздары бірінен кейін бірі ұлы жеңістерге жетіп отырды [48, 152 б]. Соның ішінде қазақ – жонғар шайқасы қазақ қоғамының дамуына теріс әсерін тигізді. Енді бейбіт дәуірге де қол жеткізерміз деген ой қоғамда белең ала бастаған еді. Күтпеген, ойламаған жерден үлкенхан Болат қайтыс болады. Босаған таққа үміткерлер арасында талас - тартыс басталды. Ғасырдан ғасырға келе жатқан әдет – ғұрыпқа лайық үлкен хан болып тек сұлтандар әулетінің үлкен бұтағының өкілдері сайлана алатын. Осы қағидаға сәйкес Болат ханның ұлы Әбілмәмбет хан болып сайланды. Ал, Әбілқайыр хан сұлтандардар әулетінің кіші бұтағынан тарағандықтан, оған көп көңіл бөлінбеді. Осыған жәбірленген ол, бас қолбасшылық қызметінен бас тартадыда өзінің әскери жасағымен Кіші жүзге оралады. Осылайша үлкен еңбекпен және күшпен жиналған қазақ әскерінің бирлескен халық сарбаздар жасағы ыдырайды [17]. Енді әр жүз өз алдына жаудан корғану мәселесін шешуге мәжбүрлі болды. Ұлы жүз жоңғарларға бағынды, оларға аманат берді, алым - салық төледі. Жоңғар шапқыншылығына бәрінен аз шалынған Орта жүз азаттық үшін күресін жалғастыруға дайын еді. Ал, Кіші жүз жағдайы әлде-қайда басқаша сүреттелді. Кіші жүз халқы жан-жағынан каптаған жаулар қысымында болды, жоңғарлардың, Хиуа хандығының, түркмендерді, Еділ қалмақтарының, Жайық қазақтарының, Башқұрттардың ұдайы шабуылынан Кіші жүз халқы үрейлі кемтарлықты көріп – төзді. Осы фактіларға сол дәуірдегі қазақ хылқының Кіші жүз басында әлеуметтік-саяси жағдайының қиын сәттерін шешуде саяси жолдардын қарастырды. Әбілқайыр хан осы кездегі қуатты империяның бірі Ресейге өзінің назарын аударды [33, 123 б]. Ресей бодандығына кіру оған, Жоңғар империясының әскері және саяси үстемдігін жеңудің бірден-бір жолы болып көрінеді, әрі қазақ қоғамының бірыңғай біртүтас мемлекетін құруға жол ашылады деп топшылады. Осыларды жүзеге асыру мақсатында Әбілқайыр хан тарихи ауыртпалықты және жауаптылықты мойнына алды. Дегенмен, Әбілқайыр ханның бұл саяси жолы қазақ даласының сұлтандар әулетінің бекзаттарының ызалануы мен қарсыласуына қақтығысты. Себебі, Әбілқайыр хан Ресей империясына арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел бағындырып, бір орталықтан басқарылатын билік жүйесін орнатуды сөйтіп сол билігін балаларына сайлау жолымен емес, мұрагерлік жолымен қалдырып отыруды көксеп отырғанын олар сезген еді. Сөйтіп 1730 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей мемлекетіне қазақ елін қамқорлыққа алу термині ретінде «бодандыққа» алу туралы өтініш білдірді [13, с. 58].
Қамқорлық-ірі мемлекеттің кіші халыққа көрсеткен ағалық мейрімдігі сияқты. Осыған сәйкес қазақ халқының дарынды тарихшысы Е. Бекмаханов «қазақ елінің Ресейге бағынылыштылығын ағаның ініге қамқорлығы іспеттес дей келе, Ресей патшасы Анна Иоанновнаның ірге тасында (поддантсво) бодан болу деген термин қолданылған. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл сөздің мағынасы қазіргіден бөлек. Ол кезде «подданство» деген деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни бұл сөзді өзіне қаратып алу немесе отарлау деп түсінбеу керек» - деп жазған [14, с. 55]. Осыдан Әбілқайырдың бодандықтың құлдықтан айыра білдендігінен қазақ халқын өзге мемлекетке басыбайлы құлы қылып бермеген. Хан орыс құжаттарына өзін «құл» деп айтуына қарсы тұрды. Бодандық сөзі сол кездегі қалытасқан ұғым бойынша, кез - келген екі елдің арасындағы бағыныштылық деп есептемеген [34, 111 б]. Бодандықтың мәнін Әбілқайыр шығыс дәстүрінде түсінді. Ресейді бүгін «сюзерен» ретінде тынағанымен, күш жинап, ес жиып алғаннан кейін одан бас тартуға болады деп ойлайды. Башқұрт, қалмақ, Жайық орыс – қазақтарының қазақ жеріне шабуылдары тоқтамайтынын Әбілқайыр хан ұқты. Содан - ақ патша бодандығын қаылдаған жағдайда хан құр қол қалмайтынын да ескерді. Кіші жүз ханының орыс бодандығына өту жөніндегі шешіміне Бөгенбай, Есет, Құдайназар атты белді азаматтар қолдау көрсетті. Олар діні де, тілі де жат елдің мәңгілік бодндығында болуға ұмтылушылықтан емес, халқым аман болса, бір мәнісі болар деген қағидада болды. Ханның ой-пайымдары орыс патшаға жазған хаттарынан анық байқалады. Біз білетін мәлімет бойынша, Әбілқайырды Хиуа хандығы, Ташкент, Түркістан билеушілері өз көсемі ретінде танитынын хабарлап, оларды орыс бодандығын қабылдайтынын хат жолдарына қоса жазған. Әрине, сөз жоқ мұның бәрі Кіші жүз ханының дипломатиялық шеберлігі. Сонымен, 1730 жылдың 8 қыркүйегінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр Аннан Иоанновнаға, өзін және өзіне тиесілі халықтарымен Ресей бодндығына кіру туралы өтініш хатын жіберді. Осы жылдың 30 қазанында Санкт - Петербургқа Ресей қол астына кіру жөнінде келіссөзерді жүргізүге Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан елшісі келгені туралы Сыртқы Істер Алқасының көшірмеіне көз жүгіртсек, Әбілқайыр ханның келесідей шарттарға болуын қалайтынын көреміз.
1.Башқұрт халқы сияқты, адал қызмет етуге және салық төлеуге;
2.қазақ қоғамына Ресей бодандығындағы басқа халықтардан ешқандай өкпе-ренжіс пен шапқыншылық болмасын;
3.Егер де шабуыл жасаған жағдай болса Ресей империясының әскери көмек көрсетуін қалайды;
4. Бұрын жоңғар қонтайшыларымен,Еділ қалмақтарымен жау болатын едік бұдан былай олармен бейбітшілік-татулықта тұруды;
5.Башқұрттармен басқа да Ресей бодандарының тұтқынға алған адамдарын қайтарып беруді және олар біздің адамдарымызды қайтарып беруін қалайды. Сөйтіп,1 жылдан астам жүргізілген келіссөздер нәтижелі болады.
1731 жылдың 19 ақпанында императрица Анна Әбілқайыр ханды және оған тиесілі қазақ халқын Ресей қол астына кіргені туралы грамотаны жіберді.Әбілқайырдан ант алу мәселесімен басынан аяғына дейін Ресей Сыртқы істер алқасының тілмәші А.И.Тевкелев мырза айналысты.Қазақ халқының жеріне барар сапарының алдында М.Тевкелев 12 бөлімнен тұратын «Нұсқау» тапсырылды. «Нұсқау» негізінде ол білген - көргенін, түртіп жүруде арнайы «Күнделік» жүргізді. Нұсқау дипломатиялық іс-әрекеттердің айнасы болып тарихта қалды.Оған талдау жасайтын, назар аударатын бір факт,күнделікке жазылған жазба туралы еш тірі жан білмеуі тиіс деп көрсетілген Нұсқаудың 10 - шы бөлімінде. Императрица Анна Иоанновна қазақ ордасының ең басты әрі үлкен ханы, бүкіл қазақ әскерінің Бас қолбасшысы ретінде Әбілқайыр ханды мойындап Грамота жібергенін Нұсқаудың 1,2 бөлімнен көреміз. Нұсқаудың 3, 4, 5, 6 бөлімдерінде Әбілқайыр ханның қазақ халқының әдет-ғұрып заңы бойынша ант бергендігі башқұрттар сияқты салық төлеу және Ресей империясының аманат сұрағандығы көрінеді. Егер де Әбілқайыр хан салық төлеуге және аманат беруге көнбесе, онда Тевкелев тек бастапқы пункттарға қолын қойдыруға тырыссын. Ал егер де Әбілқайыр хан жоғарыдағыдай пуктарды Тевкелевтің өзінен сұраса, онда Тевкелев ондай пунктарда жазудың қажеті жоқ,оның барлығы грамотада көрсетілген десін.Бұған көнбеген жағдайда ғана айтылған пункттарды қағаз бетіне жазып, өзінең қолын қойсын да алмастырып алсын.
Қорыта келгенде «Әбілқайыр хан Тевкелев өтінішін орындамай пункттарды ешқайсысына қол қоймаса келіспесе,онда ол ол өзінің жауабын қағаз бетіне көрсетсінде,оған уәдесін беріп,қолын қойсын,тіпті бұғанда көнбесе, қойылған қағазға императрица Аннадан алған мән жайлармен келісім туралы жазсын-делінген нұсқаудың 7 бөлімінде. Егер сыртқы Істер алқасының көшірмесіне сенетін болсақ Ресей бодандығында қалайтын шарттарды Әбілқайыр ханның өзі башқұрт халқы сияқты салық төлеуді қалайтынын көрсеткен. Бірақта Әбілқайыр хан үшін жіберген шарттарын ішінде үшінші шарт басқаларға қарағанда маңыздырақ болатын.Ол ресей империясының әскери көмек көрсетуі. Нұсқаудың тоғызыншы бөлімінде тапсырмалардың бірі ретінде қазақ халқы туралы, оның ішінде Әбілқайыр ханнын жеке басына қатысты барлау жүгізу, қанша қаламен ауылды жерлер оның билігінде, қарамағындағы халық саны қанша басқа хандардың аты кім,олардың өздерінде дербес қарайтын қаласы жер аймағы бар ма және әрқайсының қанша илігі бар, қандай лауазымға ие,мәскендерінің маңында егін өсетін жері бау - бақшасы бар ма қандай кәсіпшілікпен айналысады, өзне хандар басқан Әбілқайырды тындай ма.Олар мұрагерлік жолмен Таққа отыра ма әлде сайланады ма олар өздеріне бағынышты халықтарынан алым - салық жинай ма, оның ішінде жиналған алымның қаншасы Әбілқайыр ханға беріледі, Әбілқайыр ханның Ресейге елші жібергеніне өзге хандар разы ма, бұны бүкіл халқы қоштай ма, бәрінің атынан жіберілгені рас па, көпестерінің жағдайы қалай екен, қандай көрші хандықтармен шектеседі, олардан ханға қандай түсім түседі, қаруларының ерекшелігі қандай, құйма құятын, оқ - дәрісін жасайтын зауыттары бар ма, олардың өздері зеңбірек құя ала ма, басқа қандай қару жасай алады, егер олардың өздері зеңбірек пен қару жасай алмаса, оқ - дәрі жасамаса,она оларды қайдан алады,оны ақшаға сатып ала ма, жоқ басқадай заттарға айырбастай ма, қазақ ауылдарының шекаралары кіммен шектеседі, олар қай елмен дос, қай елмен жау. Бұл дипломатиялық мисся мақсаты патша өкіметінің тарапынан атқарылатын іс - әрекеттер бағдарламасы ретінде болды. Онда қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық даму мөлшерін, әскери қуатының дайынлығы, оның саны мен қару-жарақ түрін, ел басшыларын анықтап қайту тапсырылған [5, с.104].
Біздің бұл құжаттан байқайтынымыз, қазақ халқын Ресей өзіне тәуелді етудің барлық жолдары қарастырылған. Патша өкіметі А.И.Тевкелевке барлық мүмкіндікті пайдалануға, қазақ халқын алдап-арбауға дейін баруға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға рұқсат бергенін көрдік. Осы мәліметтердің өзінде-ақ қазақ халқының жері Ресейге қажет екендігін көрсетеді.
Осы келіссөздерді жүргізу, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың А.И.Тевкелевпен кездесуі 1731 жылдың 3-ші қазанында айдалада қараңғы түнде өтті. Ханның өтініші бойынша, ол үстіне ескі қазақ шапанын киіп келді. Себебі, Әбілқайырдың Ресей бодандығын қалағанын өзінен басқа қазақ рубасылары білмеген, бұл келіспей жасалынңан іс-әрекет еді. Бұлай етуінің себебі неде? – деп сұраған Тевкелевке Әбілқайыр хан: «Ресей бодандығын қабылдау шешімінің себебін, осы елге арқа сүйеп ата-бабалары билеген, кейіннен жоңғарлармен ұзақ соғыстардың нәтижесінде амалсыздан тастап кеткен Ташкент, Түркістан, Сайрам қалалары мен оған тиесілі ауылдарды қайтару», деп жауап берді. Сөз барысында Әбілқайыр орыс елшісінен ант беру алдында атақты беделді ру басыларына қарсылық білдірмеу үшін сый-сыяпатқа тарту қажет екенін ескертті. Сөйтіп, екі тұлға келіссөз тактикасын анықтап, игі жақсыларының аузын алу мен ұластыруды ақылдасып алды, қазақ қоғамының игі жақсылары екі топқа бөлінді: бірінші, әрине, Әбілқайыр ханның жақтастары, содан кейін қарсыластары [18, с. 15]. Алғашқы кезде қаншама сыйлықтар тартса да, қазақ иегерлері бодан болмаймыз деген позицияны ұстанған еді Тевкелевтің келесі саяси қадамы назар аударарлық. Ол бұл саяси кедергіні шешуге ақылдасуға игі башқұрт жасақтарын шақырып кеңес сұрады. Башқұрт игілерімен ақылдаса келе, қазақ халқының текті азаматтары-Бөгенбай батыр мен оның күйеу баласы Есет батыр. Құдайназар мырзалардың тілін тауып, бұл мәселені шешкен жөн, - деп кеңес берді. Сөйтіп, көп ұзамай аталмыш тұлғалар қазақ халқын Ресей бодандығының қабылдау, алым-салық төлеу, аманат бергізуге көндірді [14, с. 35]. Бірақ бұнымен шаруа бітпеді. Тарих арнасында ашу-ызасы тасыған ақсақалдар кеңеске Тевкелев мырзаны қайта шақырды. Ақсақалдар орыс елшісіне «бұнда неге келдің?» - деп бас сала тергей бастайды. Елші мән-жайды тағы да егжейлеп түсіндіре баяндайды. Әбілқайырдың орыс бодандығын қабылдау тілегін білдірген мәселе бойынша келіссөздер жүргізуге келдім дегені сол еді, ақсақалдардың ашу назары ханға ауды: «сен неге ешкіммен ақылдаспай орысқа бодан болуды өтіндің, не үшін халқыңа құлдық бұғауын кигізбек болдың дейді... Келіссөз одан әрі жалғасты. Орыс елшісі А.И Тевкелев ресейдің оның алыптығын, күштілігін мақтап жөнеледі. Ресей бодандары қалмақ, башқұрт халықтарының Ресей тарапынан ешқандай зардап шекпегенін керісінше, оларды қолдап-қорғап отырғанын мәлімдеді. Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық орыс – қазақтардың қазақ еліне шабуыл әрекеттері тоқтамайтындығын ескертті. Осы сәтте, Бөгенбай батыр, Әбілқайыр ханға «сенің қаулыңмен Ресей бодандығын қабылдап, оны ант беріп бекітейін деп отырмыз»,- деп қорытындылады [3, с. 81].
Осылайша қолдарына құран ұстаған 29 қадірменді қария ант берді. Сөйтіп Қазақстанның Ресейге қосылуы үрдісі қауіп-қатерлі болғанымен, бейбіт жолмен басталды [43]. Қалай десек те Әбілқайыр Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты нығайту қажет екендігін білген әккі билеуші. Ол тек өзінің ған қара басының ған қамын ойламаған, оның орыс патша бодандығына кіру себептерін жоғарыда анықтадық. Яғни, еркіндікті ту еткен ол ешқандай да өз еркімен бодандыққа бармағаны айдан анық болды. Халқын сақтап қалудан туған шаралар мәжбүрлік етті [22, 57 б]. А.И.Макшеев, И.И.Завалишин, И.И.Крафт, Л.И.Добросмылов, П.И.Рычков, сияқты авторлар Кіші жүз ханының жеке қасиеттерін мойындай келе, оның дипломатиялық іс-әрекеттеріне таң қаларлық баға берді. Зерттеушілер Л.Мейр, В.Н Витевский, М,Красовский, Ф.Лобысевич еңбектерінде Әбілқайыр саясатына жағымсыз мінездеме бере тұрса да, кейде Әбілқайыр ханның жеке қасиеттеріне қайран қалаиын.Әбілқайыр хан өте ақылды азамат ретінде батыл шешімді іс - әрекеттер істей алатын. Әбілқайыр хан өз мақсаттарына жетуде кез-келген мүмкіндіктерді қолдана білетін болған. Жалпы, алғанда кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге бас иуінде өзінің мансапқұмарлық мүддені емес, халықтың жағдайын ойлап, осындай шешімгі келген. Бас билікке таласқан Жәдік әулетінен тараған шыңғысзадалардан қалмауды көздеген ол, халық мүддесімен бірге халықты, елін апаттан сақтауды дайындады [49, 56 б].
Жан-жақтан қаумалаған жаулардың ортасында қалған Кіші жүз ханы Әбілқайыр бір орталыққа бағынатын Қазақ хандығын қалпына келтіруді көздеді. Ол үшін әуелі орыс бодандары – башқұрт халқының. Еділ қалмақтарының, Жайық орыс-қазақтарының шапқыншылықтарын тоқтату мақсатында Ресейден көмек алу. Сонда барып қазақ халқының басы бірігер деп үміттенді.
