- •1.Философия пәні мен ерекшеліктері
- •2.Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
- •Онтологиялық және гносеологиялық
- •3)Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім. Онтология
- •Таным философиясы
- •5)Жаңа заман философиясы сипаты, ерекшелігі
- •8.Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру
- •9.Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты
- •10.Теология мен философия байланысы
2.Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
Онтологиялық және гносеологиялық
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiнумен байланысты, ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс. белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады, бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Д/к-сезiмнен, нанымнан,танымнан тұрады. Оның құрамына: бiлiм; сенiмдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер; эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.
Философияның негізгі мәселесінің болуы туралы Фридрих Энгельс өзінің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының соны» деген еңбегінде көрсетті. Ф. Энгельстің пікірінше философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар: онтологиялық және гнесеологиялық. Онтология дегеніміз – болмыс, яғни бұнда дүние, мән туралы айтылады. Онтологияда не пайда болды: материя немесе идея, болмыс немесе сана, рух немесе табиғат мәселесі қарастырылады. Ал гносеология-таным, мұнда дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселе қарастырылады. Философияның онтологиялық жағы материализм және идеализм деп бөлінеді. Материализм – алғашқыда материя, объект, тән пайда болды деген философиялық бағытты айтады. Идеализм – алғашқыда идея, сана, рух, жан пайда болды дейтін философиялық бағыт. Ал идеализ өз ішінен объективті және субъективті мәселелерді қарастырады. Объективті дүниенің алғашқы алғашқы негізі деп адам санасынан тыс жалпы рухани идеяны құдай деп білетіндер. Субъективті жағы адамның жеке санасында «Мен» қалыптасуы. Дүниені тануға болатындарды гностиктер деп атаса, дүниені тануға болмайтындарды агностиктер деп атайды. Гносеологияда эмперизм және рационализм бағыттары бар. Эмперизм – білімді тәжірибемен тану, ал рационализм – білімді ақылмен тану.
