- •1.Философия пәні мен ерекшеліктері
- •2.Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
- •Онтологиялық және гносеологиялық
- •3)Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім. Онтология
- •Таным философиясы
- •5)Жаңа заман философиясы сипаты, ерекшелігі
- •8.Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру
- •9.Ортағасырлық Батысеуропалық философияның негізгі идеялары мен сипаты
- •10.Теология мен философия байланысы
8.Эмпиризм және рационализм философиялық дәстүрді қалыптастыру
Жаңа дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. XVII ғ. Капитализм әлемдік дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынмен дамуын бастан кешті, ол арционализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.
Капиталистік өндіріс тәсілі ғалымға ғылымға деген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсат етіп қойған европалық мемлекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Осы кезінде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланысты, екінші жағынан – философиялық шығармаларда діни – теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды.Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бұра бастады. Бұл ерекшелік ағылшын философия Фрэнсис Бэконның философиясынан анық байқалады. Дровяндар отбасын туып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адамгершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б. Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесу қажет. Әйгілі «Білім –күш» деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды. Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу обьектілері – құдай табиғат және адам Бэкон философияны табиғаи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат құбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Фрэнсис Бэконның айтуы бойынша «Білім – күш» білімге жету арқылы танымдық әрекеттің жолдарын анықтайды. Білімге жету үшін: «Өрмекші жолы»-білімді таза ақылдан тану жолы дейді. Ақылдан өрмекшінің өрмегін тоқиды. «Құмырсқа жолы»-догматикалық эмпиризм, яғни тек тәжірибе арқылы білім алу жолы. Практикалық тәжірибеге көңіл бөледі, жан – жақтан деректер жинайды, бірақ ішкі мәнін түсінбейді. «Ара жолы»-танымның абзал жолы. Бұл жол «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолының» ішкі мәнін түсінеді. Білімге жетудің өзіндік кедергілері бар: тектік елестер таным туралы болып тұр; үңгір елестері таным процесі нәтижесінде жеке адамдардың қасиеттері, қиялдары, адасуы «үңгір» кедергі жасауы мүмкін; жәрмеңке елестері сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбау; театр елестері таным процесіне ағымдағы философияның ықпалы.
Рене Декарт – француз дровянының дровянының отбасында туып, Ла-Флэш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін философияны қайта өзгертуді армандады. Саяси мәселелеріне қызықпаған Декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты, жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны және философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар», «Философияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар». Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді Декарт та шығармаларын қоғамның таңдаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден өзінің ағылшын әріптесі сияқты Декартта әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды. Декарттың рационализмнің негізі – күмән. Күмәнданған адам, күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін». Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылдаймыз.
Осылайша, таным не рационалды, не тәжірибелік болып білімнің бір түрімен ғана шектелмей, оның екі түрін де қажет етеді және олардың бірі – рационалды ақыл негізінде алынған – шын білімде, ал екіншісі – эмпириялық болжамдық сипаттағы білім.
