- •Рөлдік ойын сабақ сценарийі Алматы 2015 ж. Мақсаты:
- •II. Қадамдар
- •Ііi. Тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.
- •Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарды емдеу алгоритмі
- •Белгілі жауаптары
- •Check – list. Чек- лист
- •VI. Студенттердің қатысуымен өтетін рөлдік сабақ сценарийі
- •1. Қабылдау бөлімі (Дәрігер, науқас; науқаспен танысу, анамнезін толық жинау, сырқатнамасын толтыру)
VI. Студенттердің қатысуымен өтетін рөлдік сабақ сценарийі
1. Қабылдау бөлімі (Дәрігер, науқас; науқаспен танысу, анамнезін толық жинау, сырқатнамасын толтыру)
1 студент дәрігер: |
Сәлеметсіз бе? Аты-жөніңіз кім? Қандай шағымдармен келдіңіз, не мазалайды? Қашаннан бері мазалай бастады? |
2 студент науқас: |
Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жастамын. Негізі ауырғаныма бірнеше ай болған. Қуық тұсында ауырсыну, шаншу болады. Түнде кіші дәретке жиі барамын, 3-4 рет, зәрім қиналып шығады, сыздап ауырады. Зәрімнің кейде қызарғанын байқадым, қуығымда қалдық зәрдің қалатындығын сезінем. Емделіп те көргенмін. |
1 студент дәрігер: |
ауру тарихыңызды айтып берсеңіз. |
2 студент науқас жауабы: |
2005жылы зәр шығаруының қиындауын байқадым. Жергілікті жердегі урологқа қаралып, простата аденомасы мен созылмалы простатит анықталған. |
1 студент дәрігер: |
Қандай ем қабылдадыңыз? |
2 студент науқас: |
Соңғы екі ай шамасындай уақытта кезең кезеңмен қабынуға қарсы және альфа-адреноблокаторлы әсері бар дәрілік заттармен емделген. Бірақ одан жағдайым жақсармады. 2 ай бойы зәр шығарудың нашарлауы байқалды. Жергілікті жердегі урологқа қаралып простата аденомасымен қуықта тас ауруы анықталды. Ғылыми урологиялық орталыққа ЖММК (ВСМП) квотасы бойынша инфравезикальды обструкцияны жою үшін операциялық емге жолданды. |
1 студент дәрігер: |
Кушеткаға жатыңыз, ішіңізді тексеріп көрейік. (Қарап тексерер алдында науқасты қан және зәр анализдерінен өткізуін сұраймыз. (биохимиялық, ЖҚА, ЖЗА, ПСА яғни ҚАБ маркерлері). Дәрігер науқасты кушеткаға жатқызып, содан сон науқасқа пальпация әдісін түсіндіреді. Сосын науқастың ішіне пальпация жасалынады. Науқас кушеткаға отырып, оң жағымен жатуын және аяқтарын бүгуін өтінеді.Тік ішек арқылы қуықасты безінің құрылымын байқау үшін саусақпен ҚАБ пальпация жасайды. |
3 студент дәрігер |
науқастың сырқатнамасын толтырады. |
2 студент науқас- |
Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жаста. 3 студент дәрігер науқастың жанында отырады. Сырқатнамасын толтырады.
|
2 студент науқас |
Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жаста. Түскен күні 5.08.2014 жыл. Шағымы: Қуық тұсында ауырсыну, шаншу болады. Түнде кіші дәретке жиі барады 3-4 ретке дейін, зәрі қиналып шығады, сол кезде сыздап ауырады. Зәрінің кейде қызарғанын байқаған, қуығында қалдық зәрдің қалатындығын сезінеді. Ауру тарихы: 2005жылы зәр шығаруының қиындауын байқаған. Жергілікті жердегі урологқа қаралып, простата аденомасы мен созылмалы простатит анықталған. Соңғы екі ай шамасындай уақытта кезең кезеңмен қабынуға қарсы және альфа-адреноблокаторлы әсері бар дәрілік заттармен емделген. 2 ай бойы зәр шығарудың нашарлауы байқалды. Жергілікті жердегі урологқа қаралып простата аденомасымен қуықта тас ауруы анықталды. Ғылыми урологиялық орталыққа жоғары мамандырылған медициналық көмек (ЖММК, орысша ВСМП) квотасы бойынша инфравезикальды обструкцияны жою үшін операциялық емге жолданды. Өмір тарихы: 1969 жылдан бері оң жақ ұманың көлемінің ұлғайғаны байқалған.1969 жылы оң жағынан гидроцелені жою мақсатында операция жасалған. Туберкулез, вирусты гепатит, қантты диабет, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған. Соңғы 6айда шет елге шықпаған. Зиянды әдеттері жоқ. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Объективті белгілері: Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ылғалды, таза, тері жабындысы қалыпты, ісіктер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, дұрыс ритмды. АҚҚ-150/90мм.с.б.б., П-80с.мин. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Нәжісі қалыпты. Бүйректері пальпацияланбайды. Соққылау симптомы екі жақта да теріс. Status localis оң жақ ұма аздап ұлғайған, пальпациялағанда ауру сезімінсіз, қосалқылардың ұлғайғанын және тығыздалғанын анықтауға болады. Per rectum простата ұлғайған, біршама ауру сезімі байқалады, бөлікаралық жік пальпацияланбайды, анықталмайды, тік ішектің шырыш қабығы простата үстінде қозғалмалы.
|
4 студент дәрігер: |
Науқасты профильді бөлімшеге апарып жатқызады. Алдынғы болжама аңғарымын айтып 5 студент емдеуші дәрігерге тапсырып жатқызады. Неліктен бұл бөлімшеге жатқызғанын талдайды.
|
5 студент емдеуші дәрігер: |
Бөлімшеге түскен науқастың сырқатнамасын бөлім меңгерушісіне 6 студентке баяндайды. Студенттер осы кезеңде сырқатнама бойынша баяндауды үйренеді. Зерттеу және тексеру жоспарын клиникалық жүйемен құруды ойластырады.
|
Тексеру жоспарын құру:
Клиникалық -лабароторлы зерттеу:
Қан тобы
Қанның микрореакциясы
Коагулограмма. Биохимиялық қан анализі.
ИФА Вирустік гепатитке.
ИФА АИЖ (ВИЧ).
Зәрдегі бактериологиялық өсімді анықтау.
ЖҚА. ЖЗА.
Жалпы ПСА.
Клиникалық-аспапты тексеру жоспары:
1.Ультрадыбыстық тексеру.
2.Шолу, экскреторлық урографиясы, төменгі цистографиямен.
3.Ретроградты уретроцистография.
Емдеу жоспарын құру:
Консервативті емдеу: қабыну процессін басу.
ҚАБҚГ ота жасау. Қуық тасын алу. Тастың көлеміне байланысты ашық ота жасау немесе эндоурологиялық ота жасауды жоспарлау
Аденомэктомия, цистолитотомия, дивертикулоэктомия т.б.
Тексеру нәтежиелерін талқылау:
Клиникалық-сараптамалық зерттеу:
Қан тобы (06.08.14): III топ.
Қанның микрореакциясы (30.07.14) – теріс.
Коагулограмма (04.08.14): АПТВ- 29,7, ПТВ-14,1, МНО-0,94, фибриноген а 2,8.
ИФА Вирустық гепатитке (05.07.14) В (HBs Ag) теріс.
ИФА АИЖ (ВИЧ) (04.07.14) – теріс.
Зәрдегі бак. өсімі (28.07.14) стафилокок ауреус 10/3, ентерококк фекалис 10/3.
ЖҚА (30.07.14): Нв -149 г/л, лейк – 4,9*109/л, СОЭ- 4 мм/ч.
Б/Х (29.07.14): Жалпы белок-72 г/л, мочевина- 6,1 ммоль./л, Креатинин- 73,4 ммоль/л, Глюкоза- 4,4 ммоль/л, общ.билирубин- 13,0 ммоль/л, АлТ-0,08, АсТ-0,07.
ЖЗА (30.07.14): белок – абс, лейкоциттер – 1-2, эпителийлер- 3-2, тығыздығы-1017, рН-6,0.
Жалпы ПСА(27.07.14) 4,6 нг/мл.
УДТ 04.08.14: Қуық – көлемі 130 мл , зәр шырыны - 15 мл, қуықтағы тастардың саны 5 өлшемдері 8 мм - 11 мм, қуық қабырғасы 6 мм дейін қалындаған. Аталық безі - 41*51*50 мм, көлемі - 66 см3, масса-68 гр. В структуре рубцықұрылымында тыртықтар, фиброзды аймақтары бар және везикулдары кеңеймеген. Оң бүйрек 106х 56 мм, паренхимасы 18 мм, ТТЖ кеңеймеген. Сол бүйрек 114х56 мм, паренхимасы 18 мм, синусында киста бар 23х31 мм, ТТЖ кеңеймеген.
Обзорлы экскреторлы урография төменгі цистограммамен (3.08.14) - қуықтың шолу суретінде рентгенпозитивті конременттердің көлеңкелері байқалмайды. Екі жағыңда экскреторлы қызметі уақытылы, симметриялы, несепағар сегментері байқалады. Төмендеуші цистограммада төменгі контуры бойынша толу дефектісі анықталады.
Ретроградты уретроцистография (05.08.14) - уретра өн бойында өткізбелі, қуықтың төменгі контуры бойынша толу дефектісі анықталды.
Клиникалық диагноз: ҚАБҚГ 2 сатысы. Несеп тас ауруы. Қуық тасы.
Қосымша аурулары: Сол жақ бүйректің жылауығы. Созылмалы цистит, ремиссия сатысы. Созылмалы простатит, ремиссия сатысы. Оң жағынан созылмалы эпидидимит, ремиссия сатысы. Артериальды гипертензия 2 саты. Қаупі 3.
Жоспарланған операция – Цистолитотрипсия. ҚАБҚГ биполярлы трансуретральды резекциясы.
Ота алдындағы күндері: 1төсек/күн
Операцияға көрсеткіш:
-ҚАБҚГ, несеп тас ауруы, қуық тастары.
Мүмкін болатын асқынулар:
Қан кету, Зәр ұсталмауы, Уретраның стриктурасы, Қуық мойнының склерозы, Эректильді дисфункция, Созылмалы ошақты қабынулардың өршуі, Миокард инфаркты.
8 студент-науқастың туысы, оның сұрақтары: |
|
5- Студент емдеуші дәрігер науқастың 8- студент туысына түсіндіретін мағлұматтары:
|
- Өкінішке орай, бүгінгі күнде зәр шығару қиындығын алдын алатын әдістері жетілмеген. -Стационарда 7-9 күндей жатады. - Отадан кейін 4-5 күндері уретралды катетер алынған соң зәрі жүреді, ары қарай 1 ай шамасында зәр шығаруы түзеледі.
Жеңіл және ауыр дәрежедегі симптомдар белгілерін жеңілдету үшін науқасқа және туысына берілетін бірнеше кеңестер: -зәр шығару кезінде күшенбеуге тырысыңыз -егер сіз түнгі уақытта кіші дәретке көп баратын болсаңыз, ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сұйықтық ішуді доғарыңыз -әсіресе кешкі уақытта алкоголь және кофейіні бар сусындарды ішпеуге тырысыңыз -кіші дәретке барғыңыз келген уақытта баруға тырысыңыз -мүмкіндік болған жағдайда, кіші дәретке барғыңыз келмесе де барыңыз -жылы киініп, спортпен шұғылданыңыз. Суық ауа райы және аз қимылдау ауруды өршітуі мүмкін -театрда, кинода, ұшақта және басқа жерлерде дәретханаға жеңіл шығып тұру үшін өтіске жақын жерге отырыңыз.
Дәрігерге қаралу керек пе? Ер адамның көбісі жоғарыда көрсетілген симптомдарды ауру деп есептемей, жасымен байланыстырады. Сөйтіп өзін алдаусыратып жүруі мүмкін. Өз-өзін емдеу де жағдайды нашарлататын кең тараған қателік болып табылады. Надандыққа бой алдыртпаңыз. 60% ер ададар ауруының асқынған кезинде яғни, кеш қаралады. Осы жағдайларды болдыртпа үшін әрбір ада дәрігерге жылына 1-2рет қаралуы тиіс. 50 жастан асқан ер азаматтар урология, андрология мамандарына көрінуі абзал. |
5-студент емдеуші дәрігер: |
Қанағаттанарлық жауаптар бере алдым ба сізге?
|
8 студент-науқастың туысы: |
Ия.
|
Сабақ аяқталады.
