- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Хара балдырлары
- •1. Хара балдырлар
- •2.Клетка құрылысы мен көбеюі
- •Көп жасушалы жасыл балдырлар
- •3.Жасыл балдырлардың класы.
- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Мүктәрізділер
- •1. Мүктәрізділердің морфологиясы, кездесуі және маңызы
- •Бауыр мүктері класы
- •Антоцероттар класы (антоцеротовые) - anthocerotopsida
- •Жапырақты мүктер класы
- •3.Мүктердiң түрлері
- •Шымтезек мүгi (сфагнум — Sphagnum)
Бауыр мүктері класы
Бұл кластың өкілдері вегетативтік денесінің дорзовен-тральды болып келуімен ерекшеленеді. Бұларға талломды формаларымен қатар жапырақты сабақты өсімдіктерде жатады. Алайда соңғыларының вегетативтік денесі жапыраққа және сабаққа бөлінгенімен дорзовентральды қалпын сақтайды. Бауыр мүктерінің кейбір клеткаларында (талломды және жапыракты сабақты өкілдерінде) бір, екі немесе бірнеше майлы денешіктер болады. Олар әзірге сферокарпуста және антоцероттарда белгісіз. Майлы денешіктер клеткалардың ішінен шығатын артық заттар (секреты). Химиялық кұрамы жағынан, олар эфир майларының қоспасы, шамасы өсімдіктерді малдың жеп қоюынан қорғайтын болса керек.
Бауыр мүктерінің аздаған бір тобының жапырақтары мен сабақтары болады. Олардың вегетативтік денесінің құрылысы радиальды болып келеді (Нарlоmіtrіаsеs).
Спорофиттің қорапшасында спорадан баска элатералар болады, олар споралардың шашылуына үлкен әсерін тигізеді.
Бауыр мүктерінің протонемасы нашар жетілген және көп жағдайда ол қысқа жіпше немесе пластинка түрінде болады.
Бауыр мүктері класы мынадай екі класс тармағынан тұрады: Marschantiidae жөне Jungermannidae
Маршанциялар класс тармағы (маршанциевые) - Marschantiidae
Бұл класс тармағына үш қатар жатады: Marschantiidae, Sphaerocarpales және Monocleales. Осы үш қатардың алғашқы екеуінің өкілдері табиғатта кең таралған.
Антоцероттар класы (антоцеротовые) - anthocerotopsida
Антоцероттар класы өз атын гректің anthos -гүл және keros- мүйіз деген сөздерінен алған. Бұлардың жертаған (розетка) түзетін қара-көк түсті, табақша (пластинка) пішінді, жерге жабысып өсетін талломында, ұзынша және аздап қисықтау болып келген мүйіз формалы спорогондары дамиды.
Бұл кластың өкілдері баска мүк тәрізділерден гаметофитінің қарапайымдылығымен және спорофитінің кұрылысының өте күрделі болып келуімен ерекшеленеді. Бұлардың спорофиттері ерекше меристемалық клеткалардың көмегімен ұзақ уақыттар бойы өсуге бейімделген.
Гаметофитінің құрылысының көптеген белгілері антоцероттарды балдырлармен жақындастырады, ал спорогонының кұрылысында керісінше жапырақты сабақты мүктерге тән белгілер бар.
Антодероттар класына жер шарының негізінен тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған 300-дей түр жатады.
Бұл класс антоцероттар (Anthocerotales) деп аталатын бір ғана қатардан тұрады. Антоцероттар қатары 2 тұкымдастан: Anthocerotaceae және Notothylaceae. Anthocerotaceae; тұқымдасына 3 туыс жатады.
Бұлар батпақты жерлерде, егістіктерде және ылғалы мол жыралардың бойында өседі. Антоцеростың талломдары жертаған тәрізді, көлемі 0,5-3 см-ден аспайтын, шет жағы тілімделген қоңыр-жасыл түсті болып келеді. Олар өзінің ортаңғы бөлімі аркылы жерге жабысып бекінетін 6-10 қабат клеткалардан тұрады. Талломдарының шеті бір қабат клеткалардан тұрады және көп жағдайда олар жоғары карап қайырылған болып келеді (А.punctatus), Жерге талломдар қарапайым ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломдар өз телімдерінің (лопасть) арасында орналасқан төбе клеткалары арқылы өсіп отырады.
Талломның анатомиялық құрылысы өте карапайым болып келеді. Ол біртектес паренхималық клеткалардан тұрады. Эпидермисі нашар жетілген. Талломның клеткаларында балдырлардағыдай ішінде пиреноиды бар пластинка тәрізді хромотофорлары (әр клеткада бір-бірден) болады.
Талломның сыртқа карай ашылып тұратын шырышты қуыстары болады. Осы қуыстарда носток (Nostoc) деп аталынатын көк-жасыл балдырдың жіпшелері өседі.
Антоцеростың вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз ететін өнім бүршіктер (выводковые почки) болады. Олар балдырлардың апланоспоралары секілді талломның клеткаларының ішінде пайда болады. Бұл жағдайда кейбір клеткалардың ішіндегі заттары клетканың қабырғаларынан біртіндеп қашып бөлініп шығады да, қабықшамен қапталады. Осыңдай жолмен жаңа пайда бос клеткаларда бірінен соң бірі келетін, бірнеше бөліністерден кейін, кішкентай денешіктер пайда болады. Осы денешіктер өздерін түзетін клеткалар қабықшалары шырыштанғаннан кейін, одан босап шығады. Содан соң, ұлғайып өсіп жаңа талломдар береді.
