- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Хара балдырлары
- •1. Хара балдырлар
- •2.Клетка құрылысы мен көбеюі
- •Көп жасушалы жасыл балдырлар
- •3.Жасыл балдырлардың класы.
- •Қазақстан Респбликасының Ғылым және Білім Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік Университеті
- •Тақырыбы: Мүктәрізділер
- •1. Мүктәрізділердің морфологиясы, кездесуі және маңызы
- •Бауыр мүктері класы
- •Антоцероттар класы (антоцеротовые) - anthocerotopsida
- •Жапырақты мүктер класы
- •3.Мүктердiң түрлері
- •Шымтезек мүгi (сфагнум — Sphagnum)
Жапырақты мүктер класы
Жапырақты мүктердің вегетативтік денесі барлық уақытта сабакқа және жапыраққа бөлінеді. Сабағының құрылысы радиальді болып келеді, онда тығыз спиральдің бойымен жапырақтары орналаскан. Қорапшасында тек споралары жетіледі, пружинкалары (элатералар) болмайды. Протонемасы жақсы жетілген және ұзын тарамдалған жіпше түрінде, сиректеу пластинка пішіндес болады. Көптеген мүктердің қорапшасында споралардың шашылуына мүмкіндік туғызатын перистом деп аталынатын ерекше аппарат жетіледі (перистом Sphagnum -мен Аndreaea -да болмайды).
Жапырақты мүктер класы мүк тәрізділер бөлімінің ішіндегі ең үлкені. Оған 700 туыс, 14500-дей түр (одан да көптеу болуы мүмкін) жатады. Бұл кластың өкілдері құрлықтың барлық жерлерінде, Арктикадан бастап Антарктиканың мұздарының арасындағы ашық, жерлерге дейін кездеседі.
Жапырақты мүктер класын мынадай 3 класс тармағына бөледі: Sphagnidae, Andreaidae және Bryidae.
3.Мүктердiң түрлері
Жасыл мүк — көкек зығыры (кукушкин лен – Polytrichum commune)
Жалпы сипатамасы. Көкек зығыры топырақтың бетiн кiлемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктердi оңай ығыстырады. Бойына ылғалды көп сiңiредi. Бұл орманның батпаққа айналуына себепшi болады. Көк зығыры екi үйiлi өсiмдiк (6 – сыныпты еске түсiрiңдер). Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Көк зығырының биiктiгi 40 см шамасында болады. Сабағы бұтақтанбайды, оның сыртын қалың, майда жапырақтар жауып тұрады. Сабағының құрылысы өте қарапайым. Сабақтың қабықшасының астында тiрек ұлпасы орналасады. Сабақтың ортасында қарапайым өткiзгiш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекiнедi.
Жасыл мүктер басқа жасыл өсiмдiктер секiлдi автотрофты жолмен қоректенедi. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда ерiген минералды заттарды сiңiредi. Жапырақ клеткаларында хлорофилл дәндерi бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмiрқышқыл газын сiңiредi. Нәтижесiнде олардың хлоропластарында фотосинтез процесi жүрiп органикалық зат түзiледi.
Көбеюi. Көкек зығыры жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi былайша жүзеге асады. Аталық өсiмдiктiң жоғарғы ұшында аталық жыныс клеткалары болады. Аналық өсiмдiктiң сабағының жоғарғы ұшында аналық жыныс клеткалары жетiледi. Осы жыныс клеткаларының қосылу нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан қауашақ жетiледi. Қауашақтың iшiнде споралар дамиды. Спора – екi қабықшалы жыныссыз көбеюге маманданған клетка. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Пiсiп жетiлген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өнiп, тармақталған жiп тәрiдi жасыл балдырларға ұқсас өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелердiң бүршiкшелерiнiң бiреулерiнен аналық өсiмдiктер, ал екiншiлерiнен аталық өсiмдiктер жетiледi.
