Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срсп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
784 Кб
Скачать
☆

2.Қойма түрлері және қызметтері.Қоймаларды бөлу.

Материалдық ағымдардың қозғалысы арнайы ұйымдастырылған жерлерге объективті қажеттілігі барлық стадияда болады. Қоймалардың түрінің көптігі осымен түсіндіріледі.

Қоймалар келесі түрлерге бөлінеді:

Өндіріс қоймалары және өнім өндіретін кәсіпорындар

Өндімді пайдаланатын қоймалар (өнім өндіру)

Фирманың өткізу қоймалары (тарату)

Аралық ұйым қоймалары

Өнім өндіретін кәсіпорындар қоймалары шикізаттарды және басқада өндіріске керек бұйымдарды сақтауға ең бастысы оны өндірісті қамтамасыз ете алады.Өндірістегі қоймалар өндірістің технологиялық қозғалысының тоқтамауына арналған. Қоймада толығымен бітпеген жартылай фабрикаттар,құрылғылар және т.б заттар сақталады.Өндірісте өнім өндіру барысында өндіріс қоймалары өніммен қамтамасыз ету (техникалық және материалмен қамтамасыз ету бөліміне бағынады) өндірісті шикізаттармен комплектациялық бұйымдармен жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етеді.Өндіріс қызметін атқаратындар бағынады (жоспарлы өнімді ұйымдастыру немесе жоспарлы диспетчерлік бөліміне) олардың міндетіне жартылай фабрикаттарды сақтау жатады; өткізу (өткізу бөліміне бағынады) ол жерде сатылуға тиісті құнды заттар сақталады. Қоймалар қызмет көрсетуіне қарай жалпы зауыттық,орталық қойманың филиалдарына, және цехтық болып бөлінеді олар цех басшыларына бағынады. Өткізу ұйымының қоймалары тауар қозғалысын тоқтатпай өндірістен тұтынуға жеткізіп отыру керек. Олардың ең басты жұмысы дайын өніммен нарықты тез қамтамасыз ету болып табылады. Аралық ұйым қоймалары уақытша сақтауға арналған, бәрінен бұрын (көліктік жеткізу ұйымдарында). Бұл жерге жататындар темір-жол қоймалары,көліктік жүк терминалдары,теңіз және өзен порттары,әуе көлігінің терминалы.Жүкті қалпына келтіру жұмысы,көліктік бақылау кеденіне жатқызылады. Осы қоймалар тобы логистикада қамтамасыз ету және бөлу бөлімінде жұмыс атқара береді.

Қоймалардың қызмет ету барысына қарай, 5 түрге бөлінеді:

Транспорттағы қор үшін (айналым) көліктік орталықта жүктерді орналастыруды ұйымдастыру үшін. Сақтау қоймасында, материалдарға концентрациялық қызметтер көрсету мен және олардың өндірісте тиімді қызмет ету үшін сақтайды. Комиисиондық қойма, тапсырыстарды қалыптастыруға және тапсырысшылардың талғамы бойынша жасайды. Қоймада сақталатын заттарға жауап беру қоймалары, және оларды сырттан келетін теріс қимылдардан сақтау. Арнаулы қоймалар. Мысалы: кедендік қоймалар,уақытша сақтауға арналған қоймалар,т.б. Конструкциялық түріне қарай қоймалар жабық және жартылай жабық және ашық алаңшалар болып бөлінеді. Спецификасы мен сақталатын заттар номенклатурасы бойынша қоймалар әмбебап және арнаулы болып бөлінеді. Әмбебап қоймаларда кең номенклатурадағы материалды ресурстар сақталады.Арнаулы қоймаларда біріңғай материалдар сақталады. Қойма операцияларының механикалық дәрежесінің түрлері: механизацияланбаған,механизацияланған, автоматталған және автоматтық. Қойма жұмыстары.Қоймалардың жұмыстарының негізгісіне мыналар жатады: 1.Қажетті ассортиментті тұтынушының тапсырысымен дайындау .Сатыпалу және өндірістік логистикада сол атқаратын қызмет қажетті материалды-техникалық қамбалармен қамтамасыз ету. Реттегіш логистикада айтылған қызмет айрықша мағынаға ие. Сауданың қоймалары өндірістік ассортименттің өзгерісін клиенттің тапсырысымен жасайды. Керек ассортименттің қоймада жаралғаны тұтынушының тапсырысының тиімді орындалуына және жиі жеткізіліп беруі клиенттің тапсырысы бойынша.

2. Жинақтау және сақтау.Бұл қызмет шығарылған және пайдаланылған өнімді уақытша теңестіреді. Қор көлемін көбейтіп тұтынушыларды сапалы тауармен қамтамасыз етеді. 3. Көптеген тұтынушылар аз немесе үлкен көлемде тапсырыс жасайды,бұл оның жеткізу шығынын көбейтеді.Жеткізу шығындарын төмендету үшін барлық тапсырысты біріктіріп бірнеше клиенттің тауарларын жеткізеді. 4.Қызмет ұсыну. Өз қызметтерінің ең жоғары дәрежеде болуы үшін,қойма тұтынушылары клиенттерге жан-жақты қызмет көрсетуге даяр. өнімдерді сатуға даярлау( контейнерлерді толтыру және т.б) құрылғылардың қызмет етуін тексеру,өнімге тауарлық сырт қаптамасын даярлау,транспорттық-экспедициялық қызметтер т.б көрсетеді. 3. Жинақтау процессі. Қойма процесстерінің сипаттамасы.

Қоймаландыру операциясы мынадай тізбекте өтеді:

• Жүкті түсіру және қабылдауп алу;

• Сақтау түсіру және қабылдап алу;

• Жүктің іріктеп жинақталуы;

• Қойма ішіндегі жүктің тасымалдауы

Жүктерді жөнелту мен қабылдау қабылданған келісім-шарт бойынша жүргізіледі. Бұл іс-шараларды жүргізу жүк сипатына қарай , транспорт түріне қарай ( трейлер, контейнер), сонымен қатар қолданатын механизация түріне байланысты. Тауарды қабылдап алған кезде қабылданған тауар мен оның жолдама құжатындағы ақпараттар тексеріледі, келген жүктерді ақпарат жүйесіне хабарлап, қоймалы жүкті қабылдау жүреді. Саны мен сапасы бойынша қабылданған жүк сақтау зонасына қойылады.Сақтау процессі сәйкес жағдасап, қордың қоймада жеткілікті болуын қамтамасыз етеді. ай ж На складе принятый по количеству и качеству груз перемещается в зону хранения. Жүкті тиянақты сақтау үшін мекендік сақтау жүйесі ұолданылады, қатаң принцип бойынша сақтау (тіркелген) және бос (жүк кез-келген бос жерге сақтауға қойылады). Комплектация процессі келесілерді құрайды: тұтынушы сұранысымен тауарды дайындау, тауарды жеткізілуге дайындау, жеткізетін жеке тауарларды жинау, транспорттық құжаттарды дайындау, тауарларды транспортқа салу. Қоймааралық қоймалау қойманың бөлімдері арасында жүктерді орналастыру болып келеді: жеткізілімге арналған аумақтан қабылдау аймағына, ол жақтан сақтау аймағына және комплектацияға. Транспорттау тікелей маршутпен жүзеге асырылады, бұл операцияларды эффективті орындауға көмектеседі және қойма аумақтарына қайта келуді болдырмайды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоймалардың жұмысын ұйымдастырылуы

Тауарды түсіру,іріктеу,қабылдау,сақтау,пайдаланушыға жеткізу қоймалардың жедел жұмысына кіреді.Жүкті қоймаларға жеткізілуі зауыттың планымен сәйкестендіреді.Заттар қоймада инстукция және құжаттар арқылы қабылданады. Қабылдап алынған заттар арнайы орындарда маркасына,размеріне,сорттарына қарай орналастырылады. Күнделікті жай қолданылатын заттарды жақындау жерге,ауыр заттар қоймадағы жұмыстарға кедергі келтірілмейтін етіп қойылады. Заттар комплекті түрде бір-біріне жақын қойылады. Заттар қойылған стеллакс және покалар номерленеді, табличкаларға заттың атауы мен индексі жазылады.Заттар арнайы бір план бойынша таратылады. Жіберудің алдында заттар арнайы дайындалады. Келген заттардың қозғалысының есебі арнайы картотекалар жазылады.Тапсырыстың көлемі және жиілігі жазып алу арқылы реттеліп отырады. Қойма персеналының штаты қойма операцияларының қиындығымен, қолданатын транспорт түрлерімен, механизация дәрежесімен, жеткізу-қабылдау автоматизациясымен анықталады.

4. Қоймалаудың жүйесін құру.

Қоймада орналастыруды таңдау қойманы пайдалану шешіміне байланысты.Пайдаланудың екі негізгі әдісі бар; жеке пайдалану және жалпы прайдалану.

Қоймадағы зат айналымының көлемі осы негізгі факторға байналысты. Жеке қоймаларда заттардың сапасы өседі,жағдайы жақсы сақталынады, қызмет көрсетілуі сапасы жақсарады.Жалпы пайдалану қоймаларын тауардың аз мөлшерінде жалға алынады, маусымдық сұраныс тауарларын сақтайды. Көп өндірістер жалпы пайдалану қоймаларының қызметіне жүгінеді.Жалпы пайдалану қоймалары мынадай артықшылықтары бар:

Қойманың қабылдануына жиі инвестицияларды қажет етпейді.

Қаржылық тәуекелдік төмендейді

Қойманың пайдалану алаңы жақсарады

Қордың сақталуы және рационалдық сақтау жауапкершілігі төмендейді.

Қоймалар көлемін анықтау және қойманы орналастыру жүйесі. Қойманың территориялық орналасу орны оның көлемі жағынан және бұйымдардың келу қуаты арқылы анықталады, нарықта сұраныспен ұсыныс тұтынушылар санымен т.б. Шағын және орта кәсіпкерлер бір немесе бірнеше аудандарды қамтитын ереже бойынша бір қоймасы болады.

Сурет.1.

Графикте көрсетілгендей егер қойма саны өссе логистикалық жүйе бойынша,қоймадан көліктік тасымалдау шығындары азаяды.Қойманы қамту бойынша шығындар өседі және қор сақталған үшін қаржылық пайыз мөлшерлемесі өседі.Қоймалардың тұтынушыға жақын болғаны олардың сұранысына және шығындарды азайтуға көмектеседі. Қоймалардың санының көбеюі кәсіпорынның шығындарын жалпы айналымнан аз болу тиіс. Тәжірибеде қойма жүйесін құрудың екі әдісі бар: біріншісі орталықтандырылған және орталықтанбаған. Орталықтандырылған қойма жүиесі үлкен көлемде сақтайды,ол жерде ең басты қор және филиал қоймалары жинақталады. Орталықтанбаған жүйе бойынша қордың басты бөлігі қоймалардың жүйесіне таратылады, әр региондарда тұтынушыға жақын орналасады.Осындай жүйе бойынша орналасқан қоймалар тарату мақсаты оңтайлы орналасқан.Бұл жерде ең басты клиент көтерме сауда болып табылады,аз көлемдегі партиялармен бірақ тез арадағы жеткізумен.

Қойма ауданын есептеу. Ең басты көрсеткіш қойманың көлемі болып табылады.

Қойманың ауданы келесі жіктерге бөлінеді.

  • Жүктік немесе жалпы, материалды құндылықтардың болуы немесе олардың сақталуы.

  • Оперативті, қабылдау, орналастыру, комплекті аудандармен қамтылған, және де штабельдермен және сөрелермен.

  • Конструктивтік, қоршауыштармен, колоннамен ,тепшектермен т.б. қамтылған.

  • Қызметтік, контора және қолданыстағы аудандармен қамтылған.

Қойманың ауданын анықтаудың екі түрі бар.

  1. Салыстырмалы салмақ арқылы.

  2. Ауданын есептейтін құрылғы арқылы

Бірінші әдісі бойынша мына формула арқылы анықталады.

, бұл жерде

Sпол - қойманың пайдалы ауданы м2

Zпол- максималды қор өлшемі, сақтауға арналған

Qпол – 1 м2рұқсат етілген қойма ауданы

Бұл жағдайда Sжалпы мына формаула арқылы анықталады

,

Ки– қойма ауданның жалпы пайдалану коэфиценті

Екінші әдісі ең тиімді болып табылады.Қойманың пайдалы ауданы мына формула арқылы анықталады.

, где

nст - і-х сақтауға арналған сөре саны, дана

м-сөрелердің түрлерінің саны,топтар

Sст- бір сөренің қамтитын жері, м2

, бұл жерде

nя о – сөрелердегі ұяшық саны,максималдысақтауға арналған, данадан

nя о-бір сөредегі ұяшықтарсаны, дана

,

Vя – сөредегі ұяшық көлемі,м2

 - сақтаулы заттың меншікті салмағы т/м3;

k0– толтыруға біріктірілген ұяшықтар коэфиценті