- •Қорларды басқару жүйесіндегі шығындар.
- •2 Сурет. Тапсырыс жүйесінің тіркелген оралымдары
- •4. Қорларды басқару стратегиясы.
- •Тақырып бойынша бақылау жұмысы: Материалды қорлар. Қорды басқару жүйесі. Кезекті уақыт аралығындаға тапсырыстар мен тапсырыс көлемінің топтастырылған жүйесі.
- •4. Қ оймалау жүйесін қалыптастыру
- •2.Қойма түрлері және қызметтері.Қоймаларды бөлу.
- •5.Қойма жұмысын бағалау
- •Логистикалық ақпарат жүйесін қолдану иерархиясы.
- •Әдебиеттер:
5.Қойма жұмысын бағалау
Жұмыс істеп тұрған қойманың салынып жатқан немесе реконструкциялық нұсқаның таңдауы технико-экономикалық көрсеткіштермен жасалады:
Жұмыстың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер
Қойманың ауданы мен көлемінің тиімді пайдалану көрсеткіші
Қойманың жұмыс деңгеін үйлестіру көрсеткіштері
Қоймадағы жұмыстың өсімділігін тауар айналымы және жүк айналымы,заттардың айналым көрсеткіші көрсетеді. Қоймадағы тауар айналымы-кәсіпорынның бөлек қоймаларынанағымдағы сатылған өнімдер (ай, маусым,жыл). Қоймадағы жүк айналымы- қоймадағы жұмыс көлемінкөрсететін натуралды көрсеткіш. Жіберілген заттардың көлемімен және уақытпен есептеледі. Жүк жүрісі- жүктер саны, бір уақытта бірге қозғалысқа аттанған. Жүкті өңдеу-жүкті орналастыру бойынша тасымалдаулардың санын өзіне қосады. Жүкті өңдеу коэффициентінің түсуі жүкті өңдеу тенологиясы жақсарғандығын айтады, комплексті механизация және автоматизацияның қоймаға енгізілгендігі жайлы айтады. Материалдардың айналым коэфиценті-бұл айналымағы материалдың орташа қалдықтың жылдық (жартыжылдық, кварталдық) айналымына қатынасы.Егер Qр – қандай да бір календарлық периодқа (жыл, квартал,ай) қоймадағы материал шығыны); q1 – бірінші айдың бірінші күніне қоймадағы материал қалдығы q2 –екінші айдың бірінші күніне қоймадағы материал қалдығы; qn-1 – соңғы айдың алдындағы айдың бірінші күніне қоймадағы материал қалдығы; qn – соңғы айдың соңындағы қоймадағы материал қалдығы, материалдардың айналым жылдамдығы мына формуламен есептеледі:
, где
М-есептеуге арналған қалдық саны
Кобмөлшері бірліктен көп болуы керек
Бір күндік тауар айналым мына формула арқылы есептеледі
,
Т- календарлық сан
Қоймадан түскен әркелкілік коэфиценті Кнжүктің тоннада максималды түсуімен Qmaxбелгілі бір уақыт аралығында жүктің орташа түсуінеQсрқатынасымен анықталады, яғни:
Әркелкілік коэфиценті жүкті қабылдау барысында,қабылдау және жөнелту алаңына үлкен септік алып келеді және де жүк көтеру механизмінде.
Қойманың басты ауданын пайдалану көрсеткіші. Мына топты қосып айтуға болады.
Қойманың ауданын пайдалану коэффициенті
Қойманың көлемді пайдалану коэффициенті
1 кв.м пайдалы ауданда орташа салыстырмалы жұмыс мөлшері
Жүкқауырттілігі
Қойманың басты ауданын пайдалану көрсеткіші Кf көрсетеді жүктің жалпы қойманың ауданына қатынасын:
.
Қойманың басты ауданын пайдалану көрсеткіші тек ауданын ғана емес оның биіктігін де көрсетеді,мына формула арқылы көрсеңіз болады
,
Vпл– пайдалы көлем, жүктің пайдалы биіктігін анықтау (сөрелер т.б)
Vобщ – қойманың жалпы ауданы,шығарылған өнімнің жалпы ауданның биіктігін анықтау (қойманың еденінен жоғары қарай,тгптауға кедергі ететін жүктер )
1 кв.м алаңда,қанша салмақтағы жүк орналастыру формуласы:
,
g- 1 кв.м орташа салмақ т/кв.м
Змак- қоймада сақталған жүк немесе максималды қор запасы.
Ғ-көлем,қоймада сөрелерде сақталған кв.м
Жүктің тым артық болуы 1 кв.м формуласы:
,
бұл жерде
Qf- қойманың жылдық жүк айналымы
Жүк тығыздығының көрсеткіші қойманың пайдалану және олардың өту деңгейін жылдық мерзімін анықтауды көрсетеді. Қойманың жұмысын механизация көрсеткішіне жатады: - Жұмысшылардың еңбектерін механизацияландыру дәрежесі механизацияланған әдіспен жұмыс істетін жұмысшылар санының қоймадағы жалпы еңбекшілер санынақатынасымен анықтайды. - Қоймадағы механикалық еңбектің деңгейін анықтау атқарылған механикалық жұмыстың көлемін жалпы атқарылған жұмыстар қатынасымен анықтайды. - Механизацияланған жұмыс көлемі механизммен атқарылған жүкайналымын механизммен атқарылған жүкайналыс санына қатынасы.
Әдебиеттер:
Негізгі:
Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.
Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.
Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.
Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.
Қосымша:
Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов- на-Дону: Феникс, 2001.
Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004.
Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.
Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фирмы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.
Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и статистика, 1999.
Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.
Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом «Дашков и К», 1999.
Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.
Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ:
Билет№1.
Қойма түсініктемесіне анықтама беріңіз.
Логистикада қойма функциясының классификациясы
Қоймаға анықтама беріңіз
Қойманың логистикадағы қызметі және классификациясы
Билет №2
Кәсіпорын қоймаларының жұмысын сипаттап беріңіз.
Қоймалау формасын таңдау.
Кәсіпорындардағы қойма жұмысын айтып беріңіз
Орналастыру формасын таңдау
Билет №3
Қойма ауданының есебі.
Қ ойма жұмысының көрсеткіші.
Қойма ауданын есептеу
Қойма жұмысының көрсеткіштері
Билет №4
Қойма түсініктемесіне анықтама беріңіз.
Қ ойма жұмысының көрсеткіші.
Қойма түсінігіне анықтама беріңіз
Қойма жұмысының көрсеткіші
Билет №5
Кәсіпорын қоймаларының жұмысын ұйымдастыру.
Қоймалау формуласын таңдау.
Кәсіпорындағы қойма ұйымының жұмысын анықтаңыз
Орналастыру формасының түрі
Билет №6
Логистикада қойма функциясының классификациясы.
Қойма ауданының есебі.
Логистикадағы қойма қызметі және оның классификациясы
Қойма ауданын есептеу
Билет №7
Қоймалау формуласын таңдау.
Қ ойма жұмысының көрсеткіші.
Орналастыру формасының түрлері
Қойма жұмысының көрсеткіші
Билет №8
Қойма түсініктемесіне анықтама беріңіз.
Қойма формасын таңдау.
Қойма ұғымына анықтама беріңіз
Орналастыру формасының түрлері
Билет №9
Қойма түсініктемесіне анықтама беріңіз.
Қойма формасын таңдау
Қойма ұғымына анықтама беріңіз
Орналастыру формасының түрлері
Билет №10
Логистикалық қойма функциясының классификациясы.
Қойма ауданының есебі.
Логистикадағы қойма қызметі және классификациясы
Қойманың ауданын есептеу
Фармацевтикалық факультет
«Фармацевт-менеджер» модулі
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік
жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)
КУРС: 4
ПӘН: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»
ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Құрастырушылар:
доц. Шопабаева А.Р.
Адибаева Г.К.
Елшибекова К.М.
Алматы, 2015ж.
ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА САТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Мақсаты: Студенттерді фармацевтикалық тауарларды тарату жүйесінің мәнімен таныстыру.
Оқыту тапсырмалары:
Дәрілік заттармен көтерме сауданың сипаттамасы және пән жайлы түсінік беру
Фармацевтикалық өнімнің шығын жүйесінің негізгі түсінігімен таныстыру.
Өткізу формасы: тапсырмаларды орындау, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды оқытушымен талқылау, ситуациялық есептерді шешу.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:
дәрілік заттардың шығын жүйесінің сущностін түсіндіру
сауда объектісі ретінде фармацевтикалық өнімнің ерекшеліктері туралы айт
шығын жүйесінің негізгі тапсырмаларын тізбекте
Мекемелерде шығын процесінің қандай негізгі этаптары бар?
Фармацевтикалық өнімнің шығын жүйесін сипаттау.
ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ:
Дәрілік заттардың бөлшек және көтерме реализациясы, медициналық тағайындаудың өнімдері және медициналық техникалар.
ДЗ, ММБ, МТ-ң көтерме сауда реализациясы дәріханалық қоймада, ММБ мен МТ қоймасында көтерме сауда реализациясына алған лицензиясына сай, ДЗ мен ММБ, МТ айналым сферасындағы субъекттерімен жүзеге асады.
ДЗ, ММБ, МТ-ң бөлшек сауда реализациясы дәріханаларда, дәріханалық пункттерде, жылжымалы дәріханалық пункттерде, оптика дүкендерінде, ММБ мен МТ дүкендерінде бөлшек сауда реализациясына алған лицензиясына сай, ДЗ мен ММБ, МТ айналым сферасындағы субъекттерімен жүзеге асады.
Көтерме мен бөлшек саудадағы ДЗ, ММБ мен МТ-ң реализациясы Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын реттілікпен жүзеге асырылады.
Бөлшек және көтерме саудада ДЗ, ММБ мен МТ-ң реализациясы мына жағдайда тыйым салынады:
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіркеуден өтпеген (нақтыланған өндірістік практика талабымен өндірілген дәрілік субстанциялардан басқасы);
Қазақстан Республикасының заңымен орнатылған сапа сертификатына сай келмеген;
Қазақстан Республикасының заң талабына сай келмеген;
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
Нақты статьяның 6 тармағында көрсетілген жағдайлардан бөлек, медициналық мекемелерде медициналық қызметкерлермен;
ДЗ, ММБ мен МТ-ны уақытша сақтау қоймалары арқылы.
Дәрігердің рецептімен босатылатын ДЗ-ды рецептсіз босату тыйым салынады.
ДЗ-ды рецептсіз немесе рецептпен босату ережесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен орнатылады.
Дәріханасы жоқ, аудан орталығынан алыс орналасқан тұрғылықты жерлерде ДЗ, ММБ мен МТ-ның реализациясын, Денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханалық пункт пен жылжымалы дәріханалық пункт арқылы алғашқы мед-санитарлық, кеңес-диагностикалық көмек көрсете алатын Жеке және Заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.
Алайда, фармацевтикалық білімі бар маман болмағанда, ДЗ, ММБ мен МТ-ң сапасының, қауіпсіздігінің және эффективтілігінің сақталуын Заңды орган тағайындаған аттестациядан өткен медициналық білімі бар маман қамтамасыз етеді.
ҚР аумағында өндірілген және әкелінген ДЗ, ММБ мен МТ-ң тіркеу құжатының мерзімі аяқталғанға дейін ҚР аумағында шектеусіз қолданылады, айналымда болады және тасымалданады.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.
2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.
3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.
4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.
Қосымша:
1. Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов-
на-Дону: Феникс, 2001.
2. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.
3. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поста-вок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.
4. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фир-мы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.
5. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и статистика, 1999.
6. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Никола-ева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.
7. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.
8. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.
9. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.
Фармацевтикалық факультет
«Фармацевт-менеджер» модулі
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік
жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)
КУРС: 4
ПӘН: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»
ТАҚЫРЫП: АҚПАРАТТЫҚ ЛОГИСТИКА. ЛОГИСТИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. КЕРІ БАЙЛАНЫС ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ БАСҚАРУ.
Құрастырушылар:
доц. Шопабаева А.Р.
Адибаева Г.К.
Елшибекова К.М.
Алматы, 2015ж.
ТАҚЫРЫП: АҚПАРАТТЫҚ ЛОГИСТИКА. ЛОГИСТИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. КЕРІ БАЙЛАНЫС ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ БАСҚАРУ.
Мақсаты: Ақпараттық логистика туралы студенттердің білімін жетілдіру.
Оқыту тапсырмалары.
Ақпараттық логистикаға анықтама беру.
Ақпараттық ағымдар жәнелогистикадағы ақпараттық жүйелермен танысу.
Логистикадағы ақпараттық – компьютерлік технологияларға анықтама беру.
Ақпараттық жүйелердің классификациясы.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
«Ақпараттық логистикаға» анықтама беру.
«Ақпараттық ағым» мен «ақпараттық қамтамасыздандыру» түсінік беру.
Ақпараттық логистиканың классификациясы.
Ақпараттық логистиканың негізгі функциялары мен принциптері.
Автоматтандырылған ақпараттық логистиканың негізгі талаптары
Ақпараттық материал.
Қазіргі уақытта өндірісті ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудің үш түрі болуы мүмкін:
Ақпараттық технология саласының орталықтандырылған ұйым тәсілі бір бағытқа бағытталған, ол компанияның жоғары басқарушысына тікелей емес бағынады және ақпараттық жүйе мен технологияға жауап береді. Ұйымға жаңа ақпараттық жүйені және технологияны енгізу тәсілінің артықшылығы - жұмыс нәтижелігінің жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге қызмет етеді. Бірақ кемшілігіне басқару аппараттарын ұстаудағы кететін үлкен шығындарды жатқызуға болады.
Ұйымды ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудің децентрализацияланған тәсілі – функциоландырылған бөлімдердің түрлі мамандарымен ақпараттық жүйенің басқару функциясын қамтамасыз етуге ескертілген және де әрқайсысы өз бағытымен жүреді. Артықшылығы – менеджердің ақпараттық жүйе ағымындағы білімінің жоғары деңгейі, ал кемшілігі – бір типтегі шешімдерді қайталау және ішкі жүйенің әр түрлі функциясы.
Мамандандырылған тәсілі – ақпараттық жүйе бөлімдерінің жоқтығымен сипатталады. Егер автоматтандырылған жүйе керек болса, берілген ұйымның мамандандырылған фирмаларының қызметтеріне жүгінеді және жұмыс келісім – шарт негізінде жүреді. Ұйымды ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудегі берілген тәсілдің артықшылығы – жоғары дәрежедегі ғылыми және оқу – әдістемелік жұмыстарын қамтиды, ал кемшілігі – негізделген объекттердегі барлық спецификалық есебінің қиындығы.
Өндірісте ұйымды ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудің тәсілін таңдауда бірнеше факторлар әсер етеді және ең алдымен ұйым көлемі, басқару жүйесі, бизнес – процесс, ақшалық құралдардың болуы әсер етеді.
Ақпараттық ағым – бұл логистикалық операциялардың орындалуын басқару мен бақылау үшін қажет, логистикалық жүйеде, логистикалық жүйе мен сыртқы орта арасында айналып жүретін хабарлар жиынтығы. Ақпараттық ағым материалдық ағымнан озық болуыда, онымен бірге жүруіде және артта қалып қоюда мүмкін. Сонымен қатар ақпараттық ағым материалдықпен бірге бір бағытқа және керісінше кері бағытқа бағытталуы мүмкін:
қарсы бағыттағы озық ақпараттық ағым, әдеттегідей тапсырыс жөнінде ақпарат береді;
түзу бағыттағы озық ақпараттық ағым — бұл тауардың келуіне байланысты алдын ала хабарлама алу;
материалдық ағыммен бірге түзу бағытта материалдық ағымның сандық және сапалық параметрлері туралы ақпарат жүреді;
материалдық ағымнан кейін қарсы бағытта жүкті алуы қорытындылары бойынша ақпарат, әртүрлі қарсылықтар, қабылдандығы туралы ақпарат келуі мүмкін.
Ақпараттық ағым келесі кзрсеткіштермен сипатталады: шығу көзіне, қозғалыс бағытына, жіберу және алудың жылдамдығы, ағымның интенсивтілігіне және т.б. байланысты.
Ақпараттық ағымды басқаруға болады:
ағым бағытын ауыстыра;
ақпараттың берілу жылдамдығын өзгерте;
ақпарат ағымының көлемін шектеп немесе жоғарылата.
Ақпараттық ағым өңделетін немесе берілетін ақпарат көлеміні уақыт бірлігімен есептеледі. Бұл байт бірлігінде есептелетін құжат немесе ақпарат бірлігінің көлемі болуы мүмкін.
Ақпараттық жүйені құрудың негізгі принципі – мәліметтер ең төменгі агрегаттандырылған деңгейде жинақталып, салыстыруға болатындай болуы керек.
Анализ жасау үшін комплексті жинақ міндетті түрде болуы керек. Бұл әдістерді логистика сферасындағы басқарушы қаншалықты керек етсе, сонщалықты қолданылады.
Қоршаған орта
Кіріспе ақпарат
Ішкі ұйым
Мәліметтерді
сақтау
Файлдарды құру
Іздеу
Файлдарға қызмет
көрсету
Мәліметтерді
қайта құру
Базалық
мәліметтерді сұрыптау
Шешімі
Шығыс ақпарат
Шешім қабылдайтын
логистика сферасының басқарушысы
Логистика элементтерінің ақпараттық жүйемен байланысы.
Логистикадағы ақпараттың мақсаты басқаруға мүмкіндік алуға негізделген, бақылау және жұмысты жүргізу, сонымен бірге қоймада және шикізатты, материалдарды, бұйымдарды тасымалдауда кешендік жоспарлау жасау жатады. Жүйені функциоландыру кезінде үзіліссіз есеп мәселесі пайда болады, ол процесстің жүру барысында және құрылымына өзгеріс енгізуге ықпал етеді.
Өндірісте ұйымдастырылған процесстер үлкен көлемде ақпараттық ұйыммен байланысқан. Логистикадағы прогрессивті айналу концепциясы ақпараттық жүйенің өзгерісіне әкеледі. Логистиканың қойған мақсаты сәйкесінше ақпараттық жүйемен бірге атқаратын міндеті:
Қажетті сапалықты қамтамасыз ету;
Қажетті көлемді қамтамасыз ету;
Керек орнына жеткізу;
Бекітілген уақытта жеткізу;
Көбінесе спецификалық функцияны негіздеуге болады, бірақ оны ақпараттық логистика жүйесі орындау керек, мысалы, тұтынушыға ақпараттық қызмет көрсету функциясы, жоспарлау, басқару, бағыттау.
Жоспарлау
функциясы
Тұтынушыларға
қажет өнімнің типі бойынша жазбаны
басқару, айналымы, ұсынысты жорамалдау,
стратегиялық жоспарлау.
Бағыттау функциясы
Өндірістің графигін
құру.
Материалдық
мұқтаждықты жоспарлау.
Сатуды жоспарлау.
(маркетинг).
Мәліметтер
базасы
Сыртқы мәліметтер
Тұтынушылардың
тапсырысы.
Жүктемеге енген.
Ішкі мәліметтер.
Өндіріс
қоры
Тұтынушыны
ақпаратпен қамтамасыз ету функциясы
Тұтынушының
тапсырыс беру дәрежесі.
Өнімнің типі
бойынша қорының бар болуы және
орналастыру.
Енген жүктеменің
дәрежесі
Басқару функциясы
Тұтынушыларға
қызмет көрсету деңгейі.
Сауданы
функцоиландыру.
Транспорттық
агентстваны функциоландыру.
Жүйені функциоландыру.
Логистикалық ақпарат жүйесінің функциясы.
Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.
Ақпараттық жүйенің кері байланысы шешім қабылдай алатын ортада байда болады, сол ортаға және кейінгі шешімдерге әсерін тигізеді. Бұл жүйенің 3 түрі бар: құрылымы, көлемі (запаздывания) және жүйені күшейту.
Құрылымдық жүйесі алыстағы бөліктермен байланыстырады. Ал ақпаратты алуда, шешім қабылдауда көлемдік жүйесі қатысады, ол шешімді орындау процессіне және ақпараттың негізіне сүйенеді.
Негізінен күшейту барлық ақпараттық жүйеде өтеді және логистика жүйесінің қабылдаған шешімі арнайы нақтыланған ретімен жүреді. Олар іс - әрекеті күштірек болған жағдайда ғана пайда болады, мұны реттелетін шешімді анықтайтын кіріспе ақпараттан болжауға болады.
Ақпараттық жүйенің кері байланысымен бірге анықталатын қатан базистік жүйеде бар. Көбінесе шешім толық еркіндікті көрсетпейді, ол тек қатан түрде қоршаған отаның жағдайымен байланысқан болады. Бірақ та ол шешімдерді реттейтін ереже орнатып, оның өндіріске және экономикалық жүйенің іс – әрекетіне әсерін байқауға болады.
Ұйымның типтік құрылымының өндірістік функфункциясы тауарларға тапсырыстын қарқынды болуымен сипатталады. Мұнда қордың үш деңгейін көрсету керек: өндірісте, көтерме сауда да және бөлшек сауда да.
Жүйенің динамикалық жағын анықтау үшін міндетті түрде тауардың көлемін білу керек. Тауар көлемі, ереже бойынша күндерде, апталарда және өңдірістегі ұзақ қолданыстағы тауарларды дайындау көлемінің қарапайымдылығымен көрсетіледі.
Логистика жүйесінің жұмысы эффективті болу үшін ережелерді білу керек, тауарларды орналастыру ретін және қоймадағы әрбір топтағы өңімнің қор көлемін. Осы моделдер негізінен тапсырыстын 3 түрін көрсетеді:
Сатылған тауарлардың орнын басу үшін тапсырыстар;
Сату деңгейінің өзгерісімен байланысты, барлық саладағы қорларды толықтыру үшін тапсырыстар:
Тапсырыс, орындалу барысында тауарлармен қамтамасыз ету каналдарын тапсырыс жайлы қажетті ақпаратпен толтыру.
Ақпарат және тауардың имитациялық моделін құру қарқындылығына логистика жүйесі мен өнімді өңдіру әсер етеді, мұнда қойма қорының өзгерісі және кіріспе мәліметтер түрінде сатып алу байқалады.
1Деңгей
2Деңгей
3Деңгей
Тауарлар және ақпарат ағымының имитация моделі.
Ш
артты
белгіленуі:
Функциялық шешімі
Ақпарат көзі
Материал
ағымының каналы
Бұл моделі 4 элементтен тұрады: деңгейі; ағымы, бір деңгейден екіншісіне өткенде құрамының өзгерісі; шешімі, деңгей аралық ағымды реттеу; ақпарат каналы, деңгейлерді байланыстыратын шешім. Ішкі жүйелік жиналуды осы деңгейлер сипаттайды. Ағым темпі – деңгей аралық жүйедегі жылдам ағымдар. Темптер жүйеде белсенділікті бейнелейді.
Ақпараттық жүйенің деңгейі қаншалықты үлкен болса, соншалықты логистика жүйесі эффективті болады, себебі бағалы ақпараттық жүйе қоры басқару мәселесін шешуде, өнімді тасымалдауда көмектеседі. Тәжірибе жүзінде логистиканың ақпараттық жүйесі көптеген ішкі жүйелермен байланысады. Оңайтылған түрде екі ішкі жүйемен көрсетілуі мүмкін: жабдықтау және тұтыну.
Логистикадағы ақпараттың міндеті.
Материалды ағымды эффективті басқару орталығында басқарылатын ақпаратты ағым болуы керек. Тұтынушығы бағытталған логистикалық жүйемен қамтамасыз ету үшін, ақпараттық жүйемен параллелді түрде физикалық жүйесін функцияландыру керек. Пайда мен шығын арасындағы балансті нәтижесі сәйкес ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Көптеген қауіп төнгенімен пайда мен шығынды анықтау мүлдем оңай емес, себебі сандық анықтауы қиынға түседі. Ақпаратты қалай сақтау жөніндегі сұраққа жауап тапқанда, шығын міселесі пайда болады, өйткені осы жүйедегі мәліметтерді сақтағанда шығынның жылдам өсіп кету қауіпі болуы мүмкін. Сонымен бірге, логистиканың иерархиялық ақпараттық жүйесін назарға алу керек. (4.4. сурет.)
Жүйенің жылдам жауап қайтаруымен байланысты мәселелер болуы мүмкін. Нағыз уақыттағы режиммен жұмыс істейтің ақпараттық жүйе, физикалық жүйенің минут ішіндегі өзгерістерін үздіксіз бақылайды, мысалы, авиа жолдардағы ақпараттық жүйені резервтеу. Көбінесе ақпаратты сұрыптаудың топтық әдісі тиімдірек болуы мүмкін, мұнда мәліметтер күнара жаңарады, бірақ ақпаратқа жауап кешігіп келуі мүмкін. Ақпаратқа нағыз мұқтаждықты басқаруды анализдегенде ғана жауап алуға болады. Сонымен бірге, ақпаратқа қажеттілікгің әртүрлі деңгейлері бар, олар шешім қабылдаудың иерархиялық типін бейнелейді.
Басқарудың жоғарғы Шешім қабылдайтын полити-
деңгейі каға және стратегияны өңдеуге
арналған ақпарат
Басқарудың ортанғы Шешім қабылдауға және тактикалық
деңгейі жоспарлауға арналған басқарылатын
ақпарат
Бақылайтын Басқаруға және оперативті жоспарлауға
ұйым арналған ақпарат
Оперативті Келісімдерді оперативті өңдеу, сұранысқа жауаптар
деңгей
