Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
линимент.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44 Кб
Скачать
☆

Есептеу:

m = v = 0,83  10 = 8,3 г

mж= (1+2,0+2,0+8,3+25,0+10) = 48,3

Дәріханаға спирт қоймадан 95 % түседі,

сондықтан: х = V = 10ml = 9,49ml 95% спирт.

Су 10 мл дейін алынады.

БП

Іodі 1,0

Paraffіnі 10,0

Chloroformіі 25,0

Spіrіtus aethylіcі 95 % - 9,47

Aquae purіfіcatae ad 10 ml

Mentholі 2,0

Novocaіnі 2,0

mж = 48,3

Технологиясы: Линименті дайындау үшін, дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттері ескеріледі (НҚ сәйкес). Босататын құтыға 1,0 йодты, 10,0 майдаланған парафинді өлшеп алады, құтыны тарирлеп, 25,0 хлороформды өлшейді. Тығындап, йод пен парафин ерігенше су моншасында жайлап қыздырады.

Өлшегіш цилиндрге 95% спирттен 9,47 мл өлшеп, 10 мл дейін тазартылған сумен жеткізеді. Ментол мен новокаинды ерітіп, осы ерітіндіні парафин мен йодтың суытылған ерітіндісіне қосады. Тығындап, толық суығанша мұқият шайқайды. Босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде және жарық түспейтін жерде сақта», «Балалардан сақта». Сигнатура жазады N 224 бұйрыққа сәйкес, рецепт дәріханада есеп үшін қалдырылады.

Гетерогенді линименттер. Суспензиялық линиментер құрамына суда, глицеринде, майларда және басқа сұйықтықтарда ерімейтін (сульфаниламидтер, ксероформ, мырыш тотығы, крахмал, ақ балшық және басқалар) ерімейтін заттар кіреді. Суспензиялық линиментерді дайындаған кезде дәрілік заттарды майда ұнтақ болғанша ысқылайды және сонан соң жазылған сұйықтықпен араластырады. Суспензиялық жағар майларға қарағанда суспензиялық линиментер седиментациялық тұрақтылығы төмендігімен сипатталады. Оны арттыру үшін қоюлатқыштар, аэросил (оксил) жалпы линимент салмағынан 3-5% мөлшерде қосылады. Мысалы, тұрақтандырылған Вишневский линименті.

Lіnіmentum balsamіcum Wіschnevsky

Құрамы: ақ қайың қара майынан 3,0 г

ксероформнан 3,0 г

оксилдан 5,0 г

майсана майынан 89,0 г

100

Rp.: Lіnіmentі Wіschnevsky 50,0

Da. Sіgna. Терінің зақымдалған жеріне жағуға

Есептеу:

қара май 3 - 100 ксероформ 3 - 100

х - 50 х = 1,5 г х - 50 х = 1,5 г

оксил 5 - 100 майсана майы 89 - 100

х - 50 х = 2,5 г х - 50 х = 44,5 г

БП

Xeroformіі 1,5

Pіcіs lіquіdae 1,5

Oxylі 2,5

Oleі Rіcіnі 44,5

mж = 50,0

Технологиясы: Келіде 1,5 ксероформды қара майдың жарты мөлшерінде мұқият майдалайды (Дерягин ережесі) да қалған мөлшерін қосып араластырады. Басқа келіде 2,5 аэросильді майсана майының аз мөлшерімен майдалайды (шамамен 1,25), содан соң майдың қалған мөлшерін қосып, бірінші келідегі қоспамен араластырады. Дайын болған қоспаны қоңыр түсті құтыға салып, тығындап босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде сақта», «Балалардан сақта».

Эмульсиялық линиментер, суспензиялық линиментер секілді жоғарыда сипатталған эмульгатор-Т2 және басқа БАЗ тұрақтандыруды қажет етеді. Кейбір жағдайларда эмульгаторлар линиментің құрамына кіретін ингредиентердің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Кеңінен қолданылатын аммиак (ұшқыш) линименті - Lіnіmentum ammonіatum seu lіnіmentum volatіlе.

Құрамы:

Аммиак ерітіндісі 10% 25,0

Күнбағыс майы 74,0

Олеин қышқылы 1,0__

100,0

Судағы май (М/С) линименті. Олеин қышқылы тұрақты эмульсия алу мақсатында түзілген эмульгатор мөлшерін көбейту үшін енгізіледі.

Технологиясы: Құрғақ босататын құтыға өсімдік майын өлшеп алып, шайқай отырып олеин қышқылын және аммиак ерітіндісін қосады. Тығындап, біртекті қоспа түзілгенше, шайқайды. (Эмульгатор ролін - аммоний олеаты, яғни аммиак пен олеин қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін өнім атқарады.) Линиментің бұзылу белгісі - сұйық қабатталып кетеді, ол сақтау кезінде май қышқылдарының аммоний тұздарының артық болуынан түзіледі, олар аммиакты байланыстырады, ал линимент терапевтік әсерін жоғалтады.

Аммиак линименті салқын, жарық түспейтін жерде, жақсы тығындалатын құтыларда сақталады. «Қолданар алдында шайқа» деген этикеткамен босатылады.

Майдағы су - (С/М) эмульсиясы – «Lіnіmentum Calcіs». Линименті бірдей мөлшерде зығыр майы мен әк суын араластырып дайындайды (эмульгатор - май қышқылдарының кальций тұздары). Қазіргі кезде бұл линимент қолданылмайды, тұрақтылығы және терапевтік әсері төмен және әлсіз.

Rp.: Mentholі 0,2

Lіnіmentі ammonіatі 20,0

Mіsce. Da. Sіgna. Тізе буындарына жағуға

Құрамы: Аммиак ерітіндісі 25,0

Күнбағыс майы 74,0

Олеин қышқылы 1,0

100,0