Есептеу:
Аммиак
ерітіндісі көлеммен дозаланады.
Линиментің
жалпы салмағын
анықтау
үшін
аммиак ерітіндісінің
салмағын
есептеу керек.
m
=
=
0,957 x 10 = 9,57
mж
=
30,0 + 20,0 + 9,57 = 59,57
Құрғақ
босататын құтыға камфора спиртін, бұрыш
тұндырмасын, аммиак ерітіндісін құйып
дайындайды.
Сабынды-спиртті
линиментер -
сабынның спирттегі ерітіндісі,
құрамында калий сабыны
болса - сұйық, натрий сабыны
болса - тығыз болуы мүмкін.
Rp.:
Camphorae
3,0
Oleі
Hyoscyamі 10,0
Spіrіtus
Saponatі 25,0
M.D.S.
Тізе буындарына ысқылауға
Есептеу: mж
=
3,0
+ 10,0 + 25,0 = 38,0
Мендуана
майында камфораны ерітіп, оған сабынды
спирт қосады. Босататын құтыда дайындайды.
Тығындап
безендіреді.
Бақылау сұрақтары:
Линимент
дегеніміз не?
Линиментерге
қойылатын талаптар.
Негіздерге
байланысты линиментер
қалай жіктеледі?
Гомогенді
және гетерогенді линиментердің
технологиясына тоқталып өтіңіз.
Жағар
майлардың сапасын бағалау.
Линиментерді
буып-түюдің
және безендірудің қандай ерекшеліктері
бар?
Жағар
майлардың технологиясын және сапасын
жетілдірудің негізгі бағыттары қандай?