Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рефераты мирова.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

2. Әлемдік экономика эволюциясының кезеңдері.

Дүнижүзілік шаруашылық тарихи және саяси-экономикалық категория болып есептеледі. Оның негізі, әрбір нақтылы тарихи кезеңнің дамуына әлеуметтік-экономикалық құрылым мен шаруашылық өмірдің жалпыұлттылануы және өндірістің деңгейі мен қарқынының сәйкес болуы.

Дүниежүзілік экономика бірнеше жүзжылдықтарды қамтып, дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқынына байланысты, біраз кезеңді өзіне қосады.

Бірінші кезең –XV-XVI ғғ. Отаршыл-мемлекеттер мен колониялық-мемлекеттер арасындағы сауда араласының жылдам дамуы мен елдердің эконмикалық бірлесуіне ықпал жасайтын дүниежүзілік колониялдық жүйеге (әлемді территоиялық бөлуге), ұлы географиялық ашылымдар әкелді. Соңғылары әлемдік шаруашылықтың (ӘШ) соңғы шебі болып саналады. «Баға революциясы» болып, капиталдың алғашқы жинақталуы басталды. Мануфактураның дамуының негізі болып, әлемдік сауданың дамуына байланысты әлемдік капиталистік нарық туындады. Бірақ ол әлі де тауар айналымының көлемі бойынша біраз шектеулі болып, көпестік капиталдың маңайындағы қосымша болып қала берді. Даму әдісі – экстенивті, колониализм негізінде болды.

Екіші кезең – XVII – XIX ғ. бірінші жартысы. Әлемдік капиталистік нарықтың тұрақтануы, халықаралық еңбек бөлінуінің (ХЕБ) туындауы мен дамуы. ХЕБ дамуына материалдық база болып өндірістік төңкеріс пен буржуазиялық революция, және мануфактуралық өндірістен фабрикалық өндіріске көшу себебкер болды. Бұл кейбір елдердің шектеулі қолөнер-мануфактуралық өндірістік базалары ӘШ нарығына сәйкес келмеуінен болды. ӘЭ ретінде әлемдік нарық пайда болды. Әлемдік сауданың дамуымен бірге, басқа да халықаралық экономикалық қатынастар пайда болды, мысалы, капиталдың тысқа шығарылуы.

Үшінші кезең – 1900-1930 жж. Бірінші кезеңнің өзгешілігіне келесі процестер мен оқиғалар ықпал етті:

  • Бірінші дүнижүзілік соғыс. Бұл соғысушы елдер өздерінің экономикасының негізгі салаларын дамытуға және барлық қор түрлерін (табиғи, ғылыми, еңбек) қарулы күштерін өсіру үшін жұмсауға негізделуіне әкелді. Бір жағынан бұл соғысқа тікелей қатыспаған елдердің, әскери тапсырыстардың көбейуінің арқасында, сауда айналымдарының ұдайы ұлғайуына әкелді.

  • Артық өндіріске байланысты Нью-Йорк қор биржасындағы құланымнан кейін болған АҚШ-та басталған жалпышаруашылық конъюктурасындағы бірінші әлемдік дағдарыс.

  • Батыс елдерінің Ресейге экономикалық блокада жариялауға және әлемдік тауарайналымынан шығартуға мәжбүр еткен еткен Ресей революциясы.

Нәтижесінде XX ғасырдың үштің біріншісінде әлемдік шаруашылықта автаркия – ұлттық оқшалану тенденциясы пайда болды.

  • Төртінші кезең – 1940-1950 жж. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі полярлық экономикалық жүйенің пайда болуы жылдамдады: капиталистік елдердің (нарықтық экономика, өндіріс құралдарына жеке меншілік) және социалистік елдер жүйесі (орталықтандырылған экономика, өндіріс құралдарына қоғамдық меншілік). Осы жүйелердің мүдделерін қадағалайтын құрылымдар пайда болды: НАТО, Варшава келісімі. Қырғи қабақ соғыс пен қаруландыру жарысы басталды. Капитализм мен социализмнің жарыспалық негізі экономикалық қорды өндірістің бейбіт салаларынан аластатты.

  • Бесінші кезең – өткен ғасырдың 60-шы жылдары. Осы күнге дейін өндірісі дамыған елдердің экономикалық конъюктурасына тәуелді болуына қарамастан, колониалдық елдердің саяси тәуелсіздік алуы (әсіресе Африка елдері). Осы кезеңде аймақтық интеграциялық топтамалар қалыптасуда.

  • Алтыншы кезең – 70-ші жылдар. АҚШ, Жапония және Германия араларында экономикалық даму деңгейі салыстырылады. Оны растайтын жайт – халықаралық есептеу бірлігі мәртебесіне америкалық доллармен қатар йен мен марканың ие болуы. Осы кезеңде АҚШ-тың ішкі нарығына шетел капиталы белсене кірді.

  • Жетінші – 80-ші жылдардың аяғы. Социалистік өндіріс жүйесі ыдырады. Бір жағынан бұл халықаралық шиеленістің басылуына байланысты оң бағытқа жетелесе, екінші жағынан бұрынғы социалистік елдердің ұлттық шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы салдарынан, теріс бағытқа итермеледі.

  • Сегізінші кезең – (1990 ж. бастап осы уақытқа дейін) біріккен құрылымдардың пайда болуы мен күшейуі – 1994 ж. Солтүстік Америка еркін сауда аймағы, 1993 ж. Біріккен Европалық кеңестік, 1989 ж. Азиялық-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастықтың үкметаралық ұйымы. Әлемдік экономиканың дамуының осы кезең экономиканың ғаламдануын көрсетеді. Бір жағынан аймақтық қарқынның айқын күшейуі трансұлттық корпорациялардың (ТҰҚ) маңызының арта түсуінен көрінеді (90 жылдары трансұлттық корпорациялардың сыртқы сауда айналымы әлемдік айналымнан 3 есе артық болды).