Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы да...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

Ұлылардан — ұлағат

Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.

Д. Дидро

Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.

А. Франс

... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мустафин

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді

бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.

Д. И. Писарев

... бүрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін дағдылы іс екенін танып, қүтыла аламыз ба? Ш. Қудаибердіұлы

Ертегілер

Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным–сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен.

Ертегінің негізгі бір саласы- қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес Айыртөс батыр», «Аңщы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілерінің де өзінше мәні үлкен.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы фантазияға құрылады. Қаһарман-

дарды «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуларды» іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қияға барады. Олардың алысатын жаулары- қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтыр-нақ, мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара құс, самұрық, алты айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар-адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер.Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне сол сенім білдіреді.

«Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда , мазмұны, сюжеті, құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, еікінші жағынан, әр түрлі дию, перілермен күресі баян етіледі.

Ертегігінің алға қойған негізі тілек-мақсаты− табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Бекторы, Темір хан,Шойынқұлақ тәрізді адамға зиян ойлайтын жауыздық иелерінен үстем шығып оларды қалайда өздеріне бағындыру болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Ер Төстікке жер астында кездесетін: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысарды алсақ, қайсысы болсын адам баласының өмір-тіршілігіне керекті жандар. Өзінің әлі жетпейтін табиғат күштерін адам баласы қия туғызған күшті адамдар арқылы бағындыруды мақсат етеді. әр түрлі жауыздықтардың ұясыболған, адам баласына қастық қана ойлайтын Бекторы, Шойынқұлақ, Темір хан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі.Ер Төстік қандай қиын-қыстауды басынан кешіріп, ақыры өз дегеніне жетеді. Халық оптимист, жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. «Ер Төстік» ертегісі осыны көрсетеді.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі-Ер Төстіктің жер бетіне шығып, Шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешімі болып саналды.

Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. «Ер Төстік»ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке көптеген бөгет, қиындықтар кездеседі.оның әрқайсысы- жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһармансол бөгеттердің бәрін жеңіп шығады да, «барша мұратын жетеді». Бұл−барлық ертегілерге тән түйін және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім. Осы ертегі оқи отырып оқушылар үлкен қияға береледі. Өздерін Ер Төстіктің орнына қойып, ойша жаңа образдар жасап, бөгеттерден өтуге тырысады. Осы шығарманы оқыған оқушылар арман жетегінде кетуі әбден мүмкін.Оқушылардың қиялының қаншалықты дәрежеде дамитынын «Ертегілір еліне» саяхат атты сабақтан көресіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]