Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы да...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

"Ертегілер еліне" саяхат

Мақсаты: 1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;

3)оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегілер тақырыбына байланысты суреттер, қақпа, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, тапсырмалар, бейнетаспа.

Барысы.

Мұғалім: Ата -аналар, лагерь қонақтары, оқушылар! Бүгінгі "Ертегілер еліне" саяхатқа қош келдіңдер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатты Қызыл телпек бастайды. Қызыл телпек ертегілер еліндегі әжесінің үйіне жетуге асығуда. Әжесінің үйіне дейін бірнеше кедергілер бар. Сол кедергілерден сүрінбей өтсе ғана әжесіне барып, жақсы ертегіні достарымен бірге тыңдайды. Балалар Қызыл телпек кім ол?

Оқушылар жауап береді.

Қане ендеше бәріміз бірге саяхаттайық! Қызыл телпекті ауырып жатқан әжесіне тез жеткізейік. Ортаға Қызыл телпекті шақырайық, ол біздің саяхатымызды бастасын!

Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, жанымда достарым бар, Орындаймыз біз барлық тапсырманы.

Қасқыр: Бәріміз айналайық бізде енді,

Тапсырма қиынырақ көрінеді.

Күш салып тапсырғанын орындасақ,

Жетеміз біз де үйіне әжесінің.

Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап Қызыл телпекпен бірге барып, әжесінің ертегісін тыңдайық.

1-тапсырма. "Ерте, ерте, ертеде..." деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

1-оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса еліктіріп балалар,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма ел намысын өтемеген.

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

"Ертегі еліне" бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.

Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?

- Ертегі басталғанда қалай басталады?

"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".

Жақсы.

2-тапсырма: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім?

3-тапсырма: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы.

"Мақта қыз бен мысық "

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.

Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Қатығынды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

"Қырық өтірік" ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер.

Тазша бала: Мен Тазша баламын,

Кіп-кішкентай ғанамын.

Қысылғанда сөз табамын,

Қырық өтірік пе кедергі,

Жаңылмай айтып беремін.

Ақылыма тәнті боп,

Алтын үйді басыма,

Той жасады хан қызын

Отырғызып қасыма.

Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай.

Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағыпап арыстанның,

Жеті басты аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?

Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,

Кәнеки, тұра алады жолымда кім?

Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа әрдайым серік болған.

Ертегіде хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.

Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.

Жақсы, балалар! Үшінші тасырманы да орындап, әжейдің үйіне жеттік. Енді Кызыл телпектің әжесі бізге қандай ертегі айтар екен? Бәріміз қосылып ертегі тыңдайык. (Теледидарды қосып әжейдің ертегісін тыңдау).

Әжейдің ертегісі қалай аталады екен?

Алдар қаңдай адам?...

Ертегі сендерге ұнады ма?..

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.

Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған. Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып келесіңдер.

Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар.

Қорытынды

Қорытындылай айтқанда, қиял адам өмірінде маңызды орын алады.

Қиял –адамға ғана меншікті психикалық процесс. Бұл адамның еңбек әркетімен байланысты дамыған психикалық функция. Қиялдау үшін адамның белгілі білім қоры, нақты образдар,тұрақты елестер болады.Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынан да, оқу процесінен де, еңбек әрекетінен де тауып алуға болады. Қиял-аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Көптеген қолы жетпей жүрген мақсатына ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап, шалдыққан жолаушы ауылын қиялымен елестеткенде, оған күш бітіп шырай түседі.

Адамның еркі де қиялмен байланысты. Қиял еңбек үстінде күшті болады. Еңбек –тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажет процесс. өмір қойған талаптарға сай адам баласы, өзінің жан-жақты әрекетінде ғажап табыстарға жетіп отырады. Кеңес Одағы тұңғыш рет жердің жасанды серігін ұшырып, ғарыш кеңістігін игерудің негізін салды. Бұл ең алғашында тек арман, қиял еді.

Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиялдың шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]