Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оскэ журек преподава. и кафедрытексерілген 3.04...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

«Астана Медицина университеті» ақ

№1 Балалар аурулары кафедрасы

Іс-әрекет алгоритмі

Объективті құрылымды клиникалық емтихан

4 - станциясы

Жүрек аускультациясы (10 жасар). Есеп №4. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.

№

Кезеңдері

Іс-әрекеттердің сатылығы

1

Жүрек ұшының аускультациясын жүргізу (митральді қақпақшаның проекциясымен аускультация).

Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «жүрек ұшы– митральді қақпақша».

2

Төстен оңға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (қолқа проекциясымен аускультация).

Төстен 1 см оңға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «қолқа».

3 3

Төстен солға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (өкпе артериясының проекциясымен аускультация).

Төстен 1 см солға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «өкпе артериясы».

4

Семсер тәрізді өсінді аймағында аускультация жүргізу (үш ашпалы қақпашасының проекциясымен аускультация).

Семсер тәрізді өсінді маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «үш ашпалы қақпаша».

5

Боткина нүктесін де аускультация жүргізу (қолқа қақпашасы проекциясымен аускультация).

Төстен солға қарай, төртінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «Боткина нүктесі – қолқа қақпашасы».

6

Жүректің соғу жиілігін санау, интерпретация.

Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен (жүрек ұшына) фонендоскопты қойыңыз (жүрек ұшына).

Талдау жасау: ЖСЖ минутына 92 рет, орташа айқындалған тахикардия.

7

Жүрек тондарын анықтап, сипаттама беріңіз.

Талдау жасау: Жүрек тондары анық, жүрек ұшынында I тонның әлсіреуі байқалады.

8

Жүрек маңындағы шуларды анықтап, сипаттама беріңіз.

Талдау жасау: Алдыңғы аксилярлық сызыққа дейіңгі, қолтық асты аймағы маңына берілетін, жүрек ұшынында дөрекі тембрлі, созылыңқы, үрлегендей - систолалық шу естіледі.

9

Қорытынды жасау

Болжам диагноз: Жедел ревматикалық қызба, кардит (қолқалық вальвулит; студентке ескерту – бұл жер де басқаша айтуға болады – «митральді қақпақшаның зақымдануымен жүретін эндомиокардит, миокардит»).

«Астана Медицина университеті» АҚ

№1 Балалар аурулары кафедрасы

«Балалар аурулары» пәні

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Жүрек аускультациясы

№5 есеп

Ұл бала, 10 жаста. Шағымдары: ентікпеге, тез шаршағыштыққа, әлсіздікке. Анамнезін де: ерте жасынан жүрек маңында шу естіледі, кардиолог бақылауында тұрады; пневмониямен жиі ауырады. Пальпация да өзгерістер байқалмайды, перкуссия да – жүрек шекаралары оңға кеңейген.

Қазіргі сәтте:

Жүрек аускультациясын жүргізіңіз.

Жүректің соғу жиілігін санап жүрек ырғағынына сипаттама беріңіз.

Жүрек тоны мен шуларын анықтап, сипаттама беріңіз.

Қорытынды жасаңыз (болжам диагноз).

Станцияның ұзақтығы - 5 минут.

Алынған нәтижені бағалау және келесі станцияға өту – 2 минут.