- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
«Астана Медицина университеті» ақ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Іс-әрекет алгоритмі
Объективті құрылымды клиникалық емтихан
4 - станциясы
Жүрек аускультациясы (10 жасар). Есеп №6 Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
№ |
Кезеңдері |
Іс-әрекеттердің сатылығы |
1 |
Жүрек ұшының аускультациясын жүргізу (митральді қақпақшаның проекциясымен аускультация). |
Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «жүрек ұшы – митральді қақпақша». |
2 |
Төстен оңға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (қолқа проекциясымен аускультация). |
Төстен 1 см оңға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «қолқа». |
3 3 |
Төстен солға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (өкпе артериясының проекциясымен аускультация). |
Төстен 1 см солға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «өкпе артериясы». |
4 |
Семсер тәрізді өсінді аймағында аускультация жүргізу (үш ашпалы қақпашасының проекциясымен аускультация). |
Семсер тәрізді өсінді маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «үш ашпалы қақпаша». |
5 |
Боткина нүктесін де аускультация жүргізу (қолқа қақпашасы проекциясымен аускультация). |
Төстен солға қарай, төртінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «Боткина нүктесі – қолқа қақпашасы». |
6 |
Жүректің соғу жиілігін санау, интерпретация. |
Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен (жүрек ұшына) фонендоскопты қойыңыз (жүрек ұшына). Талдау жасау: ЖСЖ минутына 92 рет, ораша айқындықты тахикардия. |
7 |
Жүрек тондарын анықтап, сипаттама беріңіз. |
Талдау жасау: Жүрек тондары айқын, қатты, ырғақты. |
8 |
Жүрек маңындағы шуларды анықтап, сипаттама беріңіз.
|
Талдау жасау: Өкпе артериясының үстінен систолалық – дөрекі тембрлі, созылыңқы, қолқа мен қабырға аралығына берілетін шу естіледі. |
9 |
Қорытынды жасау |
Болжам диагноз: Цианозсыз, кіші қан айналымы кедейленуімен жүректің тума ақауы (ЖТА). Өкпе артериясының жекеленген стенозы. |
