Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ата-анамен ынтымактастык.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары

Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу. Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті — ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін. Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті -сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үтіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады. Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет. Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға). Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді. Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі. Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әнгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек. Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А.С. Макаренко. Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақгарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады. Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі (3 суретгі қараңыз). Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қальштастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.

Начало формы

Конец формы

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Жарияланды 25-12-2012, 22:29 Категориясы: Бастауыш сынып 

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар. 1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды. 2-кезең:Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады. - тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру; - қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру; - сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу; - психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер; Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады? 1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз? 2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек? 3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз? Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады. Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын. Заң: Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі: а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған? ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз? Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады. - принциптер; - ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру, Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру. Формалары: - сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары); - жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру); - әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу; - отбасылық ойын байқаулары; - оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу); - жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу; Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек. Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада:өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады. Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады. Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз. Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз. Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал. Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары Даралық Топтық Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі Педагогикалық лекция, консультация Ашық есік Күні Сұрақ-жауап кеші Жалпы ата-аналар жиналысы Ата-аналар жиналысы Жиналыс диспуттар Жиналыс-практикумдар Тоқсандық қорытынды Жиналыс Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері: 1. Алғыс 2. Топтың жиналыс әңгімесі 3. Жанұямен жеке дара жұмыс 4. Оқушының мінездемесі 5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру 6. Педагогикалық талап 7. Қиын жанұялармен жұмыс 8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ: 1. Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды қолдап, көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші. 2. Топтың жеке әігімесі-жанұямен саралап жұмыс істеудің жетерліктей тиімді әдісі. Әңгімелесу тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында болды. Тәрбиелік міндеттерді шешуде ата-аналармен толық әңгіме жиналыс өткізукерек. 3. Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің ата-анамен араласуының күрделі түрі, баланың даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай түсуіне, жеке басты дамытудың жеке бағдарламасын жасау үшін ұйымдастырылады. 4. Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның негізгі жеке даралық ерекшеліктері туралы құжат. Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмысындағы педагогикалық қызметі, педагогтың баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі мінездеме таныстыруы. 5. Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-ананың мектептің тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы. 6. Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар-фактілерді жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау. 7. Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала үшін күрестің әрқашан азап шегудің куәгері болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына қатысы жөнінен инабаттылықтың барлық нормаларын барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз етуге тиіс. 8. Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары. Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» заңын, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып, ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың болашағы деп шырылдайтын ата-ана, қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ата-аналар мен сынып жетекшілерінің жұмыстары жандана берсін демекпін.