Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ата-анамен ынтымактастык.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

Сурет 1. Мектеп педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстар

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесін қалыптастыруда сананы қалыптастыру, іс-әрекет ұйымдастыру, ынталандыру әдістері және ата-аналар жиналысы, т.б. сынып және сыныптан тыс сағаттар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Е.Н. Ильин [20] өз еңбектерінде мектеп пен отбасының байланысы жөнінде жазған. Ол мектеп пен отбасының ынтымақтастығында әдістер көрсеткен. Соның негізінде «ашық хат» үлгісін алып қарасақ. Осы «ашық хатты» қазіргі кезде де қолданысқа жеткізсек, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы нығая түсуші еді. Біз осы әдісті ұсынып отырмыз. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Ашық хаттың мақсаты: оқушылардың ата-аналарына өз балаларының оқу-үлгерімі жайында мадақтап хат жіберу, сол арқылы ата-аналарды жиналысқа толық қатыстыру, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Ашық хаттың үлгісін төмендегідей көрсетеміз:

 

Сурет 2. Ашық хат үлгісі

 

Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделін ұсындық. Мұнда отбасы мен мектеп байланысының тығыздығын және де қоғамнан тыс қалмау қажеттігін көрсеттік. Тұлға дамуында отбасы, мектеп, қоғам қажеттілігі басты орында. (3 сурет)

 

 

 

Жасөспірімдерді тәрбиелеудемектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі

 

 

Отбасы мен мектепынтымақтастық жағдайында еңбек тәрбиесінжүзеге асыру-баланың болашақтағы өмірлікқызметін айайқындауға көмек бередікөмекбереді

 

 

Сурет 3 - Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі

 

Біз осы такырыпты тәжірибелік тұрғыданда қарастырдық. Екі мектеппен, мектептегі жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен, жұмыс жасадық.

Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесіндегі рөлін анықтау.

Тәжірибелік жұмыстың өткізілу барысында:

1. Диагнотикалық анықтау жұмыстары (сауалнама, тест).

2. Түзету жұмыстары (тренингтер, жаттығулар, рөлдік ойындар)

3. Аналитикалық кезең (оқушыларға шығарма жаздыру, сұхбат әдісін қолдану арқылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен, педагог-психологтармен, әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшілерімен сұхбаттасу, ата-аналар жиналысын өткізу, қорыту.)

Жалпы тәжірибелік жұмысымызда екі мектепте де отбасымен ынтымақтастықтың орташа болғандығын аңғардық. Оны төмендегі кестеден қараймыз:

Кесте 1 - Ата-аналар мен сынып жетекшілердің мектеп пен отбасы ынтымақтастығындағы деңгейі

 

 

Ата -аналар

Сынып жетекшілер

 

Білімі не білуге қызығушылығы

орташа

орташа

білімділігі

Ұйымдастырушылығы

төмен

орташа

Ұйымдастырушылығы, ұжымдық жұмыстарға қабілеттілігі

Мктеппен байланысы

орташа

орташа

Отбасымен байланысы

Оқу-тәрбие үдерісінің сапалы өтуіне талап қоюшылық

орташа

жоғары

Оқу-тәрбие үрдісінің сапасы

Саяхаттар мен экскурсиялар, туризм

төмен

орташа

Мектептен тыс, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар.

Яғни, алі де болса ата-аналармен мектеп арасындағы байланыстың таяздығын, қарым-қатынастың бәсеңдігін көруге болады.

Өтілген тәжірибелік жұмыстың нәтижесін айтатын болсақ, жасөспірім тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығында бұл мектептерге тағыда көпетеген жұмыстар атқару керектігі жайында қорытындыға келеміз. Себебі, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтың ата-аналармен қарым-қатынас жасауда көптеген әдіс-тәсілдерді, жұмыстарды т.б. меңгеру керектігі көрініп отыр.

Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1) Отбасылармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында түрлі әдістерді («алғыс хат»; «ашық хат»; «интернет арқылы қарым-қатынас орнату және жүздесу»; «ақпарат бетіне үлгілі ата-аналар туралы мақалалар жазу»; «ата-аналар комитетін дұрыс жүргізу»; «тақырыптық дөңгелек үлтелдер» т.б.) жиі қолдану;

2) Ата-аналарға арналған отбасындағы баланы тәрбиелеу тақырыбында дәрістер, семинар, тренингтер өткізу;

3) Отбасы тәрбиесінде қолданысқа тиімді әдістемелік-ақпараттық оқу құралдарын көбейту және т.б.

Біз қазір осы зерттеу жұмысы көлемінде отбасы мен мектеп ынтымақтасығы мәселесін, отбасы тәрбиесінің педагогикалық шарттарын, ерекшеліктерін, тиімді жолдарын түбегейлі шештік деп айта алмаймыз. Себебі, бұл мәселе әлі де тереңінен, және әр қырынан зерттеуді қажет етеді деп білеміз.

 

http://www.rusnauka.com/8_NMIV_2013/Pedagogica/3_128433.doc.htm