- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау ........................................................................19
- •1.Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
- •1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
- •1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық аспектілері
- •1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері
- •2. Қазақстан республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
- •2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалуын талдау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қорытынды
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан – федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді (1-сурет).
ҚР
мемлекеттік бюджет жүйесі
1 – сурет.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті)/15/.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады. 2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
Төтенше мемлекеттiк бюджет
1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi. 2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi. 3. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк бюджеттi енгiзуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады. 4. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi. 5. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады. 6. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзiлмейдi. 8. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзуге негiз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түрiндегi, сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспғанда, өзге де мүлiк түрiндегi активтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң қорлануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгін төмендетуге арналған. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөнiндегi есебi мен есептiлiгі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық қағидасы ұйымдық-экономикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді; толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлық түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады; жариялылық қағидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мәліметтер баспасөз беттерінде жарияланады /16/. Дегенмен, қазіргі кезеңде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындалып отыр деп тұжырым жасауға болмайды. Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналды. Сондықтан бюджетарлық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке бөлім арналып отыр.
Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.
Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) кiрiстер: салықтық түсiмдер; салықтық емес түсiмдер; негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер; ресми трансферттер түсiмдерi; 2) шығындар; 3) операциялық сальдо; 4) таза бюджеттiк кредит беру: бюджеттiк кредиттер; бюджеттiк кредиттердi өтеу; 5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерiн сатып алу; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 6) бюджет тапшылығы (профицитi); 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану): қарыздар түсiмi; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы. Бюджеттердi бекiту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi түзу белгіленген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджет кiрiстерi: салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер. Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша. Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады: мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша; мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетiн ақша; мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткiзуден түсетiн ақша; мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша. Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджет шығындары: қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бЈлiнедi: мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар; тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар; мемлекеттiк тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi; жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар; заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттiк мекемелер және қоғамдық бiрлестiктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негiзде қаржыландыру; ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу; мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi. Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларға субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады. Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы көлемi бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен асып түспеуге тиiс. Терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi орта мерзiмдi фискалды саясатпен айқындалады. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - мемлекеттiк меншiктегi заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуiндегi өзге де мемлекеттiк мүлiктi сату жөнiндегi операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттiк кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең. Терiс белгiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынған шама бюджет профицитi болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi.
Бюджет тапшылыын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сай келедi.
