Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1235.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Кб
Скачать
☆

5 Билет (2) Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы электр энергия қабылдағыштары мен тұтынушыларының негізгі түрлері, олардың сипаттамасы.

Электр энергияның тұтынушылары-бір технологиялық процеспен біріккен және бір территорияда орналасқан электр энериясының қабылдағышы, немесе бір топ эл.энергияның қабылдағыштары. Эл.қабылдағыштар бөлінеді:

  1. Жұмыс режимі бойынша: ұзақ (продожительный), уақытша (кратковременный), қайталама-уақытша (повторно-кратковременный);

  2. Кернеуі бойынша: 1000 Вдейін, 1000 Вжоғары;

  3. Нейтраль түріне байланысты: терең жерге қосу нейтралі(с глухозаземленной нейтралью), айырылған нейтраль(<1000 В) (изолированной нейтралью),

  4. Жиілігі бойынша: өнеркәсіптік жиілік(50 Гц), жоғары жиілік(>10 кГц), (с высокой частотой), көтеріңкі(10 кГц дейін)(повышенной), төмендетілген (<50 Гц)( пониженной)

  5. Сенімділігін қамсыздандыру және үздіксіз қоректендіру бойынша: І,ІІ,ІІІ категория;

  6. Қуатына байланысты: кіші қуат (малой мощности (<80 кВт)), орташа қуат (средней мощности (80-100 кВт)), үлкен қуат (большой мощности (>100 кВт))

  7. Орналастыру бойынша;

Эл.қабылдағыштың жұмыс істеу режимі: Ұзақ режимді-эл.машиналар ұзақ уақытқа дейін жұмыс істей алады, әрі машинаның жеке бөлшектерінің температурасының өсуі қабылданған норманың шекарасына кірмейді; Уақытша режим –бұл режимде жұмыс периоды онша ұзақ емес,машинаның жеке бөлшектер температурасының өсуі қабылданған норманың шекарасына жетуге мүмкін емес. Машина тоқтаған уақытында оның жеке бөлшектері қоршаған орта температурасына дейін салқындатылады. Қайталама-уақытша режим –бұл машинаның жұмыс мерзімі ішінде қысқа уақытты сөндірілуімен кезектеседі. Созылмалы қосылу коэффиц.сипатталады.

6 Билет (18) Цехтық тқс трансформатор санын және қуатын таңдау.

Эл.жабдықтау сұлбаны рационалды құру үшін трансформаторлардың сандары мен қуаты дұрыс, техникалық және экономикалық негізделінген болуы керек. ҚСтрансформатордың саны 2-ден аспау керек. Көбінесе көрші ҚС қоректендірілетін мүмкіншілігі бар бір трансформаторды таңдау керек. Себебі 1-трансформаторлы ҚС құруына шығын аз кетеді.

Егер жүктеме графигіне байланысты (графиктің толтыру коэффиценті 0,5немесе төмен болса)2трансформатор (ажырату аппараттармен)құрылады. Саны 2трансформатордан жоғары ҚСөте қымбат түседі. Бірақ әртүрлі кернеулі қабылдағыштартарды қоректендіргендер осындай ҚСқұрылады.

Трасформатордың қуаты екінші трансформатор іске қосылмағанда қоректендіруге жеткілікті болу керек. Трансфортамордың номиналды қуаты 20жыл бойына (жұмыс мерзімі)жеткілікті тандалынуы керек.

Sн.т= - трансформатордың толық номиналды қуаты

- трасформатордың паспорттағы толық номиналды қуаты

=+5°С, =+35°C жағдайларда;

-орта жылдық температура

-қоршаған ортаның шектік темпиратурасы

Рұқсат берілген жүктеменің жоғарлауы есептеледі: = (кВА)

Қоймада қосымша трансформатор болса трансфыорматордың жоғары жіктелуі 40%(қысқа уақытта)жеткізуге болады. 7 билет (15) Электрмен жабдықтау сенімділігі. Электрмен жабдықтау сұлбаларын өңдеу және сенімділік бойынша сұлба элементтерін таңдау.

Қорек көзінен электрмен жабдықталуының сенімділігіне қойылатын талаптар нысанның қуаты мен түріне байланысты.

Электр энергия қабылдағыштары электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыздандыруға байланысты үш категорияларға бөлінеді.

I категориялы электр қабылдағыштар – электрмен жабдықтаудың үзілуі келесідей қауіп әкелетін электрлік қабылдағыштар: адам өміріне қауіпті, халық шаруашылығына орасан зор шығын әкеледі, қымбат негізгі қондырғының істен шығарады, өнім жаппай бұзылады, күрделі технологиялық процессті бұзады, комму-налды шаруашылықтың басты элементтерінің қызметін істен шығарады.

I категориялы электр қабылдағыштар екі тәуелсіз резервтелген қорек көздері арқылы электрмен қамтамасыз етілуі керек, және олардың бір қорек көзінен электрмен жабдықтау істен шыққанда электрмен жабдықтау үзілісі қоректендіруді автоматты қалпына келтіргенге дейін ғана жалғасуы мүмкін.

I категориялы электр қабылдағыш құрамынан электр қабылдағыштардың ерекше тобы – адам өміріне қауіпті, жарылыстарды, өртті және қымбат тұратын негізгі қондырғының істен шығаруды болдырмау үшін үзіліссіз жұмыс атқарады. Бұл топтағы электр қабылдағыштарды электрмен жабдықтау үшін үшінші тәуелсіз, технологиялық процессті апатсыз токтату үшін өзара резервтелінген қорек көзінен қоректендіруді қамтитын қосымша қорек көзін қарастырады.

I категорияға жататын электр қабылдағыштары өзара тәуелсіз екіден кем емес қорек көзінен жабдықталуы керек. Тәуелсіз деп басқа қорек көздерінде кернеу жоқ болып кеткенде кернеуі сақталатын қорек көзін айтады. Энергетикалық жүйенің әртүлі екі нүктесінен тартылған электр желілері, жеке желілерден қоректендірілетін екі трансформатор, т.с.с. өзара тәуелсіз қорек көздері болып саналады. Ерекше топқа кіретін электр қабылдағыштары үздіксіз қорек көзіндік агрегаттарымен де (жергілікті немесе жеке электр станциялары, аккумулятор батареялары, т.с.с.) жабдықталуы керек.

II категориялы электр қабылдағыштар – электрмен жабдықтау үзілісі өнімнің жаппай шықпай қалуына, жұмыстың, механизмдердің және өндірістік тасымалдың жаппай тұрып қалуына, қалалық және ауылдық тұрғындардың қалыпты әрекетінің бұзылуына әкеліп соғатын электрлік қабылдағыштар. II категориялы электр қабылдағыштар қалыпты режимде екі тәуелсіз резервтелінген қорек көзінен қоректенулері қажет. Мұндай электрлік қабылдағыштарды электрмен жабдықтау үзілісі кезекші персоналдың резервтегі қорек көзін қосқанға дейін жалғасады. II категориялық қабылдағыштар резервтелген бір немесе екі қорек көзінен жабдықталады.

III категориялы электрлік қабылдағыштар – I және II категорияларда келтірілген анықтамаға кірмейтін барлық қалған электр қабылдағыштар. III категория электр қабылдағыштарын электрмен жабдықтау бір ғана қорек көзінен жүргізіледі және жөндеу мен электрмен жабдықтаудың зақымданған элементін ауыстыруға жұмсалатын электрмен жабдықтау үзілісі 1 тәуліктен аспау керек.

Қоректендіру көзі әр түрлі трассаға салынған екі тізбекті желінің бірі арқылы немесе екі кабельді желі арқылы қоректенетін болса бір ғана қорек көзі болып саналады.

ЭҚҚЕ анықтауы бойынша, осы электр қабылдағыштарды қоректендіретін басқа көздерде кернеу жоғалған кезде, кернеуі сақталатын көздері тәуелсіз қорек көздері деп аталынады.

Сенімділікті жоғарлатуға арналған көп әдістер бар. Олардың негізгісі - резервлеу, яғни жоғарлатылған сенімділікті қамтамасыз ету үшін қо-сымша элементтерді қолдалану. Ауыстырып қосу арқылы резервлеу резервті автоматты қосу (РАҚ) мен кепілді қоректендіру агрегаттарын (КҚА) қолдалануға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]