Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ogkr_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

3. Тәуліктік вагон ағыны 85 ваг/тәулік, маршрут құрамындағы вагон саны 28 вагон болғанда маршрут санын анықта

Билет № 40

1. Жүк орындарының жетіспеуіне не жатады

Жүк орындарының жетіспеуіне мыналар жатады:

  1. тасымалдауға орындарды санау арқылы қабылданған және вагонға темір жолдың құралдарымен тиелген жүк орындарының жетіспеуі;

  2. жүк жөнелтушінің құралдарымен тиелген және тиеу пунктінің бекіту- пломбылау құрылғылары бұзылмаған ақаусыз вагонмен келген жүк орындарының жетіспеуі;

  3. жүк жөнелтушінің құралдарымен тиелген және ашық жылжымалы құраммен немесе ақаусыз вагонмен, пломбымен келген жүк орындарының жетіспеуі;

  4. жүктің тасымалдау құжаттарынан бөлініп кетуі нәтижесіндегі жетіспеушілік.

Мыналар да жүктің жетіспеуіне жатады:

  1. жүк жөнелтушінің немесе тасымалдаушының жүк массасын дұрыс өлшемеуі немесе тасымалдау құжаттарында дұрыс көрсетпеуі;

  2. ұрлау белгілері болмаса да жүк ыдысының бұзылуы;

  3. жүктің тасымалдау құжаттарынан бөлініп кетуі.

2. Жүктерді тасымалдау үшін төлемақының тәртібін анықтау

 Жүктерді тасымалдау, жүкті алып жүретін жолсеріктердің жол жүруі, тиеу, түсіру, тасымалдаушының құралдарымен таразылау, сақтау үшін төлемдер және осы Қағидада және тасымалдаушының тарифтік басшылығында белгіленген тасымалдаулармен байланысты өзге де төлемдер мен алымдарды төлеуші жөнелту станциясында тасымалдаушының тауарлық кассаға жүк есепке алу түбіртегі бойынша немесе тасымалдау құжаттарын өңдеудің технологиялық орталықтары немесе электрондық төлемдер жүйесі арқылы орталықтандырып қолма-кол ақшамен төлейді. Вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемдерді:       1) тиеу (түсіру) және маневрлік жұмыс үшін тасымалдау қағидаларында белгіленген уақытты коса алғанда, жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде вагондар, контейнерлер болған уақыт ішінде;       2) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің кінәсынан магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған уақыты үшін тасымалдаушы, ал тиісті шарты болған кезде вагондар, контейнерлер иелеріне жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші төлейді       Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тармақ иеленушілер вагондар (контейнерлер) иелері магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ концессия шарттары бойынша темір жолдарда, тасымалдаудың технологиялық үдерісінің бұзылуына әкелген олардың кінәсынан болған вагондардың бос тұрғаны үшін (контейнерлердің кешіккені) көрсетілген жолдардың иелеріне олар орналасқан уақыты үшін төлемдерді тасымалдаушыға өтеуге міндетті.       Төлем мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

3. Lқаш=2100 км қашықтықта үйілмелі жүктердің жеткізу мерзімін анықта. Жүкті жүргізу жылдамдығы маршруттық жөнелтпе. Жүкті жөнелту және жеткізу бойынша операцияға 1 тәулік белгіленген. Қосымша операцияға тәулігіне арналған уақыт 0,5 тәулік (егер Lқаш 1000 шақырымнан асса, қосымша операцияға тәулігіне арналған уақыт екі тәулікке ұзарады).

Билет № 41

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]