Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ogkr_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

3. Тәуліктік жүк ағыны 1250 т/тәулік болғанда ірітонналық контейнерлердің (20 т) тәуліктік вагон ағынын анықта.

Билет № 9

1. Коммерциялық операцияларға не жатады

Коммерциялық операциялар дегеніміз- бұл тасымалдау және тапсыру құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк тасымалдау үшін алымдар мен төлемдердің барлық түрлерін өндіріп алу. Сонымен қатар, коммерциялық операцияларға мыналар жатады: вагондарды әр түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды коммерциялық тұрғыдан қарап тексеру; жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушыға көлік-экспедициялық қызмет көрсету, акт жасау, талап кою, шарт жасасу, іс қағаздарын жүргізу; тарифтік нұсқалармен мен конвенциялық тыйым салу кітаптарын толықтыру және түзеті. Жүкті өлшеу, вагондар мен контейнерлерге пломбы салу, жүкті ашық жылжымалы құрамға тиеуге қатысты құжаттарды толтыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету және басқаларды да коммерциялық операциялар болып есептеледі.

2. Тағайындалуы бойынша таразылар бөлінеді

Жүктің массасын өлшеу процесі өлшеу деп, ал оларды өлшейтін құралдар таразы (өлшеу құралдары) деп аталады.Таразының түрлері: тауарлық, вагондық, контейнерлік, элеватролық, автомобильдік, конвейерлік. Тасымалдауға ұсыналған жүктің салмағы әр түрлі тәсілдермен анықталады: трафорет б/ша,стандарт б/ша, есептеумен, өлшеумен. Циферблатты тауарлық таразы- массаның мөлшерін білдіретін циферблат пен тілден тұрады. Циферблатттік тауар таразы шкалдық таразымен салыстырғанда өлшеудің өнімділігі көбейеді. Дискретті таразы- электрондық блогпен, басқару пультімен,тіркегіш құрылғымен және сыртына шығарлған циферблаттабломен жарақтандырылған. Элеватролық таразы- бұл элеваторлық қоймалардағы астық жүктерді өлшейтін бункерлік таразы болып саналады. Автомобильдік таразы-автомобиль және автопойыздар өлшеу үшін пайдаланылады. Олардың стационарлық және жылжымалы түрлері болады. Жылжымалы автомобильдік таразылар автомобильмен тіркелгіштерді далада ж/е ірі габаритті, ауырсалмақты жүктерді өлшеу үшін пайдаланылады. Массаны өлшейтін жабдықтарда арнайы белгілер болу керек олар стандартқа сәйкес болу керек.

3. Метрштокты қалай қолданады?

Метрштокты қалай қолданады: Өлшеу кезінде метршток колпак люгі аркылы қазанның ең төменгі нүктесіне дейін байыппен және қатаң вертикалды түседі. Бұл кезде цистерна түбінде қатты соккыдан сақтанып және метрштоктың төменгі жағы цистернаның әлдебір шығып түрған бөлшегіне немесе баска затка тірелмеуін және тегу қүралының немесе поддонның тереңдігіне түспеуін кадағалау қажет. Қалыпты жағдайға дейін түсірілген метршток тез, бірақ байыппен алынады жэне сулау линиясы бойынша онда күю биіктігі сантиметрмен анықталады.Метрштокпен жасалған операциялар (сұйықтыққа түсіру, цистернадан алу, ылғалдандыру линиясы бойынша есептеу) кателер болмау үшін мүкият жасалынуы жерек,МеТрштокты цистернадан алған кезде эсіресе қар жэне созылмалыльны аз мұнай өнімдерін өлшегенннен кейін, өнімнің цистерананың ішін бүлдірмегендігі, жан жағына шашырамағандығын гексеру керек. Цистернадан алынған метршток барынша күрғақ сүртілуі керек.

Билет № 10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]