- •Жоспар:
- •І бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
- •Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері
- •1.2 Қаржы инвестициялары.
- •1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау.
- •II бөлім. Қазақстан тікелей инвестицияларды мемлекеттік
- •2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
- •2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру
- •3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі.
- •III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді
- •3.3 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын
II бөлім. Қазақстан тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:
-инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
-жеңілдіктері мен артықшылықтары жүйесін белгілеу;
-Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, біріңғай мемлекеттік органның болуы.Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.
Бұл қолдаудың мақсаты-экономиканың басым секторларында тауар өндірісін,жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.
Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
—жаңа технологияларды,алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;
—жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
—отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
—экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
—ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану.
—менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;
—жаңа жұмыс орындарын құру;
—жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,олардың мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу.
—өндірісті күшейтуді қамтамассыз ету.
—қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқарупроцесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие.
Соның ішінде,жеңілдіктер жүйесі:бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері,сондай-ақ,келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.
Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган,инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.
«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»заңды дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:
—өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары)
—өңдеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру)
—Астана қаласының объектілері;
—тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық сақтау,білім беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі).
—ауыл шаруашылығы;
Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген,ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.
