Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру

және оның маңызды мәселелері.

Инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең Инвестициялық қызмет –дегеніміз «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс -әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады: а)күрделі құрылыс; ә)иновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в)қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).

Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады.Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер,таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс,келешек кезеңдер шығындары ж.б, айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б) айналым қорларынан тұрады.

Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төмендегі формула бойынща жүргізіледі:

;

бұл жерде: -дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

mt –ақшаның келешектегі құны;

а-пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;

n –ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.

Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельдік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.

Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау жәнет жүзеге асыру, осы іс -әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.

Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық (мемлекеттік )деңгейде де қолдануға болады.

Түптеп келгенде, бұл модель төмендегідей

Стартегиялық жоспарлау

Идеяны

іздестіру

Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау

Қаржылық талдау және шешім қабылдау

Жобаны жүзеге асыру

Мониторинг және инвестициялық бақылау

Бақылау

Еңбек ресурсатры.

7-сурет инвестициялық үрдіс моделі.