- •Модульдік кітап
- •Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы
- •Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы
- •Курс бойынша бағалау схемасы
- •Модуль пәндерінің мазмұны орыс тілі Темы лекций
- •Консультационные часы
- •Экология және тұрақты даму
- •Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы
- •Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері Дәріс тақырыптары
Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы
Модульде қамтылған пәндерді біріктіретін және модуль тақырыбына қатысты пәнаралық топтық тапсырмалары ретінде эссе жазылады. Эссе жазуға ұсынылатын тақырыптар:
1. Рациональное природопользование как один из аспектов устойчивого развития.
Табиғатты тиімді пайдалану тұрақты дамудың бір аспектісі ретінде.
2. Техногенные чрезвычайные ситуации как источник загрязнения биосферы.
Техногенді төтенше жағдайлар – биосфера ластануының бірден-бір себебі .
3. Причины, профилактика и меры по защите населения от распространненых заболеваний в РК.
ҚР-да кең таралған аурулардың пайда болу себептері, салдарлары және алдын алу шаралары.
Эссені бағалауға қойылатын талаптар:
Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).
Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.
Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын …), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.
Модуль тапсырмасын орындауға қойылатын талаптар: жазбаша түрде бастауыш топқа 300 сөз, жалғастырушы топқа 500 сөз, 14 шрифт, интервалы 1. Тапсырма орыс тілінде орындалып, қорғалады..
Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;
мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;
жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;
мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;
ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;
ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;
жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.
Курс бойынша бағалау схемасы
РЕЙТИНГ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бақылау түрлері |
Бақылау формасы |
Балдары |
Жұмыс саны |
Ағымдық (АғБ) |
Семинар/тәжірибелік сабақтарына тапсырмалар |
1-100 (24%) |
1 кредит - 2 2 кредит - 4 3 кредит - 6 4 кредит - 8 6 кредит - 12 |
Аралық (АрБ) |
Аудиториялық бақылау (4 және 8-апталар) |
1-100 (16%) |
2 |
Модуль бойынша бақылау |
Модульдік тапсырма (8-апта) |
1-100 (20%) |
1 |
Қорытынды (ҚБ) |
Емтихан |
1-100 (40%) |
1 |
Қорытынды баға |
|
100% |
|
Аралық бақылау 4 және 8-аптада кеңес сағаттарын жүргізетін оқытушылардың өткізетін аудиториялық бақылау тапсырмаларының негізінде көрсетіледі. Ағымдық және аралық бақылаулардың қорытындысы бойынша 4 және 8-аптада студенттердің рейтингісі қорытындыланады, Аралық бақылауды өткізу міндетті. Аралық бақылау өткізілмесе рейтинг шығарылмайды.
Р1 / 2 = АғБ*0,6 + АрБ* 0,4 = 100%
Емтиханға рейтингтен 50%-дан жоғары балл алған және модульдік тапсырманы 50%-дан жоғары балл жинаған студент жіберіледі.
Пән бойынша емтихан 9-10-апталарда өткізіледі. Емтихан материалына осы курс бойынша оқытылған барлық материал енгізіледі, атап айтқанда: дәріс, семинар/тәжірибе/зертхана сабақ материалдары.
