7 Кредит
1. Токсикоинфекциялардың анықтамасы және жалпы сипаттамасы;
2. Аз зерттелген микроорганизмдермен шақырылған тағамдық токсикоинфекциялар;
3. Азық-түліктерде микроорганизмдердің қоздырғышы және олардың тіршілікке қабілеті;
4. Азық-түліктер тұқымдану көздері және жолдары;
5. Тағамдық токсикоинфекцияларының туындауында жекеленген азық-түліктердің ролі;
6. Тағамдық токсикоинфекция бұрқ етпелерінің клиникалық-эпидемиологиялық ерекшелігі;
7. Лабороториялық диагностикасы;
1. Тамақтан уланудың толық анықтамасын көрсетіңіз:
1. құрамында шартты патогенді микрофлорасы бар тамақты қолданудан туындайтын ауру
2. құрамында қастауыш араласпасы бар дән өнімдерін пайдаланудан дамитын ауру
3. құрамында табиғаты микробсыз зиянды заттектері бар тамақты қолдану нәтижесінде дамитын жедел ауру
4. белгілі бір микроорганизмдердің жаппай тұқымдануы немесе оның токсиндерінің тағамға түсуімен шақырылатын ауру
5. құрамында микробты және микробсыз негіздегі, зиянды немесе уытты заттектері бар тағамды пайдаланғанда дамитын ауру
2. Тағамдық токсикоинфекция дегеніміз не?
1. этиологиясы микробты және микробсыз түрлі органикалық заттардың тамаққа түсуінен туындайды;
2. құрамында қастауыш араласпасы бар дән өнімдерін пайдаланудан дамитын ауру
3. токсикоз ауруын шақыратын қоздырғыштардың тамаққа түсуінен туындайтын ауру
4. микроорганизмдердің тірі қоздырғыштарымен жаппай тұқымданған тамақты пайдаланудан туындайтын ауру
5. организмге витаминдердің, үстемелердің артық мөлшерінен туындайтын ауру
3. Тағамдық бактериалды токсикоз қоздырғыштарын көрсетіңіз:
1. сальмонелла
2. энтерококктар
3. патогенді галофилдер
4. стафилококктар
5. шигелла
4. Ботулизмге тән синдром:
1. гепатотоксикалық
2. бульбарлық
3. гастроэнтериттік
4. нейротоксикалық
5. стоматологиялық
5. Ботулотоксин қандай токсинге жатады:
1. эрготоксин
2. нейротоксин
3. энтеротоксин
4. цикутотоксин
5. афлатоксин
6. Ботулизмге тән емес көріністерді атаңыз:
1. диплопия
2. афония
3. нистагм
4. іш қату
5. есінен тану
7. Ботулизмнен туындайтын өлім себебі неде:
1. ішек парезінен
2. тыныс және жүрек жетіспеушілігінен
3. миға қан құйылудан
4. қан кетуден
5. көрудің нашарлануынан
8. Ботулизм қоздырғышына қай балық сезімтал емес:
1. сазан
2. алабұға
3. бекіре
4. шортан
5. нәлім балық
9. Ботулизм ауруының профилактикасындағы шараларды көрсетіңіз:
1. жылумен өңдеу, стерилдеу талаптарын қатаң қадағалау
2. бактериятасымалдаушыларды жұмысқа қабылдамау
3. кезеңді медициналық тексеруден өту
4. зорыққан малдарды союға жібермеу
5. іріңді ауруы бар персоналды жұмыстан босату
10. Ботулизмге тән симптомды көрсетіңіз:
1. дене қызуының төмендеуі
2. іш өту
3. диплопия
4. терлегіштік
5. буын ауыру
11. Ботулизм дамуына қай тағамдар себепші болады?
1. сүт тағамдары
2. кондитер бұйымдары
3. консерв өнімдері, балық өнімдері
4. майлы кремді өнімдер
5. нан, макарон өнімдері
12. Эрготизм дегеніміз не?
1. шартты патогенді микрофлора түскен тамақты қабылдаумен байланысты ауру
2. құрамында қастауыш араласпасы бар дән өнімдерін пайдаланудан дамитын ауру
3. токсикоз бен токсикоинфекция туғызатын микроорганизмдердің әсерінен болатын ауру
4. тамақта патогенді микроорганизмдердің болуымен шақырылатын жедел ауру
5. дезинфекциялық режим сақталмауынан дамитын ауру.
13. Бактериотоксикоз шақыратын токсиндерді көрсетіңіз:
1. аманитин
2. ботулотоксин
3. гепатотоксин
4. эрготоксин
5. цикутотоксин
14. Афлатоксикоз ауруы қай азықты қолданудан туындайды?
1. сүт пен сүт өнімдері
2. ет өнімдері
3. дәнді дақыл мен арахистер
4. жеміс пен көкөністер
5. сусындар
15. Тағамдық микотоксикоздың анықтамасы:
1. құрамында уытты химиялық заттектері бар азық-түлікті тұтынғаннан дамитын сырқат
2. түрлі органикалық заттардың тамаққа түсуінен туындайды;
3. құрамында микроскопиялық саңырауқұлақтың тіршілігі нәтижесінде түзілген уытты заттардың тағамға түсуінен дамитын ауру;
4. құрамында микробты және микробсыз негіздегі, зиянды немесе уытты заттектері бар тағамды пайдаланғанда дамитын ауру;
5. микроорганизмдердің тiрі қоздырғыштарымен жаппай тұқымданған асты пайдаланудан туындайтын ауру;
16. Аралас этиологиялы тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштар:
1. энтеротоксигенді стафилококктар және протей бактериясы
2. ішек таяқшаларының энтеропатогенді серотиптері
3. споралы аэробтар және патогенді галофилдер
4. энтеротоксигенді стафилококктар және ішек таяқшасы
5. микромицеттер
17. Бактериалды токсикоз тамақтан уланудың қай жіктемесіне жатады:
1. тамақтан уланудың жеке бөлек жіктемесіне
2. аралас этиологиялы тағамдық токсикоинфекциялар
3. ішек инфекциялары
4. этиологиясы микробты тамақтан улану
5. тағамдық микотоксикоздар
18. Микотоксикоздар тамақтан уланудың қай жіктемесіне жатады:
1. тамақтан уланудың жеке бөлек жіктемесіне
2. тағамдық токсикоздар
3. ішек инфекциялары
4. этиологиясы микробсыз тамақтан улану
5. аралас этиологиялы тағамдық токсикоинфекциялар
19. Стафилококкты тамақтан улануда қай аурулар себепші болуы мүмкін?
1. асқазан-ішек аурулары
2.қолдың іріңдік аурулары
3. өт жолының аурулары
4. тері-венерологиялық аурулар
5. аллергиялық аурулар
20. Тағамдық токсикоздар қандай жағдайда туындайды?
1. микробтың тамақ құрамында өсіп, көбеюінде түзілген токсиндердің организмге түсуінен;
2. арам шөптер тұқымдарының азыққа өтіп, тамаққа қолдануынан
3. белгілі жағдайда улы болған өнімдерді пайдаланудан
4. жаңылыс түрлі қышқылдарды тамаққа қолданудан
5. аллергия шақыратын өнімдерді пайдаланудан
21. Тамақтан улануға қайсысы жатпайды?
1. тағамдық үстемелермен улану
2. тағамдық аллергия
3. тағамдық бактериотоксикоз
4. микотоксикоздар
5. сынап-органикалық пестицидпен ластанған азықты тұтынудан улану
22. Тамақтан улануды шақыратын себептер:
1. тамақтың құрамына буынаяқты насекомдардың түсуінен
2. құрамында тірі патогенді қоздырғыштары мен оның токсиндері бар асты қолдану
3. организмге витаминнің артық мөлшерінің түсуі
4. тамаққа әдейі қандай-да бір уды қосып қолдану
5. тағамдық аллергия
23. Тағамдық токсикоинфекция туындауына себепші тағамдар:
1. салаттар
2. сусымалы өнімдер
3. қант
4. ұннан әзірленген тағам
5. бал
24. Төмендегілердің қайсысы тамақтан улануға жатпайды?
1. афлатоксикоз
2. кандидоз
3. фузариотоксикоз
4. эрготизм
5. ботулизм
25. Микробты тамақтан уланудың қайсысында ең қысқа инкубациялық кезең байқалады?
1. ішек таяқшасымен болған токсикоинфекция
2. протеймен қоздырылған токсикоинфекция
3. миксталармен шақырылған улану
4. стафилококкпен шақырылған улану
5. микотоксикоз
26. Егіс басында қыстап қалған дәнді қолдану нәтижесінде қай ауру дамиды?
1. алиментарлы-пароксизмальді метгемоглобинурия
2. эрготизм
3. алиментарлы-токсикалық алейкия
4. Уров ауруы
5. Гафф ауруы
