Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазутты дайындау.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667 Кб
Скачать
☆
      1. Өздігінен жазғыштарды өлшеу құралдары

ЭЛТС-АҚқондырғысындаөздігненжазғыш SIREC таңдалып, қолданылып келеді.Өздігінен жазғыш 12 сигналға дейін өлшеп, өңдей алады. Кіретін сигналдарды қосымша өңдеу қажет болған жағдайда 12 „виртуалды“ каналға дейін (кіретін сигналдар комбинациясының түрлі функциялары). Сигналдың көзі ретінде кернеу, ток күші, «құрғақ» жанасу, термопара немесе термокедергі бола алады. Кернеу және ток күшінің диапазондары: 0-ден 100мВ-қа дейін, 0-ден 1В-қа дейін, 0-ден 10В-қа дейін; 4-тен 20-ға және 10-нан 50мА-ге дейін – тұрақты ток (ішкі өшіретіні бар 50 Ом-дық шунт қолданылады.). cB, C, E, J, K, R, S, T, Ni/NiMo бар термопалар. Термокедергілер: : 10 Ом-дық мыс, 100 Ом-дық платина, 200 Ом-дық платина және 120 Ом-дық никель. Кіретін сигналдар: DC кернеу; сызықтық немесе түбірлік сипаттама.

Толық масштабталатын диапазон: 100мВ, 1мВ және 10в, DC ток: 4-тен 20мА-ге дейін, 10-нан 50мА-ге дейін, құрғақ жанасу немесе сыртқы көзі. Кіру дәлдігі: Кернеу: 0,05% бағдарламалық диапазон. Ток: сыртқы шунттарды қолдану кезінде 0,5%. № MAS-50R0 сыртқы шунтын қолдану кезінде 0,1% . Термопара: J, K, T, E, Ni/NiMo үшін 1.5oC, R, S үшін 3oC және В үшін 4oC. Термокернеу: 5oC. Қоректендіру көзіне қойылатын талаптар: 100-ден 240В-қа дейін, айнымалы ток, 10%, 50/60 Гц, мах. 35 ВА (бірқалыпты ток көзін қолдану). Қоректендіруді өшіп қалудан қорғау: энергияға тәуелсіз жадыда бағдарламалық параметрлер сақталады.Сағаттардың батареялары автоматты түрде зарядталып тұрады. Энергия сақтау режимінің жұмыс уақыты >12 ай.

      1. Қысымды өлшеу құралдары

ЭД-11, ЭД-12(14а) тұзсыздандырудан соң қысымды өлшеу үшін, К-37(21а) бензинсіздендіру колоннасының жоғарғы бөлігінің қысымын өлшеу үшін, К-50(49а) атмосферлық колоннасын және К-65(68а) тұрақтандыру колоннасын өлшеу үшін қолданылады. Қысымды бақылау және реттеу үшін Z– 7MF1563 сериялы датчикті таңдаймыз.Датчиктің техникалық мәліметтері. Жұқа пленкалы тензодатчикті өлшеу принципі [11].

Кірулер: Реттелетін айнымалы шама – салыстырмалы және абсолютті қысым. Өлшеу диапазоны: 400Бар-ға дейін. Шығулар: Шығатын сигнал 0-ден 20мА-ге дейін. Дәлдігі: Өлшеу қателігі (250С кезінде линеаризация, гистерезис және қабылдау қателігін қосқанда) толық шамадан 0,25Ғ. Номиналды жұмысшы жағдайлары: Сыртқы жағдайлары: сыртқы температура( -25-тен +85 0С-ге дейін); сақтау температурасы( -50 –ден +100 0С-ге дейін ); жұмыс температурасы (-30 –дан +120 0С-ге дейін). Орындалуы: Салмағы 0,25 кгшамасында. Материалы Al2O3– 96% өлшегіш камера – процеске қосылған –таза болат, мат. №1.4571. Пластикалық тұлғасы (DIN 43 650 сәйкес, А түрі) G 1/2 A –ішкі бұранда; G 1/8 A – сыртқы бұранда процеск қосылған. Датчик кернеуінің қоректендіру көзі 10-нан 40 В-қа дейінгі тұрақты ток.

Екіншілік құрал ретінде (14б,85б,21б,83б,40б,68а) «Siemens» фирмасының SIREC өздігінен жазғышын таңдаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]