- •1 Әдеби шолу
- •Бб қисық сызықтары
- •1.2 Өндiрiс әдiсi мен құрылыс орнын таңдау
- •1.3 Шикізат, реагент және дайын өнімнің сипаттамасы Бастапқы шикізаттардың, материалдардың, реагенттердің, жартылай фабрикаттардың және дайындалатын өнімнің сипаттамасы [3-6] 1-кестеде көрсетілген.
- •1 Кесте
- •Бастапқы және дайындалатын өнімнің сипаттамасы
- •2Технологиялық бөлім
- •Электртұзсыздандыру.Қондырғыға келіп түсетін мұнайдың құрамында су 1% масс. Дейін, тұз 1800 мг/л (mах) дейін болады [3].
- •2.2 Негізгі аппараттың материалдық тепе-теңдігі
- •2.1 Өндірістегі технологиялық кестенің жазбасы
- •4 Кесте
- •5 Кесте
- •2.4 Негізгі аппаратты механикалық есептеу Аппарат денесінің материалы
- •3 Негізгі және қосымша жабдықтарды тандау
- •4Бақылау-өлшеу құралдары және автоматтандыру процесі
- •4.1 Автоматтандырудың техникалық жағдайларын таңдау және негіздеу
- •Температураны өлшеу құралдары
- •Өздігінен жазғыштарды өлшеу құралдары
- •Қысымды өлшеу құралдары
- •4.1.4 Шығын өлшеу құралдары
- •Деңгейді өлшеу құрауыштары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қалдықтардың мүмкіндік шекті концентрациясын есептеу
- •5.2 Қалдықтардың мүмкіндік шегін есептеу
- •6 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •6.1 Техникалық регламент
- •6.2 Еңбек жағдайына әсер етуші технологиялық процестер
- •6.3 Ғимараттар мен құрылғылардың көлемдік жоспарлау жөніндегі шешімдер
- •6.4 Өндірістік санитария
- •6.5 Технологиялық процесті жүргізудегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
- •6.6 Өрт қауіпсіздігі және жарылыс
- •7 Процестің техника-экономикалық көрсеткіштері
- •7.1 Өндіріс өнімділігін есептеу
- •7.2Капиталды шығындарды есептеу
- •12 Кесте Қондырғының сметалы бағасы
- •7.3 Еңбек және еңбек ақыны есептеу
- •7.4 Өнімнің өзіндік құнының есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6.5 Технологиялық процесті жүргізудегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Қондырғының жобасы бойынша жұмыс аймақтарының ауасына жұмыс істеушілерге зиянды әсер ететін көлемде зиянды газдар мен буларды бөлу қарастырылған МЕСТ 12.01.005-78 бойынша зиянды заттардың жұмыс аймағында,бөлмелерде және ашық алаңдардағы шекті концентрациясы бекітілген.
Көмірсутекті газ, бензин, керосин, дизель фракциялары және т.б. ЭЛТС-АҚ қондырғысының өнімдері уытты болып табылады, сонымен қоса ІV кластағы қауіпті заттарға жатады да, өкпенің шырышты қабығына өте зиянды әсер береді. Сұйық өніммен тікелей жанасқанда тері аурулары,мысалы, экзема пайда болады. Қондырғыдағы температура немесе қысымның кілт ауытқуы немесе оның шекті мәнінен артып кетуі апатты жағдайға, соның салдарынан тұтануға, зиянды заттардың таралуына бөлмелер мен қондырғы территориясының газдануына әкеліп соғуы мүмкін. Қондырғыдағы қауіпсіз жұмыс біліктілікке және қондырғыда жұмыс істеушілердің тиянақты қызмет көрсетуіне, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын және технологиялық режимді қатаң сақтауға байланысты.
Жұмысқа арнайы дайындықтан өтіп, жұмыс орнына жіберілуге емтихан тапсырған және қауіпсіздік техникасынан нұсқау алған кісілер жіберіледі.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқаулар мен қағидалар қондырғыларда болуы тиіс, оларды білуді және сақтауды қадағалап отыру қажет. Сонымен қатар бақылау құралдарының жұмыс күйінде болуын жүйелі түрде тексеріп отыруы қажет.
6.6 Өрт қауіпсіздігі және жарылыс
Өндіріс кәсіпорындарын жобалау шарттарына ҚНжЕ сәйкес ЭЛТС-АҚ қондырғысы өрт қауіптілігі бойынша «А» (бірінші) категориясына жатады. Өндіріс кәсіпорындарының қосалқы ғимараттарын жобалау мөлшері ҚНжЕ бойынша секция өндірістік процестің ІІІб тобына жатқызылады. ЭЛТС-АҚ процесі КН ж Е бойынша жарылыс қаупі жоғары қондырғылардың бірі.Қондырғының жарылыс қауіптілігін анықтайтын өнімдерге көмірсутекті газ, бензин, керосин, дизель фракцияларының булары жатады.Олар оттегімен қосылып, ұшқын немесе от болған кезде жарылысты қоспа түзеді. Жоғары қысым және температураларда жұмыс істейтін және газ бен бу тәріздес күйдегі өнімдердің үлкен мөлшері жиналатын аппараттардың болуы аймақтың газдануына әкеліп соғады. Процесс қызмет етуші кісілердің денсаулығына зиян болып табылады.
Неғұрлым қауіпті орындар:
- газ компрессорлары;
- реактор-регенератор блогы;
- пеш блогы;
- ашық тұрған сораптар;
- құдықтар;
- зертханалық талдауларға сынама алу орындары.
Жобаланушы ЭЛТС-АҚ қондырғысындағы өрт қауіпсіздігінің жалпы іс-шаралары мыналар болып табылады:
- қауіпті технологиялық қондырғылардың оқшау орналасуы;
- құрал-жабдықтардың,аппараттардың бірігу орындарының гермети-калылығы және технологиялық режимді қатаң сақтау.
Қондырғыда төмендегідей өрт сөндіру құралдары бар:
- өртке қарсы су құбырлары жүйесі;
- өртке қарсы құралдары,киіз,құм;
- көбіктік өрт сөндіргіштер, ОП,ОУБ-7 көмірқышқылды өрт сөндіргіштер;
- әрбір аппаратты өрт жағдайында оқшаулағыш бу жапқышы (завеса).
Өрт қауіпті бөлмелерден шығар жерде өрт хабарлағыштар орналасады. Қондырғыда сыртқы өрт сөндіру кәсіпорынның өртке қарап су құбыры желісіне орналасқан өрт гидранттарымен іске асырылады.
6.7 Өндірістік шу мен діріл
Шудың ұзақ уақытты әсер етуінен орталық нерв жүйесімен есту анализаторы зақымданып, эндогендік жүйенің қызыметіне өзгерістер туғызады.ҚР СНжЕ.
Шуға қарсы шаралар:
- шулы технологиялық процестерді шусыз процестерге айырбастау;
- машинаның металды бөлшектері шусыз қозғалатын бөлшектермен алмастыру, мысалы пластмассалармен;
- машиналарды уақытымен жөндеп, майлап тәртіпке келтіру;
- аэродинамикалық шуға қарсы тұншықтырғыштар қолданылады. Діріл деп-механикалық тұрғыдан құрал-жабдықтардың тербелістік дірілдік қозғалыста адам денсаулығына зиянды әсер етуін айтамыз [28].
Дірілге қарсы шаралар:
- агрегаттардың, жабдықтардың жобаланған цехтың іргетасына жақын қойылуы.
- конструктордың тығыз қатты қосындылары бар жерге прокладкаларқою.
- машинанлар мен оның орнатылған базасының арасына арматизациялық сүйеніштер қою керек.
