- •Әдеби шолу
- •1.1 Мұнайды алғашқы өңдеу
- •1.1.1Дистилляция
- •1.1.2Ректификация процесі
- •1.1.3Жанасу қондырғылары
- •1.2Алғашқы айдау өнімдері
- •1.3 Алғашқы айдау қондырғыларын кластарға бөлу
- •1.3.1Вакуумды құбырлы қондырғылар
- •1.3.2Насадкалы колонналардағы мазуттың вакуумды (терең вакуумды) айдалуы
- •1.3.3Вакуумды колоннаның конденсациялы-вакуум түзілу жүйесі
- •2Технологиялық бөлім
- •2.1 Құрылыс орнын таңдау
- •2.3 Шикізаттың, дайын өнімнің және көмекші материалдардың сипаттамасы
- •2.4 Қондырғының технологиялық сызбанұсқасы
- •2.5 Негізгі және көмекші аппараттарды таңдау
- •2.6 Технологиялық есеп
- •2.6.1 Жобаланған проектініңматериалдық балансы
- •2.6.2Жылулық балансы
- •2.6.3 Колоннаның негізгі өлшемдерін есептеу
- •2.6.3.1 Колоннаның диаметрін анықтау
- •2.6.3.2 Колонна биіктігін анықтау
- •2.7 Механикалық есептеу
- •2.7.1 Колонна конструкциясы және эксплуатация шарттары
- •2.7.2Берiктiкке және есептi қысымға аппарат корпусының орнықтылығына есеп
- •2.7.3Түптің есебі
- •2.7.4Аппаратың салмақтық характеристикасын есептеу
- •2.7.5Жел жүктемесіне есеп
- •2.7.6 Аппарат корпусының беріктілікке тексеру
- •2.7.7Аппарат корпусының тұрақтылығын есептеу
- •2.7.8Тірек есебі
- •3 Бақылау - өлшеу аспаптары және процесті автоматтандыру
- •3.1 Температураны өлшеу құрауыштары
- •3.2 Өздігінен жазғыштарды өлшеу құрауыштары
- •3.3 Қысымды өлшеу құрауыштары
- •3.4 Шығын өлшеу құрауыштары
- •3.5 Деңгейді өлшеу құрауыштары
- •4 Өндірістің бас жоспары
- •Қорытынды
1.2Алғашқы айдау өнімдері
Мұнайды атмосфералық қысымда алғашқы айдау нәтижесінде мынадай өнімдер алынады:
Негізінен пропан мен бутаннан тұратын сұйытылған көмірсутекті газ (тұрақтандырушы басты фракция). өнім мөлшері мұнайдың кен орнындағы қондырғыларда қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнімді күкіртті қосылыстардан тазартылған соң, шаруашылықта отын, газдарды бөлу қондырғыларына, шикі зат есебінде пайдалануға болады.
Бензин фракциясы. 30-1800С аралығында айдалады. Каталитикалық риформинг қондырғыларында шикі зат есебінде қолданады, кейбір кездерде автобензин компоненті есебінде де пайдаланылады.
Керосин фракциясы. 120-3150С аралығында айдалады. Ауареактивті қозғалтқыштарда, жарық алуда, тракторлардың карбюратор қозғалтқыштарында отын есебінде пайдаланылады. Гидротазалау, сілтімен әрекеттеу немесе меркаптансыздандыру қондырғыларында күкіртті қосылыстардан бөлу және пайдалану сапасын жақсарту мақсатында қосымша әрекеттеуден өтеді.
Дизел фракциясы. 180-3500С аралығында айдалады. Бұрын дизел фракциясын атмосфералық газойл, соляр майы деп атап келді. Бұл фракцияны автомобилдерде, тракторларда, тепловоздарда, теңіз және өзен кемелерінде орналасқан дизел қозғалтқыштардың отыны есебінде пайдаланылады. Қажет болған жағдайда, оны гидрогенизациялық әдіспен күкірттен тазалайды.
Мазут. Бұл мұнайды атмосфералық айдаудың қалдығы. Қазан отыны есебінде пайдаланады, кейбір кездерде термиялық крекинг қондырғысының шикі заты бола алады.
Мазутта вакуумда айдаудан алынатын өнімдер ассортименті, мұнайды өңдеу вариантына байланысты. Мазутты өңдеудің екі жүйесі бар: май және отын алу.
Май алу жүйесінде мазутты өңдеуден 2-3 дистиллятты фракциялар алады, оның әрқайсысын одан әрі тазалаудан өткізеді; тазаланған өнімдерді әртүрлі қатынастарда араластырып, базалық майлардың қажетті сорттардан дайындайды.
Отын алу жүйесі бойынша, әдетте бір фракцияны, 350-5000С аралығында қайнайтұғын бөледі, оны каталитикалық крекинг немесе гидрокрекинг процестерінде шикі зат есебінде пайдаланады. Бұл фракцияны кейбір кезде вакуум газойлі деп те атайды.
Гудрон-мазутты вакуумда айдаудан қалған қалдық; термиялық крекинг, висбрекинг, кокстеу, битум және майлар өндіру қондырғыларында пайдаланады [3].
1.3 Алғашқы айдау қондырғыларын кластарға бөлу
Құбырлы қондырғылардың ректификациялау колонналарындағы қысымға байланысты, олар атмосфералы (АҚ), вакуумды (ВҚ) және атмосфералы-вакуумды (АВҚ) болып бөлінеді. Булану дәрежесінің санына қарап, құбырлы қондырғыларды бір, екі, үш және төрт рет буланушы дер бөледі. Бір рет буландырумен айдау қондырғыларында мұнайдан бір ректификациялаушы коллонада атмосфералық қысымда барлық дистилляттарды – бензиннен бастап тұтқыр цилиндр майына дейін алады.
Екі рет буландыру қондырғыларында гудронға дейін айдауды екі сатыда жүргізеді: әуелі мұнайды атмосфералы қысымда мазутқа, одан кейін оны вакуумда гудронға дейін айдайды. Бұл процестерді екі ректификациялаушы коллоналарда іске асырады; оның біріншісінде атмосфералық қысым, екіншісінде – вакуум ұсталынады. Мұнайларды мазутқа дейін буландыруда атмосфералық қысымда екі ректификациялаушы коллоналарда жүргізуге болады: біріншісінде ол бензинді ғана алады және бензинсізденген мұнай айдаудың қалдығы болады; екінші коллонада бензинсізденген мұнай жоғарылау температурада мазутқа дейін айдалады. Мұндай екі коллоналы қондырғылар атмосфералық құбырлы (АҚ) тобына жатады [2].
Үш рет буландыру қондырғыларында мұнайды айдауды үш коллоналарда жүргізеді: екі атмосфералық және бір вакуум коллонасында. Мұнайды үш рет буландыру қондырғысының басқа түрі болып бір атмосфералық және екі вакуумды коллоналардан тұратын АВҚ саналады. Екінші вакуум коллонасы гудронды буландыра түсуге арналған, онда негізгі вакуум коллонасына қарағанда, тереңдеу вакуум ұсынылады.
Төрт рет буландыру қондырғысы, АВҚ – ның бастапқы бөлігінде бензинсіздендіруші атмосфералық коллонасынан және соңғы бөлігінде гудрон үшін буландыра түсетін вакуум коллонасынан тұрады.
Қазіргі кезде мұнайды алғашқы айдауды атмосфералық қысымда істейтұғын құбырлы қондырғыларда (АҚ) жүргізіп, одан мөлдір өнімдер – бензин, керосин, дизел (газоил) фракцияларын алады. Мұнай айдаудың қалдығын (өнімнің бастапқы қайнау температурасы 300-3600 С) мазут дейді. Егер мазутта қазан отынын көп алу қажет болған жағдайда, онда айдаушы атмосфералық қысымда жүргізумен шектейді. Мұнай шикі заты жеткіліксіз жағдайда, мұнай өңдеу бағыты тиімсіз болып саналады.
Мөлдір мұнай өнімдерінің мөлшерін, оның мұнайдың бастапқы құрамындағыдан көп өндіру үшін, мазутты әртүрлі термиялық және каталитикалық процестерді қолданып, те,рең химиялық өңдеуге салады. Мазутты терең өңдеудің көп қолданып жүрген жүйесі бойынша, оны дистиллятты фракцияларға және бастапқы қайнау температурасы 490-5200 С жоғары тұтқырлы қалдыққа – гудронға алдын ала бөлу көзделеді. Мұндай бөлуді вакуумды құбырлы қондырғыларда (ВҚ), 5-8 кПа қалдық қысымда жүргізеді. Алынған дистиллятты фракциялар және гудрон дара ағым күйінде одан арғы өңдеу жіберіледі.
Гудронға дейінгі айдауды, егер мазутта атмосфералық және мазутты вауумдық айдауды бір құрастырма қондырғыда атмосфера-вакуумды құбырлы (АВҚ) қондырғыларда жүргізеді.
Көпшілік зауыттарда мұнайды атмосфералық және мазутты вакуумдық айдауды бір құрастырма қондырғыда атмосфера-вакуумды (АВҚ) қондырғыларда жүргізеді [2,3].
