Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ctn_eptaaa_tipojauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60 Кб
Скачать
☆

10 Цифрлық компараторлар.

Цифрлық компараторлар екілік кодада берілген сандарды екі санды салыстыру жұмысын атқарады. Компаратор кірістерінің саны салыстырылатын a және b сандарының екілік кодаларының разрядтылығымен анықталады.

Цифрлық компаратордың үш шығысы бар, оларда келесідей сигналдар қалыптасады: – егер екі a және b сандарының кодалары өзара тең болса (a = b); – a санының кодасы b санының кодасынан үлкен болса (a > b); –егер a < b.

17. Шифраторлар.

Шифратор деп сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне түрлендіретін комбинациялық құрылығыны айтамыз. Шифратор кірісіне тізбекті түрде ондық сандар мәндері меншіктеледі. Шифратор кірістерінің біріне активті логикалық сигнал берген кезде, оның шығысында белсенділенген кіріске (яғни ондық санға) сәйкес екілік кода қалыптасады. 2n кірісі және n шығысы бар шифратор толық шифратор деп аталады. Егер кіріс саны 2n-ден кем болса, ол толық емес шифратор деп аталады.

0÷9 сандары арасындағы ондық сандарды екілік санау жүйесіне түрлендіруге арналған шифраторға мысал келтірейік.

Шифратор жұмысы келесі логикалық теңдеулермен баяндалады:

y0 = x1 + x3 + x5 + x7 + x9,

y1 = x2 + x3 + x6 + x7,

y2 = x4 + x5 + x6 + x7, (4.1)

y3 = x8 + x9,

  • Дешифратор.

Дешифратор – бұл көп шығысты комбинациялық логикалық схема (КЛС), мұнда айнымалылардың кірістегі әрбір комбинациясына шығыстардың тек біреуіндегі бірлік сигнал сәйкес келеді.

Екілік дешифратор екілік кодты «k-дан 1» кодына түрлендіреді.

ЭЕМ-де дешифратор арналық коммутация үшін, такті нөмірін, жады ұяшығының адресін дешифрлау үшін қолданылады.

n кірісі және k шығысы бар.

19. Жады түрлері (ROM, PROM, EPROM, EEPROM)

Программаланатын, репрограммаланатын тұрақты есте сақтау құрылғылары (ROM, PROM, EPROM, EEPROM) ROM типті жадта (Read Only Memory) немесе ПЗУ (постоянно запоминающиеустроиство), мәліметтерді сақтауға ғана болады, оны өзгерте алмайсыз. Мәліметтерді оқуда осындай жад қолданылады.Кейде ROM энергия қажет етпейтін жад деп те аталынады, себебі онда жазылған кез келген мәлімет тоқ көзінен ажыратылған кезде сақталады. ROM түрлі ЖҚ-лар бағдарлану тәсіліне байланысты бірнеше түрде шығарылады:ROM(M)- түріндегі құрылымдар жинам технологиясымен өндірісте шығарылу кезінде арнайы маскалар арқылы бағдарланады да;одан кейін ондағы информация ешқашан өзгермейді.PROM(Programmable ROM)-түріндегі құрылымдарды пайдаланушының өзі бағдарлайды(яғни,оған қажетті информацияны енгізеді)одан кейін бұл құрылым ROM(М) сияқты тұрақты жады ретінде пайдаланылады

20. Сумматорлар

Сумматор деп – екілік код түрінде берілген сандардың арифметикалық операцияларын орындауға арналған комбинациялық–логикалық құрылғы.  Сумматорлар арифметикалық – логикалық құрылғылардың негізгі түйіні болып табылады. Сумматор термині кең көлемді құрылғыларды қамтиды, қарапайым логикалық схемалардан бастап, күрделі цифрлық түйіндерге дейін. Осы барлық құрылғыларға ортақ болып табылатын қызметі – берілген сандардың арифметикалық қосындысын табуы. 

43 Мультиплексор.

Мультиплексор деп ақпаратты бірнеше кіріс каналынан бір шығысқа тасымалдауды басқаратын құрылғы. Мультиплексорда ақпараттық кірспен қоса, адрестік (басқарушы) кіріс және мультиплекор жұмысына рұқсат беруші стробтаушы кіріс бар. Адрестік кірістегі сигналдар дәл қазір ақпараттық кірістердің қайсысышығыспен қосылғанын анықтайды. Әдетте m ақпараттық кірістермен n адрестік кірістер арасында m = 2n қатынасы орнаған.

1 стробтаушы, 2 адрестік және 4 ақпараттық кірістері мультиплексор жұмысын логикалық теңдеумен баяндауға болады:

Демультиплексор бір ақпараттық кірістен келгкен ақпаратты адрестік кірістердегі сигналға байланысты бірнеше шығыстардың біреуіне тасымалдауды басқаруға арналған комбинациялық логикалық құрылғы.

Сонымен, демультиплексор мультиплексорға қарама қайшы функцияны атқарады және жалпы жағдайда бір ақпараттық кірісі, n адрестік кірісі және m ақпараттық кірісі болады. Әдетте, бұл жағдайда да (мультиплексордағыдай) m = 2n қатынас орнаса, демультиплексор толық деп аталады, ал егер m<2n болса толық емес деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]