- •6.Жартылай өткізгішті есте сақтау құрылғылары
- •9.Кодтарды түрлендіргіштер.Индикаторлар
- •29 Аналогты-цифрлық түрлендіргіштер.
- •20 Қосындылағыштар.
- •16 Санағыштар.
- •11 Регистрлер.
- •5 Триггерлер.
- •10 Цифрлық компараторлар.
- •17. Шифраторлар.
- •31)Есептеу жүйесінің құрамы.
- •32 Бульдік функцияларды беру тәсілдері.
- •42)Эем-нің функционалдық түйіндері.
- •54 Компьютерлік желілерге түсінік, оны қорғау әдістері
31)Есептеу жүйесінің құрамы.
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады. Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
32 Бульдік функцияларды беру тәсілдері.
1. Логикалық функциялар.
Сандық құрылғыларды жобалаудың негізгі мақсаты оның логикалық функциясын(ЛФ) және оған сәйкес сұлбалық жүзеге асырылуды алу. ЛФ әр түрлі формада болуы мүмкін:
1) ауызша
2) гpaфикалық
3) кестелік
4) aлгeбpалық
5) алгоритмдік тілде (мысалы VHDL, AHDL, Verilog, ...) және
6) сұлбалық
Барлық сандық құрылғылар логикалық микросхемалардан құралады, олардың әрқайсысыміндетті түрде келесі тұжырымдамаларға ие:
•Қоректену тұжырымы: ортақ (немесе «жер») және қоректену кернеуі( көп жағдайда +5В немесе +3,3В), әдетте сұлбаларда көбінде көрінбейді;
• Кіріс сигналдары үшін тұжырымдамалар, оларға ішкі сандық сигналдар келіп түседі;
• Шығыс сигналдары үшін тұжырымдамалар, оларға микросхеманың өзінен сандық сигналдар беріледі
Сандық микросхеманың кіріс және шығыстарының сипаттамалары мен параметрлері ең алдымен олардың ішкі құрылымының технологиясы мен сұлбатехникасымен анықталады. Бірақ сандық құрылғыларды дайындайтындарға кез келген микросхема ішін білу міндетті емес болып табылатын «қара жәшік» қана. Оған ең бастысы осы не басқа микросхема нақты қосқан кезде қалай болады, одан талап етілген фунцияны дұрыс орындайтындығын нақты көрсету керек.
Ең көп таралған екі сандық микросхема технологиясы:
•ТТЛ (ТТ1) және ТТЛШ (TTLS)- биополярлы транзисторлы-транзисторлық логика және Шоттки диодтары бар ТТЛ.
• КМОП (CMOS) —«металл-оксид жартылай өткізгіш» құрылымды комплементарлы транзисторлар.
42)Эем-нің функционалдық түйіндері.
Компьютер – өзіне берілген бұйрықтарды орындау арқылы есептерді шығара алатын машина. Қандай да бір есепті шешу үшін берілген бұйрықтардың тізбегі программа деп аталады. Аппараттық жабдықтардың көмегімен орындалатын бұйрықтардың тілін машиналық деп атайды. Бірақ программаларды машиналық тілде жазу қиын. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы адамға ыңғайлы жаңа бұйрықтарды ойлап табу. Жаңа тілдің бұйрықтары машинаға түсінікті болу үшін оларды машиналық тілге ауыстыру жолдарын қарастыру қажет. Оны шешу үшін екі технология белгілі: оның бірі трансляция деп аталатын алғашқы программаның орнына машина тілінде жазылған жаңа программаны орындау. Екіншісі алғашқы тілде жазылған бұйрықтарды енгізілетін берілгендер деп түсінетін және оларды кезекпен қарастыра отырып, машина тілінің эквивалентті бұйрықтарын орындайтын машина тілінде жазылған программа. Бұл технология жаңа программаны құрастыруды қажет етпейді және интерпретация, ал оны орындайтын программа интерпретатор деп аталады.
36) Бульдік функцияларды аналитикалық көрсету, Бульдік функцияларды ықшамдау. ЛАФ аналитикалық жолмен көрсету. Кез келген логикалық алгебра функциясын базис құратын кейбір элементар функциялардың супер - позициясы арқылы көрсетуге болады. Бұл жерде ЛАФ минималь логикалық өрнек түрінде болуы мүмкін. ЛАФ аналитикалық жолмен өрнектеуге мүмкіндік беретін ең көп таралған дизьюнкция, коньюнкция, логикалық терістеу сияқты элементар функциялардан тұратын базис болып табылады. Квайн -Мак -Класки әдісі. Жетілген қалыпты формалардан (ЖҚДФ және ЖҚКФ) тікелей минималь қалыпты формаларды (МҚДФ және МҚМФ) жапсыру және сіңіру ережелерін қайта -қайта қолдану арқылы алуға болады
44. Демультиплексор
Демультиплексор — сигналдың бір адрестік кірістен бірнеше шығысқа берілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Демультиплексорды DMX немесе DMS деп белгілейді.
Егер шығыстарының саны адрестік кірісінің санымен тең болса n=2 екілік демультиплексор немесе n=3 үштік демультиплексор, онда оны толық демультиплексор деп атайды. Егер n<2 немесе n<3болса, онда демультиплексор толық емес деп атайды. Кіріс сигналын күшейту үшін демультиплексор кірісінің алдына инвертор қойылады.
49.Жедел жады - компьютерлік есептеулерге арналған мәліметтерді белгілі бір уақытқа дейін сақтайтын құрылғы. Мәліметтер 0,1 түрінде жедел жадыға жазылады. Процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып, оларды өндейді. Жедел жадыда тек белгілі бір уақытта болып жатқан компьютерлік процестерге қатысты мәліметтер ғана сақталып тұрады, компьютер сөнген жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жоғалады. Мысалы, сіз бір компьютерлік ойын ойнап отырсыз деп ойлайық, сол ойынға қатысты мәліметтер (ойынның ішіндегі графикалық суреттер, функциялар, командалар) жедел жадыға жүктеліп, процессорға жіберіледі, процессор оны өңдеп, сонан соң мәлімет монитордың бетіне графикалық мәлімет түрінде жіберіліп отырады. Ал егер кенеттен компьютер сөніп қалған жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жойылады, сол себепті сіз ойынды басынан қосуыңызға тура келеді. Сонан соң процесс қайта басталады, жедел жады қатты дисктен мәліметтерді алады, ал процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып өңдейді. Жедел жады мәліметтерді уақытша сақтау орыны болып табылады. Жедел жадысына мәліметтер жазылатын кезде, жедел жады сегметтерге бөлінеді. Жедел жады, жады сегментациясы арқылы мәліметтерді тиімді орналастырып, сақтайды.
47. ЕСҚ иерархиялыққұрылымы.
ЭЕМ жады деп екілік кодпен берілген ақпаратты сақтауға, беруге арналған құрылғылар жиынтығын айтамыз. Осы жиынтыққа кіретін жеке құрылғылар қандайда бір типті есте сақтау құрылғысы деп аталады.
Есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ) ақпаратты сақтауға арналған, яғни программалар мен мәліметтерді.
ЕСҚ мыналарға бөлінеді:
- өте жедел;
- жедел;
- сыртқы.
Өте жедел жады процессордың элементтік базасында орындалады, процессор құрылымына кіреді және оның өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
50 Статикалық жады: динамикалық жады
Синхронды және асинхронды жады
Статикалық жад (Статическая память; static random access memory, SRAM) — ақпаратгы (қоректендіру кернеуі болып тұрса) ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндігі бар жад. Статикалық жад ұяшықтары триперлер негізінде жүзеге асырылады. Динамикалық жадқа қарағанда бұл ұяшықтар күрделі және кристалла көбірек орын алады. Бірақ оларды басқару жеңіл және қайта-қайта жаңартудың қажетгігі жоқ. SRAM жадына қатынас құру уақыты 15-25 не (ал DRAM жадына 60-100 не). Егер де SRAM жады жедел жад ретінде пайдаланылса, онда есептеу машиналарының шапшаңдығы жоғары болады және оның құны да өзгереді. Себебі, SRAM бағасы DRAM микросхемасынан әлдекайда қымбат. Сондықтан SRAM элементгері тек арнайы міндетгер орыңдау үшін (бүркеме-жад, BIOS параметрлерінің жады және т.б.) қолданылады. Сақталатын мәліметтер жоғалмау үшін микросхема аккумулятордан қоректеніп түруы керек.
ДИНАМИКАЛЫҚ ЖАД (Дина-мическая память; dynamic Random Access Memory, DRAM) — бұл жадтың сақтау ұяшықтары жартылай өткізгіштік микро¬схема элементт.ерінен құрастырылған конденсаторлар ретінде жасалған. Логикалық «1(> — қонденсатордың зарядталған, ал «0(> — зарядталмаган қалып-күйіне сой¬кес келеді. Тексергіш схема оқу операциясын орындаған кезде бүл конденсаторды өзінің үсті арқылы разряд жасайды: егер конденсатор зарядталған болса, онда тексеру схемасының шығысында «1)( мәні көрсетіледі. Уақыт өткен сайын (егер ұяшыққа қатынас құру болмаса), конденсатор разрядталады да, ондағы ақпарат жойылады. Сондықтан бұндай жад конденсаторларды түрақты зарядтап түруды қажет етеді. Динамикалық жадтардың түрлері: MDRAM, FPM, VRAM, EDO, BEDO, SpRAM, SGRAM, WRAM, RDRAM жөне т.б.
Синхронды жады - компьютерлер мен ЖЖҚ-ақ басқа да сандық құрылғылар пайдаланылатын сақтау құрылғысы түрі.
